Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_lab.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
152.04 Кб
Скачать

Беріліс қатынасы Ілінісудің негізгі теоремасы

Қандайда бір беріліс қатынасын, осы механизмнің сәйкес дөңгелектері немесе біліктің бұрыштық жылдамдық қатынасы деген атау қабылданған. Түйіндескен тісті дөңгелек жұптарының бастапқы шеңберлері бірімен-бірі сырғанаусыз жанасып айналады. Сондыктан Pv дөңгелек қадамы осы шеңберлерге тең.

(1)формуланы ескере отырып, шестернядан 1 дөңгелекке 2 дейін беріліс қатынасы үшін мына формула өрнектеледі:

(8)

мұндағы - шестерня мен дөңгелектің тicтep саны.

Күшті цилиндрлік тік тістi берілістер үшін беріліс санының мәні U ережеге сай 7-ден аспауы керек, ал аспапты беріліс үшін Umax=8...12. Ілінісудегі динамикалық жүк түсу мен дірілді төмендету мақсатындағы тез журісті берілістерде U-ң мәнін бүтін сан турінде алмау ұсынылған (ceбeбi шестерня мен дөңгелектің тістерінің ілінісy кезінде қайталанып кездесуі сирек болуы үшін).

Сурет 2.

Сурет 3.

Көп сатылы тicтi беріліс үшін жалпы бepіліc қатынасы мына формула бойынша анықталады:

Ілінісудің нeгізгi теоремасының мақсаты i=const шартын қамтамасыз ету үшін тістің түйіндескен профилі мынандай, яғни тістердің өзара жанасуының кез келген С нүктесіндегі NN нормалі әрқашан О1О2 дөңгелек центрі түзуінде жатқан тұрақты Р нүктесі арқылы өтетін қисықпен шектелуі керек.

Дөңгелек центрінде жатқан тұрақты Р нүктесін ілінісу полюсі деп атауға болады. Бұл нүкте бастапқы шеңбер радиустарын анықтайды.

Теоремадағы қажетті салдар:

Жұмыс тәртібіндегі тicтep профилі ілінісудің негізгі шартын i=const канағаттандыратын эвольвентті, циклоидты және басқа да қисықтармен сипатталады; ең бірiншi болып Леонардо Эйлердің ұсынысымен алынған, кебіне технологиясы жағынан ыңғайлы әpi қарапайым тісті кесу - эвольвентті профиль.

Эвольвентті қисық NN нормалінің кез келген нүктесінің траекториясы ретінде алынуы мүмкін, егер NN түзуін rb2 радиусы бойынша шеңбермен айналдырса, бұл радиус – дөңгелектің О2 центрінен NN нормаліне жүргізілген перпендикуляр: мұндағы - ілінісу бұрышы (нольдік

ілініcy үшін =20°).

Эвольвентті тістердің жұбы, олардың ілінicy кезіндегі кipy моментінен шығуға дейінгі өзара жанасу нуктесі, NN нормалі бойынша орын ауыстырады. Осы түзу арқылы да шестерня тісінен дөңгелек тісіне күш түседі (нагрузка).

Эвольвентті берілістер - олардың тістерінің дайындап шығарылу технологиясына байланысты автоматтандыруда жеңіл жүретіндіктен пайдалануда айтарлықтай қолдау алған, мұндай ілінісумен берілістер осьаралык қашықтықтың аз ғана қателігін жібереді (беріліс қатынасының өзгеруінсіз).

Тісті ілінісу теориясының негізгі параметрлары түзу және доға ілінісулері болып табылады, сонымен қатар жабу коэффициенті.

Ілінicy тузуі - шестерня мен дөңгелектің ілініcyi кезіндегі тicтep жұбының байланыс нүктелерінің геометриялық орны. Ілінісудің негізгі теоремасынан, эвольвентті тісті берілісте ілінісу тузуі бүл - NN нормалі деген ұғымды шығарады. Ілінісу үрдіci кезінде тістер профилінің байланыс нүктелері орын ауыстыратын қима - ілінісу түзуінің жұмыс бөлігі. Бастапқы шеңбердің оған сәйкес келетін доғасын - ілінісу доғасы деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]