Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
129
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
143.87 Кб
Скачать

Абсолютті жер рентасы

Дифференциалды жер рентасы

Монопольды рента

Экологиялық рента

СЕБЕПТЕРІ

Жерге жеке меншік монополиясы

Шаруашылық жүр гізу обьектісі ретін де жерге монополия

Ерекше сападағы жерлердің шектеулілігі

Жерлердің экологиялық жағдайындағы айырмашылық

Жер рентасының маңызды жағы – ауыл шаруашылық өніміне баға қалыптастырудың ерекшелігі. Табиғи құнарлылық пен белгілі бір географиялық жағдай қандай да бір деңгейде капиталға бағынбайды. Ал ауыл шаруашылық өнімдеріне деген қажеттілік тұрақты өсіп отырады. Осыған байланысты егер өндірілген өнім төлей аларлық сұраныспен қамтамасыз етілетін болса, онда ауыл шаруашылық тауарлары өндірісінің бағасын қалыптастырудың реттеуші факторлары болып құнарлылығы мен орналасуы бойынша нашар жер жағдайы болып табылады. Жақсы және орташа сападағы ауыл шаруашылық жерлерінің шектеулілігі өндіргіш күші өте төмен нашар жерлерде өнім өндіру есебінен нарықтық сұранысты қанағаттандыруды мәжбүр етеді. Егер импорттық азық-түлік өнімдеріне көңіл бөлінбесе, онда қымбат өнім алынатын нашар жерлерді игеру жолымен сұранысты қанағаттандыру қажеттілігін белгілеу керек. Сол себепті нарықтық баға қалыптастыруда жоғарғы шегі болып құнарлылығы төмен жерлерде ауыл шаруашылық өнім бірлігінің орташа өндіріс шығындары табылады. Құнарлылығы орташа және жоғары жерлерде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру нарықтық бағада қосымша таза табыс- дифферециалды жер рентасын құруға мүмкіндік береді. Ол өткізу нарығына қарай тиімді орналасқан жер учаскелерінен ауыл шаруашылық өнімін сатқан кезде де пайда болады. Демек, өзінің экономикалық мәні бойынша рента өндіріс пен өткізудің жақсы жағдайында егін шаруашылығы өнімінің қоғамдық құнының оның төменгі индивидуалды құнынан артуы.

Шаруашылық тәжірибеде жақсы, орташа және нашар жер учаскелері қолданылады. Осыған сәйкес дифференциалды рентаның пайда болу шарттарын көрсетейік:

Дифференциалды рентаның пайда болу шарттары

Жер учаскесі

Капитал шығына

Пайданың орташа нормасы

Барлық өндірілген өнімнің индивидуаль-ды бағасы

өнімділік

тн

1тн өнімнің индивидуалды құны

өндіріс-тің қоғамдық бағасы

1 тн

Барлық өнімді сатудан түскен түсім

пайда

І

100

20%

120

6

20

30

180

+60

ІІ

100

20%

120

5

24

30

150

+30

ІІІ

100

20%

120

4

30

30

120

-

Жақсы жер учаскесінен 6 тонна өнім алынған және 1 тоннаны өндірудің индивидуальды бағасы 20 долларды құраған. Екінші учаскеден өнімділік 5 тонна болғандағы 1 тонна өнім өндірудің индивидуалды бағасы 24 доллар құраған. Ең қымбат өнім нашар жер учаскесінен алынған-1 тоннасы 30 доллар. Нарықта өнім қандай бағада сатылады? - деген сұрақ туады. Егер бұл өнеркәсіптік өнімге қатысты болатын болса, онда бәсеке механизмі орташа нарықтық бағаның белгіленуіне алып келер еді. Үшінші кәсіпорындағы кәсіпкер бұл жағдайда банкроттыққа ұшырайды. Ал ауыл шаруашылық өндірісінде жағдай басқаша. Өнім бірлігіне есептегендегі өндірістің қоғамдық бағасы нашар жер учаскесіндегі өндіріс жағдайымен қалыптасады. Сондықтан кәсіпкерлер орташа пайда алу шартымен нашар жер учаскелерін де арендаға алады. Фермерлер өнімді бірдей нарықтық баға бойынша сататындықтан жақсы және орташа жерде шаруашылық жүргізу қосымша пайда алуды қамтамасыз етеді. Бұл өнім бірлігінің қоғамдық бағасы мен индивидуалды баға арасындағы айырма.

Жоғарыда аталған дифференциалды рентаның тек бірінші түріне қатысты. Бірақ ауыл шаруашылығында екінші түрдегі дифференциалды рента пайда болып меншіктелінеді. Оның экономикалық негізі ауыл шаруашылығы өндірісін интенсивтендіру, жерге қосымша капитал салымымен байланысты. Екінші түрдегі табыстың белгілі бір шегі бар. Адам жердің құнарлылығына ықпал ете алады, бірақ бұл жағдай шексіз емес. Ерте ме, кеш пе жерге қосымша еңбек пен капитал тартудан алынатын қосымша табыс қысқаратын жағдай туады. Жерге де қатысты кемімелі табыстылық заңы әрекет етеді. Әлемде фермер жердің меншік иесі, әрі оны пайдаланушы болып табылатын жағдайлар жиі кездеседі. Осы жерде меншік иесі-фермер жерді қалыптастырған жоқ, бірақ табиғаттың сыйы ретінде рентаны иемденуі әділетті ме деген сұрақ туады. Шын мәнінде рента экономикалық категория ретінде экономикалық қатынастар жүйесінің әрекет ету нәтижесі. Капиталдың меншік иесі процентке ие болатындығы сияқты меншік иесі- фермер де дәл сондай шаруашылық іс-әрекетке тартылған мүлкінен (жерден) табыс алады.

Жердің бағасы.

Дамыған нарықтық шаруашылықта жер сатып, сатылып алынады. Жерді сатқанда жер иесі ренталық табысты жоғалтқысы келмейді. Оның жерден алған ақшасының банкке салынғанда немесе қарызға берілгенде алатын табысы рентаға тең болуы керек. Өз кезегінде сатып алушы жерді сатып аларда жерден алатын ренталық сомасы банкке салатын ақшамен алған проценттен кем болмауы керек. Сонымен жердің бағасы жердің рента мөлшеріне тікелей пропорционалды банк процент нормасына кері пропорционалды болады. Өзгермейтін рента барысында жердің бағасы өседі егер процент төмендесе. Жердің нарықтық бағасы жерге деген сұраныс және ұсыныспен анықталады. Бірақ жердің жалпы мөлшері өзгермейді.

Соседние файлы в папке по новому типовому