Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
124.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
267.33 Кб
Скачать

Мазмұны

Тапсырма мәліметтері.

Кіріспе

1. Технологиялық карталардың қолдану аясы

1.2 Технологиялық картаның құрамы

2.1 Жер жұмыстарының көлемін есептеу

      1. Құрылыс алаңын тік жоспарлау кезіндегі жұмыс көлемін анықтау.

      2. Құрылыс алаңын тік жоспарлау кезіндегі қосымша жұмыс көлемін есептеу.

      3. Алаңдағы топырақты көшірудің орташа қашықтығын есептеу.

      4. Қазаншұңқыр өңдеу кезіндегі жер жұмыстарының көлемін есептеу.

      5. Қазаншұңқыр өңдеу кезіндегі қосымша жұмыстарды есептеу.

2.Жер жұмыстарын өңдеугемеханизмдер жинағын таңдау

2.2.1 Тік жоспарлау кезіндегі жер өңдеуге машина жинағын таңдау

2.2.2 Қазаншұңқыр өңдеуге машина жинағын таңдау.

2.3. Жер жұмыстарының технологиялық схемалары.

2.3.1 Топырақты жерді қазып – тасымалдaу машиналарымен өңдеу.

2.3.2 Топырақты қопсыту және нығыздау.

2.3.3 Жерді қазып – тасымалдау машиналарының қолдану өнімділігін анықтау.

2.3.4 Қазаншұңқыр өңдеу схемасын және экскаватордың қазымын жоспарлау.

2.3.5

2.3.6 Экскаватордың пайдалы өнімділігін есептеу.

2.4 Еңбек шығындарының калькуляциясы және жұмыс өндірісінің кестесі.

2.5 Жұмыс өндірісінің реті мен тәсілдері.

2.6 Сапаны бақылау.

2.7 Қауіпсіздік техникасы.

3. Техникалық-экономикалық көрсеткіштер

4. Материалды – техникалық қорлар

5. Қолданған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Кез-келеген ғимаратты немесе үймеретті тұрғызу кезінде, сондай-ақ, алаңды жобалау мен жайландыруда топырақты өңдеуді жүзеге асырады. Топырақты өңдеу келесі негізгі үрдістерден тұрады: топырақты алу, оны тасымаладу, төсеу және нығыздау. Бұл үрдістер қатарының тікелей орындалып, іске асырылуы алдында дайындық немесе қосалқы жұмыстар жүргізіледі. Дайындық жұмыстары топырақ өңдеуді бастамас бұрын, ал қосалқы жұмыстар қатары жер үймереттерін тұрғызу алдында немесе оның құрылысының жүргізілу барысында жүзеге асырылады. Үрдістердің бұл тұтас кешені жер жұмыстарыдеп аталады.

Жер жұмыстары құрылыстағы ең ауыр және еңбекті көп қажет ететін жұмыстар қатарына жатады. Жер жұмыстарын механизацияланған тәсілмен түрлі жер қазғыш және жер қазғыш-көліктік машиналардың, гидромеханикалық құрылғылардың, сондай-ақ жарылыс тәсілінің көмегімен орындайды. Жалпы жұмыс көлемінің 15 % - алатын дайындық және қосалқы жұмыстар (ойма түбін тазалау, құламаларды жобалау және т.б.) әлі жеткілікті дәрежеде механизацияланбаған, сондықтан қолмен атқарылуларына тура келеді.

Жер жұмыстарының өндірісі кезінде барлық дайындық, қосалқы және негізгі үрдістер әрқайсысы белгілі бір операцияны (топырақты өңдеу, тасымалдау, тегістеу мен нығыздау, ойма түбін тазалау, құламаларды жобалау) орындауға арналған арнайы машиналар кешенімен орындалады. Нақты өндірісітік жағдайлар үшін машиналар тәсілі мен кешенін таңдау техникалық-экономикалық сараптама мен түрлі нұсқалардың негізінде жасалады.

  1. Технологиялық картаны дайындау

1.2 Жалпы мәліметтер

Жұмыс өндірісінің жобасына кіретін технологиялық карталар әдетте жұмыстың күрделі түрлеріне және жаңа әдістермен орындалатын жұмыстарға әзірленеді, Осы карталардың негізгі мақсаты - құрылысшылар мен жобалаушыларға технологиялық құжаттама зерттемесіне көмек көрсетуге арналған.

