Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТДФ прак. метод.указ. 2015 КЛМ 2.09.15.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
382.46 Кб
Скачать

Ұлттық валюта

1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта – ТЕҢГЕНІ енгізу Қазақстан Республикасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болып табылады.

Ұлттық валютаны айналымға енгізу арқылы Қазақстан өзінің дербес саяси, экономикалық және әлеуметтік саясатын жүргізуге көшті. Төл теңгенің арқасында егемен елдің іргесі бекіп, ішкі және сыртқы әлемге беделі артты.

1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта құруды жүзеге асыра бастады. Алайда, сол кезде жұмыс істеген бірыңғай ақша жүйесі тұрақсыз болды.

Қажетті жабдықтар мен заманауи технология алынған соң, теңге өз елімізде шығатын болды. Бұл 1995 жылдың мамыр айы еді, Алматы қаласында Ұлттық банктің Банкнот фабрикасы, Өскеменде Монета сарайы ашылды. Уақыт талабына сай теңгенің дизайны өзгерді. Бүгінде купюраларымыздың қорғаныштық қасиеті дамыған елдер валютасымен бәсекелесе алады. Бірақ инфляция теңге енісімен тоқтады деп те айта алмаймыз. Дегенмен, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі қаржы дағдарысы кезінде теңге тегеуріні мықты екендігін көрсетті.

Кез келген валюта үшін ең басты маңыздылық – оның қорғалуы. Теңге әлемдегі неғұрлым барынша қорғалған валюталардың бірі болып отыр. Қазақстан теңгесі Қазақстанның ежелгі тарихы бар ел екендігін әлемге танытуда.

Банкноталарда мынадай қорғаныш элементтері пайдаланылған:

Сутамғы белгілер. Сутамғы белгілерінің бейнесі банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін қарама-қарсы қою және ашық реңдерден тұрады.

Қорғаныш жіп. Бір қорғаныш жіп қағаздың құрылымына енгізілген және банкнотаны жарыққа тосып қарағанда тұтас сызық түрінде көрінеді. Екінші, үзік-үзік жіп — банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін жазбалар және суреттер тұтас сызық болып пунктир түрінде қағаздың бетіне шығарылған.

Мөлдір орын. Банкнота жарыққа тосып қарағанда жақсы көрінетін ашық орындағы полимерлік лентадағы сурет.

Қосарланған бейнелер. Банкнотаның беткі және сыртқы жақтарында басылған бейнелердің фрагменттері, жарыққа тосып қараған кезде тұтас суретті құрап, дәл сәйкес келеді

Алтын интаглио. Тығыз жоғары рельефті қабатты алтын түстес металл бояуы бар қорғаныш элементі, түрлі-түсті көшірмелеуден жоғары деңгейде қорғайды.

1-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

2-тапсырма. Мәтіннен жаңа сөз тіркестерін дәптерге жазып, жаттаңыз.

3-тапсырма. Мәтіннен бір сөйлемді сөз құрамына талдаңыз.

4-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Казахстан стремительно развивается. Меняются наши города, технологии и даже национальная валюта – тенге. Дизайн нового казахстанского тенге полон сюрпризов: непривычная вертикаль, удивительная символика, современные защитные механизмы. Новые тенге отвечают всем международным требованиям.

5-тапсырма. Мәтін бойынша досыңызбен сұхбат жасаңыз.

6-тақырып. Халықаралық ұйымдар. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Ар-ождан бостандығы. Көмекші есімдер.

Халықаралық ұйымдар

Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. Біріккен 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.

Бас кеңсесі орналасуы – Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945жылы 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.

ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization – UNESCO) – Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.

Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып, 1946 жыл 4-ші қарашасында қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше. 

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ) – 1946 жылы БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралықмедициналықмекеме. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты – жер бетіндегі барлықхалықтардыңденсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 192 мемлекет мүше.Қазақстан РеспубликасыДүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 1992 жылы 19 тамызда мүше болып қабылданды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы 6 аймақтық ұйымнан (олардың атқару органдары — аймақтық бюро) тұрады: Еуропа (аймақтық бюросы –Копенгагенқаласында,Дания);Африкалық(Браззавильқаласы,Конго);Жерорта теңізініңшығыс бөлігі(Александрияқаласы,Египет); Оңтүстік-Шығыс Азиялық (НьюДели қаласы, Үндістан);Тынық мұхитжағалауының батыс бөлігі (Манилақаласы,Филиппин) және америкалық (Вашингтонқаласы,АҚШ).

БҰҰ-дың Деңсаулық сақтау мәселелері жөніндегі бүкіл дүниежүзілік Ұйымы (БДҰ) (World Health Organization) 1946жылы құрылған.Қатысушылар – БҰҰ-ға мүше мемлекеттер.

Мақсаты – қоршаған ортаға жағымсыз ықпал-әсерлерді бақылау және басқару арқылы адамденсаулығынқорғау және жақсарту.

Негізгі кызметі — қоршаған ортаны сауықтыру жөнінде шаралар өткізу, соның ішінде химиялық препараттардыпайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,ластанудеңгейін бақылау,радиоактивтік сәулеленуденқорғау,климаттыңөзгерістерінің адамның денсаулығына ықпал-әсерін бағамдау,денсаулықпен қоршаған ортаны қорғаудыңғаламдық стратегиясынталдап-белгілеу.Мекен-тұрағы – Швейцария,Женева.

1-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен көмекші есімдерді қолданып сөйлем құрастырыңыз.

Халықаралық ұйым, негізгі мақсаты, барлық халықтар, денсаулық қорғау, Париж қаласында, белсенділік таны­ту.

2-тапсырма. Халықаралық ұйымдардың негізгі жұмыс мақсатын түсіндіріңіз.

3-тапсырма. Халықаралық ұйымдар туралы сұрақтар әзірлеңіз.

4-тапсырма. Мәтіндегі қысқарған сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

5-тапсырма. Мәтіндегі құрмалас сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңыз.