Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТДФ прак. метод.указ. 2015 КЛМ 2.09.15.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
382.46 Кб
Скачать

Қорықтар мен ұлттық парктер

Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әр түрлі. Сондықтан қорғауға алынған жерлерді қорықтар, қорықшалар, резерваттар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері деп бөледі. Қазір дүние жүзінің 124 елінде 2600-ден артық ірі қорық бар екен. Олардың ішіндегі ең үлкені Гренландия ұлттық паркі. Оның жер көлемі 7 млн. гектар. Біздің республикамызда жалпы 784,1 мың гектар жерді алып жатқан 7 қорық бар. 50-дей аңшылық қорықша, 42 зоологиялық және 24 ботаникалық бақтар мен қорықша, 3 табиғат ескерткіштері бар.

Қорық – ерекше қорғауды қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер. Мысалы, Барсакелмес қорығы – құланды, Қорғалжын қорығы – қоқиқазды, Үстірт қорығы – дала қойын, Алматы қорығы - Тянь-Шань шыршасын сақтап, көбейту мақсатында құрылған.

Көптеген ғалымдардың еңбектерінде VІ-VП ғасырларда қазақ жерінде ерекше қорғалатын жерлер болғанын жазады. Мысалы, В.В. Бартольд еңбектерінде "Жер жанаты - Жетісу" аталған мекенде өмір сүрген үйсін тайпалары шұрайлы, көк шалғынды, бау-бақшалы салқын жерлерді қорыққа айналдырып, ретсіз мал жаймағандығын, мезгілсіз аң ауламағандығын жазған. Бұдан бабаларымыз ерте кезде-ақ келешек ұрпақ үшін туған табиғаттың әсем жерлерін аялай білгенін байқаймыз.

Ал Ұлттық парктердің қорықтардан айырмасы бар. Ұлттық парктерде өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін әрі бағалы түрін сақтаумен қатар, адамдардың мәдени демалысын ұйымдастыратын, туризммен шұғылдануға мүмкіндік жасайтын орындар бар.

Қазақстанда алғаш рет ұлттық парк Баянауыл таулы орман алқабында ұйымдастырылды. Мұнда 40-қа тарта аңдардың, 50-ден аса құстардың түрлері қорғалады. Олардың көпшілігі "Қызыл кітапқа" енген.

Табиғат ескерткіштері деп сирек, құрып бара жатқан, желдің, судың әрекетінен мүжіліп, бұзылып жатқан ғылыми, тарихи және мәдени жағынан құнды табиғат обьектілерін айтады.

Табиғат ескерткіштерін қорғау – бұл жанды табиғатқа тән затты қорғау деген сөз. Табиғат ескерткіштері дүние жүзінің көптеген елдерінде бар. Қазақстанда қазір 24 табиғат ескерткіші бар. Олардың ішіндегі аса маңыздыларына "Жетісу маржаны", "Шың түрген" шыршасы, Павлодардағы "Жыл құстары" табиғат ескерткіштерін жатқызуға болады.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Сөздікті пайдаланып, аударыңыз.

2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Ұлттық парк, табиғи парк, демалыс үйлер, табиғат ескерткіштері, ерекше қорғау, туризммен шұғылдану.

3-тапсырма. Сөз тіркестерін жасаңыз.

Табиғи – ____________________________________________________

Парк –_____________________________________________________

Ұлттық –_____________________________________________________

Турис – _____________________________________________________

Жазық – ____________________________________________________

4-тапсырма. Парк, қорықша сөздерін септеңіз.

5-тапсырма. Қарқаралы ұлттық паркі туралы әңгіме құрастырыңыз.

Жануарлар мен өсімдіктер әлемі

Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазақстан палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіреді. Палеоген дәуірінде Қазақстанды тропиктік және субтропиктік жануарлар мекендеген. Олар Үндістан және Африка жануарларының түрлерімен ұқсас болған. Ал мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған. Олардың кейбір түрлері Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, Ұзынқара (Кетпен жотасы) сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады. Мұз басу дәуірінде Қазақстанға материктің солтүстігінен суыққа төзімді жануарлар ауысқан. Олардың кейбір түрлері таулы аудандарда әлі де сақталған. Оларға тундра кекілігі, жапалақ, т.б. жатады. Мұз дәуірінен кейін Қазақстанға Орталық Азия жануарлары мен құстары өткен. Оларға құр, тоқылдақ, ор қоян жатады. Кейін олар дала және шөл зоналарына ауысқан.

