Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТДФ прак. метод.указ. 2015 КЛМ 2.09.15.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
382.46 Кб
Скачать

Ұлттық тағам

Қазақ халқыұлттық тағамдарға өте бай. Ұлттық тағамдар көбінесе сүттен, еттен, дән дақылдарынан жасалады. Әдетте сүт тағамдарын төрт түлік малдың сүтінен жасаған. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз ағарған, ақ деп атаған. Сүт тағамдары адам ағзасына өте пайдалы келеді. Сүт тағамдарының мынадай түрлері бар: сүт, қаймақ, айран, қатық, сары май, сүзбе, құрт, ірімшік, қымыз, шұбат. Қымыз, шұбаттың емдік қасиеті мол.

Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді. Олардың мынадай түрлері бар: ет (жас ет, сүр ет), қазы, қуырдақ – майға қуырылып пісірілген ет, шұжық – шикі еттің майлы жерінен турап, тұз, бұрыш қосып, ішекке тығып жасаған тағам, нарын – піскен ет пен қамырды ұсақтап турап, әбден араластырғаннан кейін, үстіне тұздық құйып берілетін тағам, жұмыр – ішіне сарымсақ, сәбіз, күріш, майлы ет салып, аузын түйреген қарын, түймеш – туралып, жаншылып, майға қуырылған тағам. Жылқының қазы-қартасы, жал-жаясы жоғары бағаланады.Ұннан жасалатын тағамдарға: нан, бауырсақ (тоқаш), шелпек, құймақ, бәтер – ашытылмаған қамырдан табаға пісірілген жұқа нан, таба нан – табаға пісірілген нан, тандыр нан – тандырға пісірген нан.

Дән тағамдарына бидайдан, тарыдан, жүгеріден, күріштен жасалатын тағамдар жатады. Бидайдан – бидай көже, талқан; тарыдан – тары көже, талқан, майсөк, жент ; жүгеріден – жүгері көже, бадырақ; күріштен – күріш көже, палау, сүркүріш сияқты тағамдар жасалады.

Жеміс тағамдарына әр түрлі кептірілген жемістер, қауынқақ, қауын–құрт, қауыншек т.б. жатады.

1-тапсырма. Мәтінді аударыңыз.

2-тапсырма. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыз.

3-тапсырма. Мақалдарды аударып, жаттап алыңыз.

Ас атасы- нан.

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

Ас – адамның арқауы.

Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің.

4-тапсырма. Бір тағам түрінің дайындалуы жайында жазып, әңгімелеңіз.

5-тапсырма. Мына сөйлемге синтаксистік таладу жасаңыз.

Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді.

14-тақырып. Тіл. Мәдениет. Өнер. Құрмалас сөйлем және оның түрлері. Аралық тест.

Тіл. Мәдениет

Тіл, ұлт, мәдениет деген ұғымдар қашанда бірін-бірі толықтырып тұратын құбылыс. Мысалы, тілсіз – ұлт, ұлтсыз – мәдениет, мәдениетсіз – ұлт та, тіл де болмайтынын ескерсек, тіл мәдениеті, ұлт мәдениеті, ұлт мәдениетінің болмысы, ұлттық сана, ұлттық болмыс секілді тіркестер бүгінгі қоғамда рух пен ақыл, ой мен сананың жедел қалыптасып, дамып жатқан тұсында ерекше маңызға ие.

Ұлы ғұлама Ахмет Байтұрсыновтың «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген ұлағаты бүгінгі күні де ұлттың рухын көтерер орынды сөз.Тәуелсіз еліміздің татулығы мен бірлігін, ынтымақтастығы мен елдігін арттыратын, елдігімізді паш ететін, жас ұрпақты патриотизмге баулитын да осы тілдің құдіреті.