Технологиялық карталарға сүйеніп құрылыс процесстерінің тізбектілігін тағайындайды, апталық-тәуліктік кесте және жұмыс өндірісінің наряды жасалынады.. Оларды құрылыс-монтаждық жұмыстарды орындау кезінде, сонымен қатар күнтізбелік жоспарларда және жұмыст өндірісі жобасының желілік кестелерінде объекттер құрылысының ұзақтығын негіздеген кезде пайдаланады.Технологиялық карталарды, сонымен қатар типтік карталарды қолдану өндіріс ұйымдастырылуының жақсаруына, еңбек өнімділігінің артуына және оның ғылыми ұйымдастыралуына, өзіндік құнның азаюына, сапаның жақсаруына және құрылыс ұзақтығының төмендеуіне, жұмыстың қауіпсіз жасалуына, жұмыс ырғақтылығының ұйымдастырылуына, еңбек ресурстарының және машиналарды орынды жұмсалуына жағдай жасайды.

Tехнологиялық карталар(ТК) құрылыс-монтаждық жұмыстарды және арнайы құрылыс процестерінің өнімі; ғимараттың немесе құрылымның аяқталған конструктивті элементтері, технологиялық жабдықтар, құбырлар және олардың түйіндері және жұмастың кейбір жеке түрлерін (жер, жабындық, бояу, антикоррозиялық, жылуөткізбеушілік және т.б) жасау үшін өңделеді. Кейбір жағдайларда технологиялық карталар кешенді құрылыс-монтаждық жұмыстар үшін (100м құбыр, коллектор, 1 км электрокабельді төсеу және т,б) өңделеді.

Технологиялық карталарды өңдеп, оларды алдын ала жасалған (типтік) шынайы құрылыс жағдайларының - қабылданған жұмыс ұйымдастыру, нақты бар құрылыс машиналарының комплекті, механизмдер, аспаптар, сонымен қатар климаттық және т,б жағдайларды міндетті түрде ескеріп байланыстыру керек. Бұл ретте алғы техника мен құрылыс технологиясына назар аудару керек. Технологиялық карталарды бастапқы мәлімет және құжат ретінде өңдеуүшін; жұмыс сызбалары, құрылыс нормалары және ережелері (ҚНжЕ), нұсқаулар, стандарттар, зауыттық нұсқаулар және монтажға, жабдықтарды іске қосу және жөндеу үшін техникалық жағдайлар, құрал-жабдықтың төлқұжаты, құрылыс – монтаждық жұмыстарды бірыңғай нормалар мен бағалар, жұмысты және жұмыс процестерін ұйымдастыру карталары керек.

Типтік технологиялық карталар(ТТК) типтік және көп қайталанатын ғимараттар, құрылыс және олардың бөліктерін құрылысын ұйымдастыру және құрылыс технологиясының өндірісін еңбек өнімділігін көтеру, сапаны жақсарту және өзіндік құнды азайтуға мүмкіндік беретін тиімді шешімдермен қамтамасыздандыру мақсаттарында жасалынады. ТТК жаңа ғимараттардың құрылысына немесе реконструкция мен бар құрылыстарды кеңейту үшін жұмыс өндірісінің жобаларын жасайтын ұйымдарға арналған. ТТК-ды озық тәжірибені зерделеу негізінде, сапаның қажетті деңгейін қамтамасыз ететін технологиялық процестерді қолдану есебінде, конструкциялардың, бұйымдардың, жартылай дайындалған өнімдер мен материалдырдың комплексті жеткізілімі, жұмыс мөлшерінің максималды қолдану және құрылыс процестерін қиыстыру, конструкциялардың және технологиялық жабдықтарды іріленген блоктармен жеткізу, өндірістік санитария, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау есепке ала отырып типтік және қайтадан қолданылатын ғимараттар мен құрылымдардың жұмыс сызбалары бойынша жасалынады. ТТК-да қабылданған ұйымдастыру - технологиялық шешімдер жоғары технико - экономиялық көрсеткіштерді, құрылыс өндірісінің қолданыстағы талаптарға сай сапа мен жұмыстың орындалу қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]