Қазақстанның жануарлар дүниесі казір сүтқоректілердің 178, құстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады.

Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан жерінде шөлді, шөлейтті аймақтардың көптігі, топырақ пен климат әсер етеді. Екіншіден, Қазақстанның едәуір бөлігі геологиялық тарихы жағынан жас.

Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Әсіресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталған. Онда палеоген дәуірінен қалған грек жаңгағы, платан, бадамы, түркістан үйеңкісі, алмұрт және т.б. түрлері кездеседі. Сырдария-Қаратауфлорасы бұдан да бай. Онда 1000-нан асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән, басқа жерде ұшыраспайтын өсімдіктер. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жетісу Алатауының тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған. Олардашыршалардан, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлеріөседі. Алтайдың таулы даласында итмұрын, долана, бөріжидекбұталары мол.

Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрі Қызыл кітапқа енген және оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды.

Қазақстан дүние жүзі бойынша орманы аз елдердің қатарына жатады. Бүкіл аумағының 11,4 млн гектар жерін (4,2%) ғана ормандар алып жатыр. Ол табиғатты тазартуда, топырақты эрозийдан сақтап, оның тамырын бекітуде маңызды рөл атқарады. Ауаны шаң-тозаңнан тазартып, аңызақ желден, құрғақшылықтан сақтауда да ормандар мен жасыл өсімдіктер пайдалы.

1-тапсырма. Сөздік жұмысын жасаңыз. Оларға сөйлем құрастырыңыз.

Жануарлар –

Таулы –

Субтропиктік –

Сүтқоректілер –

Топырақ –

Шаң-тозаң –

2-тапсырма. Жоғарыдағы мәтіннен зат есімдерді жазып, жалқы және жалпы есімдерге бөліп жазыңыз.

3-тапсырма. Төмендегі сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау, олардың адам өміріне, халық шаруашылығына келтіретін зиянына қарсы күресу – мемлекеттік шара болып табылады. Жануарлардың сирек және құрып кетуге таяу аз түрі «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауға омыртқалылардың 125 түрі, омыртқасыздардың 96 түрі алынған.

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Біздің елімізде өсімдіктер мен жануарлар қалай қорғалады?

Дәрілік өсімдіктер туралы не білесіз?

Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азайып бара жатқаны неліктен?

5-тапсырма. Жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан жануарлары туралы білетіндеріңді жазыңыз.

8-тақырып. Отбасы. Неке. Етістік.

ОТБАСЫ

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.

«Отан отбасынан басталады» деп айтып кеткен ата-бабаларымыздың сөзінде терең мән-мағына жатыр. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан.

Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қуанышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Отбасы шағын Отан. Оның басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыздан жылы бауырына басатыны, бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні.

Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Сол сияқты Отанды қорғау да әр азаматтың азаматтық парызы. Отанымыз алдындағы азаматтық борышымызды орындау мақсатында бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек етсек, бір-бірімізбен етене жақын болсақ, біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін дейтін тамаша бірлікті сақтай алсақ, онда біз бағындырмайтын биік жоқ.

Әрбір отбасы - шағын мемлекет. Онда ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын азамат тәрбиеленеді.

1-тапсырма. Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Жылы ұямыз, отбасын қорғау, отбасы мүшелері, Отанды қорғау, азаматтың парызы, біріміз бәріміз үшін.

2-тапсырма. Берілген тіркестермен сөйлем құрастырыңыз.

Ықпал ету, сақтауға үйрету, құрметтей білу, көзбен ұғу, ынтамен тыңдау.

3-тапсырма. Берілген мақал- мәтелдерді аударыңыз. Мағынасын айтыңыз.

1. Алтын ұяң — Отан қымбат,

Құт-берекең — атаң қымбат,

Аймалайтын — анаң қымбат,

Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би).

2. Отан оттан да ыстық,

жалыны бар шоқтан да ыстық.

3. Отаны бірдің жүрегі бір,

Жүрегі бірдің тілегі бір.