Адам баласына Тәңірдің жасаған үлкен сыйы – тіл. Тіл адамның адамдық белгісі, жұмсайтын қаруы, ұлт намысының биік шыңы, елді тұтастырудың, танытудың кілті. Адами болмыс пен ұлттық болмыс деп аталатын егіз ұғымдардың да негізі тілде. Тіл арқылы кісінің ішкі жан дүниесін түсінесің. Тіл – адам баласының ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан мол қазынасы, басты байлығы. Әр тіл өзінше бір әлем. Қай халықтың болса да алтын діңгегі, ұлттық санасының негізі, іргетасы, тектілік белгісі, қозғаушы күші – тілі мен салт дәстүрі. Ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлығы, баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар бұлағы да тіл.

Мәдениет дегеніміз адамның ойлау, өзіне де, айналасындағыларға да талдау жасай білу қабілеті. Адамдарды ізгілікті, ақылды, моральдық міндеттемелерді мойнына алатын сыншыл жанға айналдыратын да – мәдениет. Мәдениет – адамның рухани және материалдық зерделілігінің және сезімдік қасиеттері айқын аңғарылатын белгілерінің жиынтығы. Кез келген мәдениет өзіндік ерекшелігі бар теңдесі жоқ қазынамыздың қоймасы болып табылады, өйткені әрбір халық өз дәстүрі мен рухани бейнесі арқылы танылады.

Әр халықтың құнды дүниесінің бірі, әрі бірегейі – оның мәдени мұрасы. Мыңдаған жылдардың тарихын таңбалап, өткен күннен белгі болып қалған тарихи-мәдени ескерткіштер, жазбалар, кешегі күн - бүгінгі тарихтан қандайда бір сыр шертетін деректер - баға жетпес асыл қазынамыз. Ғасырлар арасын жалғастырып, алтын көпірге айналған мұраларымыз жоқ емес, жетерлік. Кешегі мен бүгінді, бүгін мен болашақты сабақтастырған бұл қазынаның орны қашанда ерекше екені де баршаға аян. Әр мәдениет көрінісінің жарқын келбеті болған мұраларымызды келер ұрпаққа аманаттау –әрқайсысымыздың қасиетті борышымыз. Адамзаттық ұлы мәдениеттің негізін сан түрлі, сан бояулы ұлттық мәдениеттер құрайды. Ұлттық мәдениет негізін сол ұлттың алғашқы шаруашылық ыңғайы мен ата кәсібі арқылы қалыптасқан дәстүрлі тарихи мәдениетінен іздейді. Ал қаламгер Дидахмет Әшімханұлының тілімен айтатын болсақ:

Мәдениет – кең ұғымды, мол пішінді, терең мазмұнды дүние.

Мәдениетке жанашырлық – туған тілге жанашырлық.

Мәдениет дегеніміз – біздің Адам екенімізді айғақтайтын басты атрибут.

Мәдениет дегеніміз – адамгершілік, имандылық.

Мәдениет – ұлттың рухы.

Мәдениет – білімде ғана емес, біліктілікте.

Мәдениет – зиялы деген атауда емес, иман ұялаған инабатты бетте.

Мәдениет – ақиқат пен шындықта.

Мәдениет – елді, халықты, ұжымды басқаруда емес, елді, халықты, ұжымды сыйлауда, олармен санасуда.

Мәдениет – баршамызға ортақ дүние. Ендеше, баршамыз жабылып, мәдениетті, төл мәдениетімізді көтеруге жұмылайық!

1-тапсырма. Тіл, ұлт, мәдениет деген сөздерді қалай түсінесіз?

2-тапсырма. Ұлы ғұлама Ахмет Байтұрсыновтың тіл туралы айтқан даналық сөзінің мағынасын түсіндіріңіз.

3-тапсырма. Тіл туралы бірнеше мақал – мәтелдерді жатқа айтыңыз.

4-тапсырма. Мәдениет дегеніміз не? Ойтолғау жазыңыз.

5-тапсырма. Тіл мен мәдениет туралы өнегелі ойларды есте сақтаңыз.

Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті. (Ғ. Мұстафин)

***

Тіл жоқ жерде ұлт жоқ. (Ш. Айтматов)

***

Мәдениет пен өнер ісінің сан алуан сәулетті түрін көп уақыт сақтап, келесі заманға мирас етіп отыруға болады.