Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11 сынып ответы билеттер.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
138.75 Кб
Скачать
  1. «Жазғы демалыста» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

  • Жазғы демалысыңды қайда, кіммен өткіздің?

  • Мен жазғы демалысымда ауылда ата-анаммен өткіздім.

  • Демалыс кезінде қандай жұмыстар істедің? Кімге көмектестің?

  • Мен атам мен апама үй шаруасына, бақша суарып, арам шөптерді жұлысуға көмектестім.

  • Қалай демалдың?

  • Суға шомылып, күнге қыздырынып, достарыммен қыдырып жақсы дем алдым.

Мен жазғы демалысымды өте қызықты өткіздім

  1. Берілген етістіктерді қалау, шартты райларда аяқтаңыз.

Айтса, айтқым келеді; шақырса,шақырғым келеді; жазса, жазғым келеді.

11-билет

  1. «Қарағанды» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

Қарағанды Қазақстанның орталығында орналасқан. Қарағанды қаласы – менің туған жерім. Қарағанды қаласы – республикамыздың үлкен қалаларының бірі. Қаланың төңірегінде шахталар бар. Сол шахталардан көмір шығарылады. Біздің Отанымызға көп көмір керек. Заводтар, фабрикалар, паравоздар, электр станциялары тас көмірсіз жұмыс істей алмайды. Қарағанды жыл сайын Отанымызға көп көмір береді. Мен туған қаламды сүйемін. Ол маған өте қымбат.

  1. «Қазақ актерлері» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

  • Сен кино, театрға барғанды ұнатасың ба?

  • Иә, мен кино, театрларға жиі барамын.

  • Қазақстанның қандай әртістерін білесің бе?

  • Қазақ сахнасының жұлдыздары С.Қожамқұлов, Өтекешова Меруерт, Жаманқұлов Тұңғышбай, Венера Нигматуллинаны білемін.

  • Саған қай актер ұнайды?

  • Маған Актер - С.Қожамқұлов қатты ұнайды. Ол қазақ театры мен киносының майталманы.

  • Ол қандай рөлдерді ойнаған?

  • Серке Қожамқұлов 200-ден астам рөлге жан бітірген ұлы актер. Олар: Жабай, Жиренше, Майбасар, Еспембет, Қарабай

  • Оның еңбегі қалай бағаланды?

  • Актердің жемісті еңбегі жоғары бағаланды. Ол туралы фильм түсіріліп, ән шығарылды..

  1. Берілген сын есімдермен сөйлем құрастырыңыз.

Үп-үлкен, кеңдеу, өте көрікті, алысырақ, тым биік, терең.

12-билет

1. «Қазақ журналистері» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

2. «Менің туған күнім» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

  • Карина, сенің туған күнің қашан?

  • Мен туған күнім 15 қараша.

  • Сен қай жерде дүниеге келдің?

  • Мен Қарағанды қаласында тудым.

  • Қай жылы тудың?

  • Туған жылым - Барыс, жұлдызым - сарышаян.

  • Сен үшін туған күн деген не?

  • Мен үшін туған күн - ерекше мереке. Мен туған күнімді жылда атап өтемін, алдын-ала әзірленемін. Мерекелік дастарқан жаямын.

  • Туған күніңді қалай өткізесің?

  • Ол күні біздің үйге туыстарым мен достарым келеді. Келген қонақтар, ата-анам маған әрдайым тосын сый жасайды, жақсы тілектер айтады. Барлығымыз естелік фотосуретке түсеміз.

  1. Берілген жалқы есімдермен сөйлем құрастырыңыз.

«Әділет» компаниясы, Болат Ысқақұлы.

13-билет

  1. «Ең алғашқы пошта байланысы» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

Пошта байланысы — байланыстың бір түрі. Пошта — мемлекеттік байланыс жүйесінің маңызды мекемесі. Қазақстанда алғаш пошта бөлімі 1860 жылы Алматы қаласында ашылды. 1862 жылы Алматы қаласын Пішкек қаласымен қосқан бірінші телеграф желісі іске қосылды. 1993 жылы пошта және электр байланыстары жеке бөлінді. “Қазпошта” көрсететін қызметтерге жазбаша хабар, бандероль, посылка жіберу және жеткізу, үлкен өлшемді ауыр жүктерді жіберу және жеткізу, курьерлік қызмет көрсету, мерзімдік басылымдарға жазылу, оларды жіберу, жеткізу, сату.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]