4-тапсырма. Сөздерді жұптастырыңыз.

Отбасы әзірлеу

Киім істеу

Тамақ құрастыру

Жұмыс тігу

5-тапсырма. Өз отбасыңыз туралы әңгімелеңіз.

НЕКЕ

Екі жастың бас қосып, от­ба­сын құруы — ежел­ден қалыптасқан дәстүр.

Үйлену тойы – екі жастың, олардың ата-аналарының өміріндегі қуанышты оқиға, адамдар арасындағы жұбайлық қарым-қатынасқа күдік тудырмау үшін жұртқа жария ету салтанаты.

Ойшыл А.Шопенгауэр айтпақшы: «Үйлену дегеніміз - өз құқығыңның жарымын азайтып, міндетіңді екі есе көбейту деген сөз». Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі.

Ал, қазақта үйлену тойының өзі екі кезеңнен тұрады. Ол қалыңдықтың ұзатылу, яғни қызды шығарып салу тойы, келесісі – күйеу жігіттің ауылында болатын үйлену тойы.

Неке – отбасының заң жүзіндегі негізі. Еркек пен әйелдің өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін әлеуметтік форма.

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321-1 Заңының 10-бабына сәйкес неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.

Некеге тұру кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын.

Неке қию екі түрлі болады. Біріншісі қаладағы жас жұбайлар сарайына барып, немесе оның қызметкерлерін (ЗАГС-тің) тойға шақырып, сонда некеге отыру. Екіншісі мешітке барып, немесе молданы тойға алдыртып некесуын ішіп, некелерін қидыру.

Неке сақинасы. Этнографтардың зерттеуінше, неке сақинасын алмастыруды мысырлықтар ойлап тапқан. Сақинаның дөңгелек қалыбы (формасы) – мәңгілік жұптар арасындағы шексіз бақыт пен махаббатты бейнелейді.

1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

2-тапсырма. Жаңа сөздерді оқып, аударып, сөз тіркесінде қолданыңыз.

3-тапсырма. Берілген сөйлемді сөз құрамына талдаңыздар:

Некеге тұру кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, ұлттық, тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады.

4-тапсырма. Туынды етістіктің жасалу жолдарына мысалдар жазыңыз.

5-тапсырма. Мүмкін болатын сөз тіркестерін құрастырыңыз.

қызық

бару

ілгері

тұру

жоғары

жүру

ақылды

оқушы

кейін

әңгіме

ұзақ

көтерілу

алға

досым

осында

кітап

мұнда

қайту

артта

ғимарат

сатып

студент

озат

қарау

биік

болу

естіген

алу

демалысқа

күту

менің

қалу

9-тақырып. Білім. Оқу орындары. Етістік категориясы.

БІЛІМ

Білім - дегеніміз адамзат тіршілігінің барысында жинақталған әлеуметтік тәжірибе: күнделікті тіршілікте, ғылымда, саясатта, ара қатынаста, өндірісте, қоршаған табиғи және қоғамдық қатынаста тануда т.б. Сол адамзат тіршілігін сақтап және оны алға қарай қорғап, дамытып отырудың қажетті заңдылығы - тәжірибенің ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп, беріліп отыратындығы. Өмірге келген жас бала, одан соң, жасөспірім, жастар тіршілік тәжірибесін негізінен үш ортадан көріп, біліп, түйсініп, өзі қатынаса жүріп жинайды. Ол – отбасы, қоршап жатқан орта және арнайы білім жүйесі. Өсіп келе жатқан жас адам осы үшеуінің арасынан бой көтеретін субъект. Үш орта өзара байланысты болып, балаға жүйелі ықпал етуі мүмкін. Керісінше, әрқайсы өзінше әрекет етіп, тіпті бірінің ықпалы екіншісінікіне қайшы келуі де мүмкін. Осы әр қилы ықпалдар мен әсерлерді өз бойына өткізетін оъект біреу. Ол – бала, жасөспірім. Бала алдында жауапты іс тұрады: нені алу, нені алмау керек? Неден үйреніп, неден жирену қажет? Бұған ол қандай жауап табады, бұл баланың өмірге алғашқы қадамдарын басып қандай тәрбие алғанына, неге бағдарлағанына, ойлау қабілетіне байланысты. Білімдену тек өскелең жас ұрпаққа ғана емес. Ересектер де тіршілік, қызмет барысында үнемі ізденіс жағдайында болады. Әсіресе еңбек технологиясының жетілдірілуі, экономикалық қатынастағы өзгерістер, жұмыссыздық, ересектердің өзінің білімін жетілдіру немесе қайта даярлық процесінен өту әрекеттерін болмай қоймайтын заңды құбылысқа айналдырды.

