Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
97
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
246.78 Кб
Скачать

13. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары

13.1. Экономикадағы ақша-несие жүйесі. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс.

13.2. Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы

13.3. Мемлекеттік бюджет: ұғымы және құрылымы.

13.4. Бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру әдістері. Мемлекетік қарыз түрлері

13.5 Нарықтық экономикадағы табыстар. Табыс теңсіздігінің себептері. Лоренц қисығы.

13.6. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні мен мақсаттары

13.1. Экономикадағы ақша-несие жүйесі. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс.

Ақша массасы – бұл экономикада тауарлар мен қызметтердің айналымы үшін қажетті қолма-қол және аударым ақша нысанындағы барлық ақша құралдарының жиынтығы.

Ұсыныс – ақша массасының айналымы немесе айналымдағы барлық ақшалар. Ақша ұсынысы үшін ақша агрегаттары қолданылады:

М1 - айналыстағы қолма-қол ақшалар: монета, қағаз ақшалар, ағымдық есептегі ақшалар

М2 - М1 + тұрғындардың депозиттері мен банктік емес заңды тұлғалардың депозиттері, ағымдық салымдар

М3 - М2 + коммерциялық банктердің жинақ шотындағы ақшалар, мамандандырылған қаржы институттарындағы депозиттер

Ақшаға сұраныстың үш түрі ажыратылады:

  1. келісім жағынан ақшаға сұраныс

  2. активтер жағынан ақшаға сұраныс

  3. ақшаға жалпы сұраныс

1. Келісім жағынан ақшаға сұраныс. Ақша адамдарға айналым құралы ретінде, яғни тауар мен қызметтерді сатып алу үшін қажет. Үй шаруашылығына тауар сатып алуға, қарыздар мен коммуналдық төлемдерді төлеуге жұмсалады. Кәсіпорындарға еңбек ақы төлеуге, материалдар мен энергияға кеткен шығындарды төлеу үшін қажет. Осы мақсаттар үшін қажетті ақша келісім үшін ақшаға сұраныс деп аталады. Келісім үшін қажетті ақшаның саны жалпы ұлттық өнім құнымен анықталады.

Ақша айналымының заңы айналыс үшін қажетті ақшаның санын реттейді:

Барлық тауарлар мен қызметтер бағасының сомасы

Ақша саны = ----------------------------------------------------------------------------------;

Ақша бірлігінің айналым саны немесе ақша жылдамдығы

Біріншіден, қажетті ақшаның саны өндірілген өнім мөлшері мен тауардың бағасына тәуелді. Екіншіден, ақша белгілері санының ұлғаюы өзгеріссіз жалпы ұлттық өнім жағдайында бағаның өсуіне алып келеді. Осы және басқа ерекшеліктері ақша айналысын реттеуде қолданылады. Айналымдағы ақшаның саны қажетті мөлшерден аз да, көп те болмауы қажет. Ақшаның қажетті мөлшерден артуы инфляцияға, ал жетіспеушілігі өндірістің тоқтауына алып келеді.

2. Активтер жағынан ақшаға сұраныс. Адамдар ақшаны қор жинау құралы ретінде, актив түрлерінің бірі ретінде ұстауды көздейді. Қаржылық активтерді әртүрлі формада - акция, облигация немесе ақшалай (қолма-қол немесе чектік салымдармен) ұстауға болады. Демек, активтер жағынан ақшаға сұраныс бар. Ақшаны иемдену өз алдына құндылық болып табылады. Активтерге қолма-қол ақша, ағымдық, мерзімсіз шоттардағы, жедел шоттардағы ақшалар, сертификаттар, облигация, акция, алтын және күміс заттар, автокөлік, жер учаскесі, пәтер, үй жатқызылады. Кез-келген уақытта толық құны бойынша басқа кез-келген затқа айырбасталатын актив ликвидті (өтімді) актив деп аталады. Ақша басқа актив түрлерінің ішіндегі ең ликвидті (өтімді) актив. Егер ақшаны иемденудің артықшылығы оның ликвидтілігі (өтімділігі) болса, кемшілігі басқа қаржы активтерімен салыстырғанда оның процент түрінде табыс әкелмеуі болып табылады.

Жинақтаушы салымдар, облигация мен басқа да бағалы қағаздар бойынша процент ставкасы активтің қанша бөлігін бағалы қағаздар, қаншасын ақшалай түрде ұстау керектігін шешуге ықпал етеді. Айталық, сізде әрқашан шығындарға жұмсайтын 1000 доллар ақшаңыз болсын. Егер ағымдық салымдар бойынша проценттік ставка ай сайын 5% болса, онда "жіберіп алған мүмкіндіктерініз" ай сайын 50 долларды құрайды. Егер мемлекеттік қарыз облигациялары бойынша процент 10% болса, онда сіз ай сайын қолма-қол ақша қоры ретінде 100 долларды жоғалтасыз. Проценттік ставка жоғары болған сайын ақшаны қолда ұстаудың мүмкіндігі азаяды. Егер акциялар бойынша дивиденттер немесе облигациялар бойынша проценттік төлемдер артатын болса, онда сіз ақшалай қорларыныздың бір бөлігін акция мен облигацияға айналдырасыз. Осылайша ақшаның белгілі бір санын қорда ұстауға деген тілекке ықпал ететін фактор – бұл басқа актив түрлерінің, ең бірінші кезекте салымдар бойынша проценттік ставканың тиімділігі болып табылады.

3. Ақшаға жалпы сұраныс. Ақшаға жалпы сұраныс бұл келісім жағынан ақшаға сұраныс пен активтер жағынан ақшаға сұраныстың қосындысы. Ақшаға жалпы сұраныс жалпы ұлттық өнім құны мен проценттік ставкаға тәуелді болады.

