Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТДФ прак. метод.указ. 2015 КЛМ 2.09.15.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
382.46 Кб
Скачать

Салауатты өмір салты

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған» - делінген.

Қазақта «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», деген сөзі бар. Ендеше, алдымен дүниеге келген жаңа ұрпақтың осындай жолға түспеуіне, олардың бұдан былай салауатты өмір сүруіне жағдай жасау керек. Ұлттық тәрбие ар-ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиетімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, парасаттылыққа, инабаттылыққа, арақ ішпеуге, бұзақылық жасамауға үйретеді. Қазіргі уақытта 16-18 жас аралығындағы жастар темекі, ішімдік, нашақорлық тәрізді жаман қылықтармен айналысады. Бұл олардың болашағына, денсаулығына кері әсер етеді. Мұндай жағдайлар болмас үшін қазіргі кезде нашақорлық пен ішімдікке қарсы күрес жүргізу ұйымдары жұмыс жүргізеді. Болашақта бақытты болғысы келетін азаматтар өз денсаулықтары үшін денешынықтыру жаттығуларымен және спортпен жиі айналысуы керек. Сонымен қатар қазіргі ХХІ ғасырдың ең қауіпті, зиянды ауруларының бірі СПИД-ке қарсы күрес жүргізілуі керек. Азаматтар әрқашанда бұл жаман дерттің қалай таралатынын естерінен шығармауы тиіс. Қазақстан Республикасында дені сау, білімді, бәсекеге лайық азаматтар өмір сүрсе, болашақта мемлекеттің гүлденуіне ешкімнің күмәні жоқ.

Салауатты өмір салты – адамның денсаулығын сақтап, нығайтуға арналған белсенді іс-әрекет. Салауатты өмір салтын қалыптастырғанда ғана мықты денсаулыққа ие болып, өмірдегі барлық мақсаттар мен армандарға жетуге болады.

1-тапсырма. Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.

2-тапсырма. Мына мақалдардың мағынасын қалай түсінесіз? Өз ойыңызды жеткізіңіз.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»;

«Дені саудың, жаны сау»;

«Басты байлық – денсаулық»;

«Ауру айтып келмейді».

3-тапсырма. Мына сұрақтарға толық жауап жазыңыз.

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз ба? «Салауатты өмір салты» дегенде ойыңызға қандай сөздер түседі?

4-тапсырма. Мына көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

... өмір, ... жол, ... ұрпақ, ... тәрбие, .... қасиет, .... әсер, ..... ұйым, .... азамат

5-тапсырма. Саналы азамат сөзін жіктеңіз.

12-тақырып. Спорт кешендері. Ұлттық салт-дәстүрлер. Көмекші етістік.

Спорт кешендері

Астана қазіргі заманғы Қазақ елінің үлкен спортын дамытуға үлкен үлес қосып келеді.

Бұл тұрғыда Астана қаласында қазіргі заманғы стандартқа сай бірнеше спорттық ғимараттар бой көтерді. Бұл орайда бірінші кезекте «Астана-арена» стадионын айтуға болады. 2009 жылы 3 шілде күні ашылған. 30 000 адамға арналған. Төбесі ашылып, жабылады. «Шатырының» ауданы – 10 000 шаршы метр. Мұндай стадион әлемде алтау-ақ. Шетелден келгендер таңдайларын қағып, тамсанады. Себебі мұндай стадион көп елде жоқ. Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Локомотив» футбол клубы үйдегі ойындарын осы стадионда өткізеді. Басқа да мәдени шаралар ұйымдастырылып тұрады.

Елордадағы спорттық кешендердің ішіндегі ең көрнектілерінің бірі  «Қазақстан» спорт сарайы. Ауданы 1800 шаршы метрлік (60х30) мұзайдын Швецияның «Нордик» фирмасының өнімі болып табылады. Мұнда өткізілетін шайбалы хоккей матчтары мен басқа спорт түрлері сайыстарын (мәселен, бокс жекпе-жектерін) 5000 адам тамашалай алады. 10 жолақты бассейн – еліміздегі ең тәуір хауыздардың бірі. Хауыздағы су итальяндық технологиямен тазартылады. Тренажерлік залында шведтік «Нордик» және украиналық Vasil Gum фирмаларының жабдықтары орналастырылған. «Қазақстан» спорт сарайында шайбалы хоккей, айкидо, дзюдо, каратэ, спорттық би секциялары жұмыс істейді.

Алау (мұзайдыны сарайы)  Астанадағы жабық коньки тебу стадионы. Шорт-трек, хоккей, кёрлинг және мәнерлеп сырғанаудан жаттықтыру және спорт жарыстарын өткізу үшін арналған. «Алау» мұзайдыны сарайы әлемдегі коньки тебу статиондарының ішінде 17-орынды иемденеді. Сонымен қатар қосымша фитнесс орталығы да бар, онда футзал, т.б. ойындар өткізуге болады.

1-тапсырма. Мәтіндегі жаңа сөздерді аударыңыз.

2-тапсырма. Төменде берілген сөздерді пайдаланып тіркесті сөздер құраңыз.

Шахмат, велоспорты, боксы, тейквондосы, күрес, жүгірумен, тоғызқұмалақ, баскетбол, хоккей, футбол, коньки, шаңғы, акробатикамен, волейбол.

Мысалы: баскетбол жарысы.