Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТДФ прак. метод.указ. 2015 КЛМ 2.09.15.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
382.46 Кб
Скачать

Ұлттық ою-өрнек

Ою-өрнек – ежелгі халық өнерінің бір түрі. Бұл өнердің пайда болу бастаулары ежелден бері келе жатыр. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады.

Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған.

Қазақстанның әртүрлі өңірлері ерекшеліктерімен, оларға тән ою-өрнектермен, олардың өзіндік стильдерімен ерекшеленді. Соған қарамастан, барлық ою-өрнектердің негізгі элементі, мүйізге ұқсас, доға тәрізді өрнектер басым болған «Мүйіз» ою-өрнегі есептеледі. Қазақ халқының дәстүрлі бұйымдарында: қару өнерінде, киіз үйлерді жинауда, зергерлік бұйымдарда, кілем тоқуда, алаша өргенде, жүн бұйымдарында, қоржындарда, ыдыстарда, өру, тігу әдісімен дайындалатын киімдерде,  пұшпақ тіккенде, ерітуде, кесуде ою-өрнектермен әшекейлеу кеңінен қолданылды. Ғалымдардың пайымдауынша қазақ ұлттық ою-өрнектерінің, әзірше 230-дай түрі ғана анықталған. Біз солардың ішіндегі халық арасында ең көп тараған «мүйіз» тектес ою-өрнекті айтуға болады. «Мүйіз» оюы қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек атаула­ры ғана өзгеріп отырған. Мысалы: «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «бұғы мүйіз», «қырық мүйіз», «қос мүйіз», «сыңар мүйіз», «сынық мүйіз», «төрт құлақ», «түйе табан», «сыңар өкше», «қос алқа», «құс қанаты», «қаз-табан». Колөнер шеберлері осы элементтердің сан түрлі композициясын жасап, бұйымдарға ұтымды пайдаланып келеді.

1-тапсырма. Жаңа сөздерді аударыңыз.

Ою-өрнек, ежелгі, жиһаздар, әшекейлеу, мүйіз, тырнағы, мойны, табаны, қару, зергерлік, бұйым.

2-тапсырма. Сұрақтардың дұрыс жауабын табыңыз.

1) Жануарлар әлеміне арналған ою-өрнектерді атаңыз?

2) Бұйымдардың шетіне салынатын қандай өрнектерді білесіз?

3) Сырмақ қалай жасалады?

4) Жүнді тазарту, майдалау үшін, ұйысқанын жазу үшін сабап тазартқанда қолданылатын жіңішке таяқты не деп атайды?

5) Сықырлауық деген не?

Жауабы: («Сыңармүйіз», «Түлкібас», «Ирек», «Ирексу», «Шетою»), (Алдын ала басылып дайындалған екі түрлі киізді бірінің үстіне бірін жымдастырып, жиектеп тігу арқылы жасайды), (Сабау), («Түйетабан», «Ботамойын»,         «Тұлпарбас», «Ботакөз», (Киіз үйдің ішкі жағынан жабылатын екі бөлек өрнекті тақтай есік).

31