Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТДФ прак. метод.указ. 2015 КЛМ 2.09.15.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
382.46 Кб
Скачать

Еңбек нарығы

Еңбек нарығы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлеуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде қамтамасыз етілуі жатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады.

Еңбек нарығы – бұл бәсекелік нарық. Еңбек нарығы – бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық. Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.

1-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

2-тапсырма. Мәтіннен жаңа сөз тіркестерін дәптерге жазып, жаттаңыз.

3-тапсырма. Мәтіннен бір сөйлемді сөз құрамына талдаңыз.

4-тапсырма. Мағынасын түсініңіз, жаттап алыңыз.

Еңбекті сүйгенді елі сүйеді. Ж. Қуанышбаев.

Еңбектене білу – дұрыс өмір сүре алу. Ж. Фабр.

5-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Делами человека время управляет.

Семь раз отмерь, один раз отрежь.

Родни много, а мать – одна.

6-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз не досыңызбен сұхбат жасаңыз.

11-тақырып. Денсаулық. Салауатты өмір салты. Етіс категориясы.

Денсаулық

Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.

Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.

Денсаулық — табиғаттың ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады.

1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып беріңіз.

2-тапсырма. Жаңа сөздерді оқып, аударып, сөз тіркесінде қолданыңыз.

3-тапсырма. Мәтіннен тәуелдік, көптік жалғаулы сөздерді табыңыз.