Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
124.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
267.33 Кб
Скачать

1.2 Технологиялық картаның құрамы

Технологиялық карта келесі тараулардан тұрады:

1.Қолдану облысы - құрылыс үрдісінің құрамы мен мақсаты;

2.Материалды-техникалық қорлар және негізгі механизмдерді таңдау - материалдар, жартылай дайындалған өнімдер және жобаланған жұмыс көлеміне қажетті конструкциялар, механизмдер, құрал-жабдықтар, инвентарьлар қажеттілігі туралы мәлеметтер.;

3.Еңбектің және машина уақыты шығынының калькуляциясы - орындалатын операциялар, көлемдер, оларды орындауға қажетті еңбек шығынының тізімі.;

4. Сағат немесе ауысымды жұмыс өндіріінің кестесі - процесстердың уақыттағы өзара байланысы, жүйелілік.

5. Құрылыс процестерінің технологиясы мен ұйымдыстырылуы - бұл жерде алдыңғы жұмыстардың дайын болу талаптарын келтіреді, процесстердің технологиялық және ұйымдастырушылық тәуелділікті орнатады, жұмыс өндіру тәсілдерінің сипаттамасын келтіреді,

Сапалық талаптар. Операциядан кейінгі бақылау. Жұмыстарды қабылдау - бақылауға қолданылған аспаптар мен жабдықтар, бақылау жүргізуге қойылатын талаптар, жасалатын жер жұмыстар операциялық бақылаудың, міндетті шаралар.

7. Қауіпсіздік техникасы - құрылыс процесстерін қамтамасыз ететін іс-шаралар, сонымен қатар жер өңдеу машиналары мен механизмдердің қауіпсіз жұмыс істеуін ұйымдастыру.

8. Техникалық - экономикалық көрсеткіштер - бір өлшем бірлігінің еңбек шығыны, технологиялық карта бойынша жұмысты орындау ұзақтығы.

2.1. Жер жұмыстарының көлемін есептеу

Топыраққабаттары, м

ТСД, м

Учаске ауданы

Арақашықтық, км

айы

аудан

Өспелі қабат қалыңдығы

құмайт

саздақ

саз

құм

0,2

1

-

3

4

118

300×300

15

маусым

Астана

      1. Құрылыс алаңын тік жоспарлау кезіндегі жұмыс көлемін анықтау

Тік тегістеу табиғи жер бедеріне ие учаскеден көлденең сызықтардың көмегімен тегіс, жер беті суларын бұруға арналған еңісті алаң дайындау мақсатын көздейді. Бұл жағдайда топырақ жоғарғы бөліктерден алынып, төменгі бөліктерге үйіледі.

Алғашқы есептеу графоаналитикалық тәсілдің бір нұсқасын қолдану арқылы табиғи жер бедерін барынша мүмкіндігінше сақтаудың шартына қатысты жүргізіледі.

1:2000 масштабта жобада аумақтың жер бедері және учаскенің берілген аудан өлшемдері кескінделген жұмыстық сызбасы орындалады. Тірек торларын қалыптастыру үшін алаң әрбір жағы 100м болатын шаршыларға бөлінеді. Бұл орайда әрқайсысы үшін қара не табиғи, жобалық және жұмыстық белгілері табылатын шаршы төбелері алаңның тірек нүктелері ретінде қызмет атқарады.

Берілген бедердегі тірек нүктелерінің қара биіктік белгілері интерполяция әдісімен есептеледі. Шаршылардың әр төбесі арқылы ұзындығы болатын екі көршілес көлденең сызықты қосатын ең қысқа түзу жүргізіледі, шаршылар төбелернен қиылысу нүктелеріне дейінгі сантиметрмен алынғанжәнеара қашықтықтары өлшенеді. Қара белгілер келесідей анықталады:

немесе

Мұнда ,- шаршы төбелерінің екі жағындағы кіші және үлкен көршілес көлденең сызықтардың биіктік белгілері; L - көршілес көлденең сызықтар арсындағы қашықтық.

Қара белгі немесе табиғи белгі деп аталатын бұл белгілердің шамаларын есептеуді жоғарыда келтірілген екі формуланың біріне салып анықтауға болады. Аталмыш курстық жұмысымда мен нұсқалық жобамдағы шаршыларға бөлінген алаң төбелерінің табиғи немесе қара белгілерін осы формулалардың екіншісін, яғни, үлкен көлденең сызықтың шамасын қолдана отырып анықтадым:

Нөлдік белгіні анықтау.

