Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11 сынып ответы билеттер.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
138.75 Кб
Скачать
  1. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

  • Қазақ халқының әріден қандай дәстүрі, ғұрпы, салты бар?

  • Қазақтың салт-дәстүрлеріне: Шілдехана , Қырқынан шығару , Бесікке салу , Тұсау кесу т.б. жатады.

  • Шілдехана деген не?

  • Шілдехана- жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастархан жайылып , жастар домбыра тартып, ән салып, ұлттық ойындар ойналады.

  • Қырқынан шығаруда не істейді?

  • Қырқынан шығару- нәрестенің туған күніне қырық күн толған соң, ыдысқа қырық бір қасық су құйып, соған шомылдырады. Сәбидің қарын шашын, тырнағын алады.

  • Бесікке салу деген не?

  • Бесікке салу- сәбидің алтын ұясы. Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Мерекелік дастархан жайылып, бесікке салған адамға кәде беріледі.

  • Тұсау кесу қандай салт?

  • Тұсау кесу- сәби қаз тұра бастағанда, ала жіппен екі аяғын тұсап, тұсауын кеседі. Баланың қолынан ұстап, тез-тез жүгіртеді. Оған қуанысып, шашу шашылып, дастархан жасалады.

  1. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды жазыңыз.

Сабақта ақша туралы әңгіме болды. Мұрат сабақтан кейін киноға кетті. Кітапханаға дейін жүз метр болады. Кешке қарай мен анаммен бірге дүкенге барамын.

17-билет

  1. «Қарағанды мемлекеттік университеті» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

  2. «Менің қаламның ескерткіштері» тақырыбына диолог құрастырыңыз.

  3. Берілген сөйлемнің түрлерін айтылу мақсатына қарай анықтаңыз.

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.(хабарлы сөйлем) Көгілдір туымыз желбірей берсін! (бұйрықты сөйлем) Сен мемлекеттік рәміздер туралы білесің бе?(сұраулы сөйлем)

18-билет

  1. «Болашақ» бағдарламасы» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

«Болашақ» бағдарламасы Мемлекет басшысының жеке бастамасымен 1993 жылы құрылды. Содан бері бағдарламаға айтарлықтай өзгерістер енгізіліп, стипендиялар саны үш мыңға дейін өсті. «Болашақ» бағдарламасының аумағы да кеңейді. Қазастан стипендиаттары әлемнің 32 елінде білім алу мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде, іске асырылған 15 жылдың ішінде бағдарлама жоғары білімді кадрларды қалыптастыруға айрықша үлес қосты.

  1. «Астанаға саяхат» тақырыбына диолог құрастырыңыз.

  • Астана қандай қала?

  • Астана — Қазақстан Республикасының елордасы.

  • Қаланың байырғы атаулары қалай?

  • Қаланың байырғы атаулары – Ақмола, Целиноград.

  • Мұнда қанша халық тұрады?

  • Астанада 700 мың адам тұрады.

  • Қаланың аумағы қанша?

  • Қазір қаланың аумағы 200 шаршы километр.

  • Астанада қандай өзен бар?

  • Астана қаласындағы маңызды сулы артериясы Есіл өзені.

  • Астана символы не?

  • Астана символы – Бәйтерек.

  • Қаланың туған күнін қашан тойлайды?

  • Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі.

  1. Оқшау сөздердің түрлерін ажыратыңыз.

Ой-бу, балам-ай, сабақтан шаршап келіпсің ғой. Меніңше, бүгін күн ыстық болады.(қыстырма сөз) Әттеген-ай, автобус жүріп кетіпті.(одағай сөз) Кел, балалар, оқылық! (қаратпа сөз)

19-билет

  1. «Театр» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

1926-1930 жылдары Алматыда, Ақмолада, Семейде, Петропавлда, Оралда, Қостанайда, басқа да қалаларда халық театрлары ұйымдаса бастады. 1926 жылы қазақтың тұңғыш ұлттық театры ашылды. Театрды дарынды режиссер және артист Жұмат Шанин басқарды.

1933 жылы Алматыда тұңғыш ұйғыр музыкалық драма театры, 1937 жылы Қызылордада корей театры ашылды.

  1. «22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні» тақырыбына диолог құрастырыңыз.

  • 22 қыркүйек қандай мереке?

  • 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының Тілдері күні.

  • Тілдер күні мерекесі мектепте қалай өтеді?

  • Әрбір сынып қабырға газеттерін шығарып, концерттер дайындап, көрмелер ұйымдастырады.

  • Неге Қазақстанды көпұлтты деп атайды?

  • Қазақстан – қазақ халқының және осында тұратын басқа да халықтардың Отаны.

  • Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?

  • Қазақстанда қазақ, өзбек, орыс, неміс, ұйғыр, кәріс, татар, украин, шешен, т.б. көптеген ұлт өкілдері тұрады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]