Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_lab.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
152.04 Кб
Скачать

1 Зертханалық жұмыс

Аспаптардың және шеткері кұрылғылардың тісті берілістері.

Жұмыстың мақсаты: Аспаптарда және шетжақты (шеткері) кұрылғыларда қолданылған тісті беріліс жұмысымен танысу, олардың негізгі параметр есептеулерін практикалық дағдыда табу.

Теориялық мәліметтер

Тісті берілістер бұл - ең көп тараған түзілім,жетек құрал жабдығы, автоматтандырылған жүйе және ӘЕМ ішкі құрылғысы.

Бұл механизмдер басты буынның (звеноның) айналмалы қозғалысын тудыруға арналған, мысалы козғалтқыш білігі, айналмалы немесе ілгерілемелі қозғалыс буынына өте қажет.

Тісті біліктер келесі жетістіктерге ие болады: салыстырмалы габариті аз болады; баска берілістерге қарағанда біліктерге және тіректерге аз күш түсіреді; Тісті берілістер өте шыдамды келеді; пайдалы әсер коэффициенті айтарлықтай жоғары болады.

Қарапайым тісті беріліс (1, г-сурет) уш звенолы механизмнен тұрады,олар

  1. және 2 тістермен тілінген дөңгелектен және 3 тұрақтан тұрады. Кішіректеу келген дөңгелек әдетте шестерня деп атайды. dw1 және dw2 ілінісy кезіндегі алғашқы шеңберлер диаметрі, осы шеңберлер бip-бipiмeн сырғанаусыз жалғасып айналады. Осы айналымдар бастапқы шеңбер деп аталады. Тісті дөңгелектер біліктерінің геометриялық осьтерінің орналасуына байланысты:

©цилиндрлік- осьтеpi өзара параллель орналасқан берілicтep жатады (1,а,б,в,г сурет);

©конусты - ocьтеpi өзаpa қиылысқан берілістер жатады (1,д-сурет)

®винтті (червякті) – осьтері өзара айқасқан берілістер жатады (1,е-сурет)

Тістердің орналасуына байланысты: а) тік тістілер б) қиғаш тістілер в) шеврон тістілер ; ) қысқа тістілер болып бөлінеді. Tік тістілермен салыстырғанда тісті берілістің кейінгі үш түрі жоғары жүктемелік қасиетті және жатық жүрісті қамтамасыз етеді;шевронды берілістерді тек қана үлкен қуатта ғана қолданады (ондаған және жүздеғен кВт).

Тісті берілістеp ілінісулеріне байланысты сырттай және іштей ілінісетін тісті берілістер болып бөлінеді. Көбінe дайындап шығарылу қолайлылығына байланысты сырттай ілінісетін тісті берілістердi жиi қолданады.

Тік тісті цилиндрлік дөңгелектің геометриялыық әлементтері және параметрлері

2-суретте - eкі тiк тісті цилиндрлік дөңгелектің ілінісуі көрсетілген. 2 (dw1) шестерняның және 2 (dw2) дөңгелектің бастапқы шеңберлері айналу кезінде бірінен-бірі сырғанаусыз жанасады. (da) – тістің шығып тұратын бөлігін қамтитын шеңбердің диаметрі; (df) – тістің шұңқырын (ойпат) қамтитын шеңбердің диаметрі. Tiсті кескін көлденец ілінісу жазықтығында тістің профилі деген атау ұсынылған. 2 суретте көрсетілгендей тісті дөңгелек жұбы бip дөңгелек шыңының шеңберімен екінші дөңгелек шұңқырының шеңбері арасындағы С радиалды саңылаумен жинақталған. Бұл саңылау тістің шеңбер шұңқырында тұрып қалмауы үшін, сонымен қатар температуралық деформацияны компенсациялауға, дайындап шығару мен жинауға қажет. Бұндай мақсат үшін стандартта арнайы көршілес тістердің арасындағы бүйір саңылау орнатылған, соңында тіс қабатына кері әсер етпес үшін болып табылады. Тісті берілістің геометриялық өлшемдерін есептеу кезінде бүйір саңылау нольғе тең болып қабылданады.

Eкi көршілес тістердің сәйкес нүктелерінің ара қашықтығы, бастапкы шеңбер диаметрімен dw өлшенген шама - Pw бастапқы қадам деп аталады.

Сурет 1.

Егер дөңге тістер z болса, онда қадам өлшенгеншеңбердің ұзындығы ; ойық диаметрі

(1)

- осы катынас модуль деп аталады. Тіс кесетін құрал-саймандардың

санын шектеу үшін модульдер стандартталған. Стандарт ретінде модульдiң мәні тек 6ip шеңбер үшін ғана бола алады, ол - бөлгіш деп аталады.

(1) формуладан бөлгіш шеңбердің диаметрі ( бөлгіш диаметр) шығады

(2)

Бөлгіш шеңберге сырт жағымен орналасқан тістің элементі - mic басы деп , ал ішкі жағымен орналасқан - mic аяғы деп аталады. Нақты механикада көбінесе, бөлгіш пен бастапқы шеңбер сәйкес келетін дөңгелектердің ілінісуі жиі қолданылады.

Миллиметрмен өлшенетін модуль - тісті ілінісудің негізгі параметрі, яғни соның көмегімен беріліс өлшемін анықтайды.Модуль технологиялық талаптарға сай бекітілуі мумкін, ал берілістерде тістердің мықтылығын есептейміз және әрине міндетті түрде СТ СЭВ 310-76 стандарты бойынша алынады.

1-қатар 0,2; 0,25; 0,3; 0,4; 0,5; 0,6; 0,8; 1; 1,25; 2; 2,5; 3; 4

2-қатар 0,22; 0,28; 0,35; 0,^5; 0,55; 0,7; 0,9; 1,125; 1,375; 1,75; 2,25; 2,75; 3,5 ....

Дюймді жүйелі елдерде m модульдің орнына питч қолданады,

формуласындағы dw дюйммен өрнектелген шеңбердің бөлгіш (питчі) диаметрі.

Берілген питч бойынша мм, модульді есептеуге болады. Метрикалық және питчті жүйелердің тiстi дөңгелектері бip-бipiмeн өзара ауыстыруға келмейді.

Ілінісудің таңдалған модулі тісті берілістің өлшемдерін анықтауға арналған негіз болып табылады. Мысалы, нақты механикада кеңінен қолданылатын эвольвентті нольді ілінісу үшін тісті элементтердің өлшемі келесі байланыстардан табылуы мүмкін.

Tic ұшының биіктігі

Tic табанының биіктігі

радиалды саңылау

дөңгелек ені (тic ұзындығы)

бастапқы диаметрі

(4)

тістің шығып тұратын және шұңқырын қамтитын шеңбер диаметрлері

осьаралық қашықтық

(7)

мұндағы - тіс ұшы биіктігінің коэффициенті (нормальды тістер үшін =1, қысқартылған тістер үшін =0,8).

- радиалды саңылау коэффициенті (егер=1 болса,m>1 үшін =0,25, ал 0,51 үшін=0,35).

=8. ..12 аралығына тең, болатын коэффициент.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]