Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТДФ прак. метод.указ. 2015 КЛМ 2.09.15.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
382.46 Кб
Скачать

Банк жүйесі

Банктің жарғылық қоры қандай көздерден құралғанына байланысты оларды: мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, аралас және шетелдік банктер деп жіктейді.

Банктер арасында клиенттерді тарту жөнінде бәсекенің күшеюі банктердің клиенттермен өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы» заңының 33 бабы бойынша банктер тең құқылы әріптестер ретінде шығып, бос несие ресурстары нарығында өз операцияларын жүргізеді. Олар өз қызметтерінде, өз клиенттеріне қаражаттарды орналастыру, несие алу үшін жақсы жағдай, банктік қызметтің әлдеқайда кең спектрін көрсете отырып, бір-бірімен бәсекеге түседі. Банктер өз клиенттері алдында жауапты.

Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн білдіреді. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде басқа елдің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдары мен қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді. Ұлттық банк тек Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді. Ұлттық банктің басты міндеті – ұлттық валюта теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Зерттеулердің біреуі банктердің көп болған сайын пайыз деңгейі соған сәйкес төмендейтінін көрсетсе, басқалары – керісінше, яғни банктердің шоғырлануымен несие үшін пайыздық мөлшерлеме деңгейі арасындағы байланыс әлсіз екенін көрсетеді.

Тәжірибеде ірі банктер ұсақтарға қарағанда жинақ салымдары бойынша жоғарырақ пайыз төлейді, қарыз бойынша төменірек пайыз алады.

Біздің елде банктік жүйедегі өткір бәсекелестік туралы айту әлі ерте. Бізде банктер саны көп, бірақ олар әлі де бәсекелестікке қабілетсіз.

1-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

2-тапсырма. Мәтіннен жаңа сөз тіркестерін дәптерге жазып, жаттаңыз.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз, дәптерге жазыңыз.

1. Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының қандай банкі болып табылады?

2. Орталық банкі ретінде басқа елдің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста нені қорғайды?

3. Ұлттық банк – кімге есеп береді?

4. Ұлттық банктің басты міндеті – не?

4-тапсырма. Сөз тіркестерін аударыңыз және сан есімдерді қолданып сөйлем құрастырыңыз.

национальный университет

национальная библиотека

национальное богатство

национальные игры

национальная гордость

национальное наследие

5-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыз, етістікті табыңыз.

Банк Центр Кредит предлагает кредитование юридических и физических лиц. ЦеснаБанк гарантирует надежность вкладов. Нурбанк консультирует по вопросам приватизации.

6-тапсырма. Дұрыс аударманы көрсетіп, сөйлемді аудармасымен дәптерге жазыңыз.

Біздің елде банктер саны көп, бірақ олар әлі де бәсекелестікке қабілетсіз.

А) В нашей стране много банков и они не готовы конкурировать.

Ә) В нашей стране большое количество банков, но они еще не способны к конкуренции.

Дұрыс аударманы табыңыз, антоним сөздерді көрсетіңіз, сөйлемді аудармасымен дәптерге жазыңыз.

Ұлттық банктің басты міндеті – ұлттық валюта теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету.

А) Главная цель Национального банка - это обеспечение внутренней и внешней стабильности национальной валюты.

Ә) Главная обязанность Национального банка – обеспечить внешнюю и внутреннюю стабильность национальной валюты тенге.