Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТДФ прак. метод.указ. 2015 КЛМ 2.09.15.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
382.46 Кб
Скачать

Оқу орындары

Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғыл. және педагог мамандар даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет, т.б. салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін жетілдіретін оқу орындары. Жоғары оқу орындарына академиялар, университеттер, институттар, т.б. жатады. Сонымен қатар бұлардан тыс түрлі әскери, діни, т.б. жоғары оқу орындары да бар.

Тарихы. Б.з.б. Афина мен, б.з. 425 ж. Константинопольде ашылған, өз дәуірі үшін Жоғары оқу орындары болып саналған философиялық мектептер «университет» деп аталды. Нағыз Жоғары оқу орындары түріндегі университеттер 11–12 ғасырларда Италияда (Салерно және Болонья), Францияда (Париж), 12–13 ғасырлар аралығында Испанияда (Саламанка), Англияда (Оксфорд) пайда болды. ТМД елдеріндегі алғашқы жоғары мектептер Грузиядағы Колхида (4 ғ.), Икалто, Герм, Гелат (11–12 ғ-лар) академиялары болды. 13–14 ғ-ларда Англия, Италия, Португалия, Испания, Чехия, Польша, Германия, т.б. елдерде университеттер құрылды. 1579 ж. Вильнюс академиясы, 1632 ж. Киев – Могилян академиясы, 1687 ж. Мәскеуде Славян-грек-латын академиясы, т.б. Жоғары оқу орындары. құрылды. 17–18 ғ-лардағы өнеркәсіп пен мәдениеттің зор қарқынмен дамуы ун-ттердің және маманданған жоғары мектептердің ашылуына ықпал етті. Ресейде Мәскеу математика және навигация ғылымдар мектебі (1701), Санкт-Петербург теңіз академиясы (1715) мен Тау-кен училищесі (1773), т.б. оқу орындары ашылды. Тұңғыш орыс университеті 1725 ж. Санкт-Петербургте ҒА-ның жанынан (Академиялық университет) ашылды. 1755 ж. М.В. Ломоносовтың ұсынысымен Мәскеу университетінің іргесі қаланды. 1804 ж. Қазан университеті құрылды. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде машина өндірісінің дамуына байланысты көптеген елдерде университеттермен қатар инж. және басқа да Жоғары оқу орындары ашылды. Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі Жоғары оқу орындарыдары ретінде Шымкент, Әулиеата, Түркістан, Ақмешіт медреселерін атауға болады. 1919–20 ж. Орынборда, Ордада, Семейде халық ағарту институттары ашылды. Бұл институттар жоғары білімді мұғалімдер даярлауда зор рөл атқарды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жұмысшы және шаруа жастарына жалпы орта білім беру және Жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік туғызу мақсатында жұмысшы ф-ттері ашылды. 1921 ж. ашылған Орынбордағы жұмысшы факультетін С.Мұқанов, Ғ.М.Мүсірепов тәрізді танымал жазушылар оқып бітірді. 1920 ж. қарашада Түркістан мемлекеттік университеті (кейінгі Орта Азия ун-ті) құрылды.

2001 ж. 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 8 Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе берілді. Олар:

• 1) Қазақ ұлттық ун-ті;

• 2) Еуразия ұлттық ун-ті;

• 3) Қазақ ұлттық агр. ун-ті;

• 4) Қазақ ұлттық тех. ун-ті;

• 5) Қазақ ұлттық медицина ун-ті;

• 6) Қазақ ұлттық өнер академиясы;

• 7) Қазақ ұлттық консерваториясы;

• 8) Қазақ ұлттық музыка академиясы.

1-тапсырма. Жаңа сөздерді көшіріп жазып, аударыңыз.

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.

3-тапсырма. Берілген етістіктерді болымсыз етістікке айналдырыңыз. Сен деканатқа бар... Сен дәптерге жаз... Тақтаға шық...  Тақтаны сүрт...

 Ертең университетке кел..

4-тапсырма. Күрделі етістіктерді қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.

5-тақырып. Өзіңіз оқып жүрген оқу орныңыз туралы әңгімелеп беріңіз.

10-тақырып. Еңбек. Еңбек нарығы. Есімше категориясы.

ЕҢБЕК

Еңбек – адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай істелетін қызметі; қоғамның өмір сүруінің негізгі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты. Еңбек – адамдардың өмірі үшін материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбек – адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай істелетін қызметі; қоғамның өмір сүруінің негізгі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты. Еңбек – адамдардың өмірі үшін материалдық, рухани және басқа да құныдылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбек – адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбек – табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды өндірістік ресурсы болып табылады.

1-тапсырма. Жаңа сөздерді аударыңыз.

2-тапсырма. Мына сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз.

Еңбек, табыс, шарты, қанағаттандыру, адамзат, тіршілік.

3-тапсырма. Мәтінді аударып, мазмұнын түсініңіз және сұрақтар қойыңыз.

4-тапсырма. Есімшелерді қолданып, сөйлем құрастырыңыз.