Білім беру немесе білім алу тек арнайы білім беретін мекемелер шеңберінен шығып кетті. Мүдделер өз алдына білімденуде, өз еркімен ізденісін жалғастырады. Басқаша айтсақ, қазіргі заманда әр адамның тіршілігінің өзекті саласы - білімдену. "Білім беру" және "білімдену". Екеуіне не ортақ және айырмашылығы неде? Жас ұрпаққа білім беру, яғни өмірлік тәжірибемен қаруландыру, отбасының, әлеуметтік ортаның және арнайы білім мекемелерінің ісі екенін айттық. Ал ұрпақ оны қалайша қабылдады: немқұрайлы, ұшқары, терең ұғына отырып, өз тәжірибесіне айналдыру арқылы... Неге бір отбасынан әркелкі мінезді және қабілетті бала өседі, неге бір мұғалімнен оқығандардың білімі, көзқарастары мен қабілеті әртүрлі? Осының бәрі мәселенің білімнің берілуінен гөрі, тәрбиеленушінің өзінің білімденуінде екенін көрсетеді. Ата-ана үйретумен шектеліп қалмай, бала үйренді ме жоқ па, басты назар соған аударылмаса күткен нәтиже келе қоймады. Білім беру – өркениетті саяси әлеуметтенудің қозғаушы күші.

1-тапсырма. Мәтін бойынша таныс емес сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.

2-тапсырма. Мәтінді оқып аударып, әңгімелеңіз.

3-тапсырма. «Оқу, білім жайлы» мақал-мәтелдерді аударып, мағынасын түсініп, жаттап алыңыз.

  1. Ақыл – тозбайтын тон,

Білім – таусылмайтын кен. 8. Алтын алма, білім ал.

  1. Білім – арзан, білу - қымбат. 9. Ғылым – теңіз, білім – қайық.

3. Оқу – білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы. 10. Шәкіртсіз ұстаз – тұл.

4. Кітап – алтын қазына.

5. Өмір – үлкен мектеп.

6. Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.

7. Білгеніңді сөйлеме,

Не сөйлегеніңді біл.

4-тапсырма. Әзірет Әлінің дәйектемелерін жаттап алыңыз.

VII ғасырда өмір сүрген, мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі Әзірет Әлінің (Әли ибн Әби Талиб) ел ішінде «ілімнің қақпасы» аталып кеткендігінің рас – өтірігін сынау мақсатында жерлестері оған он адамды кезекпен жібермекші болған. Олардың бәрі Әзірет Әліге бір ғана сұрақ: “Білім артық па, байлық артық па?» деп сұрайтын болып келіскен. Егер осы сұраққа он түрлі жауап берсе ғана халифаны шын мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлі әр адам қойған бір сұраққа түрлі дәйектемелермен былай деп жауап берген екен:

1. Білім артық, өйткені, ол-пайғамбарлардан қалған мирас, байлық-бақылдардан қалған мұра.

2. Білім артық, білімдінің жанында адал достар көп болады, ал бай адамның қасында амал достар көп болады.

3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды арттырады.

4. Білім артық, оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай берсең, бір күні түгесіледі.

5. Білім артық, оны ұры-қарыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді сырт көздерден қорғаштаумен өтесің.

6. Білімің көп болса ел саған қызығады, байлығың көп болса ел сені қызғанады, білімнің артық болатыны сол.

7. Білім артық, білімің көп болғанмен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек.

8. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп кетпейді, дүние-мал болса бүлінеді, сондықтан да білім артық.

9. Білім артық, ол кісілігің мен кішілігіңді арттырады. Байлық болса сараңдық пен қомағайлығыңды арттырады.

10. Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілігі де артады. Байлығы мол адам оған мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық деген екен.

Мырзагелді Кемел «Абзалдық әліппесі»