Алаңның еңістіксіз түзуінің шартты белгісі –келесі формуламен есептеледі:

,

мұндағы - үлкен шаршы төбелері;

- екі шаршыға ортақ төбелер;

төрт шаршыға ортақ төбелер;

- шаршылар саны.

Жобалық белгілерді анықтау

Енді алаңға қажетті еңіс беру керек. Бұл үшін сызбада еңістік бағыты таңдалып белгіленеді. Оған перпендикуляр және жобамен алаңның ортасымен алаңның айналу осі сызылады. Тірек нүктелерінің жобалық белгілері осы оське қатысты есептеледі.

Сызбадағы шаршы төбелерінен айналу осіне дейінгі сантиметрмен алынған ең кіші қашықтықтары масштабқа сәйкес метрге айналдырылады. Алаңның тірек нүктелерінің жобалық белгілері келесі формуламен анықталады:

,

мұндағы таңбасы нүктенің айналу осіне қатысты орналасуына және еңістің бағытына тәуелі болады.

Жұмыстық белгілерді анықтау

Шаршы төбелерінің жұмыстық белгілерін келесі формуламен анқытаймыз:

.

Бұл тұста, егер шама оң таңбамен шықса, топырақ үйіледі (үйінді); теріс таңбамен шықса – кесіледі (ойынды).

Табиғи, жобалық және жұмыстық белгілердің табылған мәндері жұмыстық сызбада кескінделеді.

Сонымен қатар, алаңға құрылыс машиналарының кіріп-шығуын қамтамасыз ету үшін сызбада құлама коэффциенті =3 – 5 аралығында болатын құламалар қарастырылуы керек. Тірек нүктелерінде құламалар тұрғызу шамасын келесі формуламен анықтау керек:

.

Жер жұмыстарының көлемін жер ғимараттарын жобалағанда, құрылысты ұйымдастыру және жұмыс өндірісінің жобаларын жасағанда анықтайды.

Жер бедерінің күрделі пішіндері жер жұмыстарының көлемін дәл есептеуді қиындатады. Сондықтан топырақ беті жазықтардан құралған деген шартпен алынады.Сонымен жеке кедір-бұдырларды елемейді, себебі олар көлемнің анықталатын шамасына едәуір әсер тигізбейді. Мұның өзі есептегенде элеменртар геометрия формулаларын қолдануға мүмкіндңк береді. Ғимараттың пішіні күрделі болғанда оны бірқатар қарапайым геометриялық фигураларға бөлшектейді, сосын солардың көлемдерін жинақтайды.

Құламалар жұмыстық сызбада айқын көрінуі мақсатында шаршы

қабырғаларына қарағанда едәуір үлкен масштабта салынады. Шеткі құлама нүктелерін қосу арқылы құлама шекаралары алынады. Құламалар қосымша үйінділер мен ойындылар көлемін құрайды.

Бұдан соң жобадағы алынған фигураларды нөмірлеп, олардың түрін және көлемдерін есептейтін формулаларды анықтап, топырақ көлемін есептеу

ведомостісін толтыру қажет.

Сызбада құламалар өз алдына бөлек, фигуралар бөлек нөмірленеді. Құламаның шеткі шекараларын қосқан кезде шаршы қабырғаларының нөлдік жұмыстар сызығы өткен тұсында құлама коэффициенті нөлге тең екендігін ескеру керек.

Құлама коэффициенттерінің сызбада кескінделгенінен кейін алынған құламалар мен оларға қоса нөлдік жұмыстар сызығының екі жағында орналасқан фигуралардың көлемдері өздерінің түрлеріне тиісті формулаларына салынып, топырақ көлемдері анықталады. Ол фигуралардың тіктөртбұрыш, үшбұрышты не трапециялы призматоидтар болуларына орай әрқайсысынан алынатын, не оған үйілетін топырақ көлемі тиесілі формулаларға қойылады. Аталмыш формулалар мен тиісті есептелген топырақ көлемдері келесі ведомостіде кесте түрінде келтірілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]