Ақша ұсынысын үкімет тарапынан белгілі бір шаралар көмегімен өзгертуге болады. Үкімет ақша ұсынысын, яғни қолма-қол ақша ретінде ақша эмиссиясын, сондай-ақ несиелік эмиссияны бақылап, белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін ақша ұсынысын басқару қажет.

Ақша нарығында сұраныс алдын-ала жалпы ұлттық өнім құнымен анықталған салыстырмалы тұрақты шама. Ал ақша ұсынысын үкімет және Ұлттық (Орталық) банк тарапынан белгілі бір шаралар жүргізу жолымен өзгертуге болады. Ақша ұсынысының өзгеруінің белгілі бір салдары болады. Айталық, ақша нарығында аталған сәтте уақытша тепе-теңдік орнасын, адамдардың қолында олардың сұранысына сәйкес келетін ақша бар. Енді ақша ұсынысы ұлғайды деп елестетейік. Ақша қорларын олар өздерінің активтерінің құрылымын өзгерту – мысалы корпорацияның акциясын сатып алу немесе мемлекеттік облигациялар сатып алу арқылы өзгертеді. Ақша ұсынысының өсуі басқа да актив түрлеріне сұранысты арттырады. Бұл тауарларға бағаның өсуіне, акция мен облигацияға бағаның жоғарылауына және ақшаны пайдаланғаны үшін нарықтық проценттік ставканың төмендеуіне алып келеді. Активтер құрылымы оның барлық түрлерінің шекті пайдалылығы бірдей болғанша өзгере береді.

Егер ақша айналымға оған деген сұраныстан аз шығарылатын болса, онда адамдар тағы да активтердің құрылымын өзгертуге тырысады. Олар сатып алу көлемін қысқартуға талпынады, бұл тауарларға бағаның төмендеуіне алып келеді. Сондай-ақ жылжымайтын мүлік, акция, облигация сата бастайды, бұл олардың нарықтық бағасының төмендеуіне алып келеді. Аталған процесс барлық активтердің шекті пайдалылығы бірдей болғанша жалғаса береді. Ақшаны пайдаланғаны үшін проценттік ставка бұл жағдайда өсетін болады. Осылайша ақша ұсынысының санына әсер ете отырып, ақша массасының көлемі бүтіндей экономиканың жағдайына әсер ететіндіктен көптеген процестерге ықпалын тигізеді. Көрсетілген тәуелділіктерді білу монетарлық саясаттың негізінде жатыр.

Ақшаның сатып алу қабілеттілігі – бұл ақша әрбір бірлігіне сатып алуға болатын тауарлар мен қызмет көрсетулер саны. Баға деңгейінің жоғарлауында ақшаның сатып алу қабілеттілігі төмендейді немесе керісінше.

Орталық банктің ақша-несие саясатының құралдары

Орталық банкте ақша-несиелік бақылаудың негізгі үш құралы бар:

1. Ашық нарықтағы операциялар

2. Резервтік норманың өзгеруі

3. Есеп ставкасының өзгеруі

1.Орталық банк ашық нарықта коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды сатты делік. Бағалы қағаздарды сату нәтижесінде коммерциялық банктердің резервтері төмендейді. Резервтің төмендеуі несие қоры мөлшерінің төмендеуіне алып келеді, ал ізінше елдегі ақша ұсынысы азаяды.

2. Орталық банктің директорлар кеңесі белгіленген резервтік норманы 20%-дан 25 %-ға көтеруге шешім қабылдады делік. Мысалы, банктің 50 мың теңге резерві болса, оның 40 мыңы 200 мың теңге салымдардың міндетті нормасына сәйкес келеді. Демек, банктің несиеге беруге болатын артық резерві 10 мыңды құрайды. Резерв нормасын 20%-дан 25 %-ға көтергеннен кейін міндетті резервтер 50 мың теңгені құрайды да артық резерв болмайды. Банк несиелеу жолымен ақша массасын кеңейту мүмкіндігі қысқарады. Заңға сәйкес коммерциялық банктер өзінің қаражаттарының бір бөлігін резерв түрінде Орталық банкте сақтауға міндетті. Резерв мөлшерін Орталық банк орнатады. Егер 10 % резервтік нормада банк тұрғындардан 200 мың теңгеге дейін салымдар қабылдайтын болса, онда ол резервте міндетті түрде 20 мың теңгені ұстауы керек. Резервтің азаюы коммерциялық банктердің еркін ақшаларын клиент арасында орналастыру мүмкіндігіне алып келеді де ақша массасы мемлекетте өседі. Резервтің өсуі ақша ұсынысының азаюына әкеледі, олардың бағасы, яғни пайыз деңгейі өседі, яғни ақша қымбаттайды. Орталық банк жүргізетін резерв саясаты ақша-несиелік реттеудің құралы болып табылады. Ол елдегі несие көлемін тез қысқарту немесе кеңейту құралы ретінде пайдаланылады.

3. Орталық банктің негізгі функцияларының бірі бұл коммерциялық банктерге ақшаны қарызға беру. Коммерциялық банк несиені алған кезде Орталық банкке өзіне берілген қарыздық міндеттемелерді орындайды. Ал Орталық банк несие бергені үшін белгілі бір проценттік төлем алады. Коммерциялық банктерге берілетін несиелер үшін қойылатын ставка есеп ставкасы деп аталады. Есеп ставкасының төмендеуімен Орталық банк несиелеріне коммерциялық банктердің сұранысы артады. Бірмезгілде коммерциялық банктердің резервтері өсіп, кәсіпкерлер мен тұрғындарға несие беру мүмкіндігі артады. Несие үшін банк пайызы да төмендейді. Елдегі ақша массасының ұсынысы өседі. Керісінше елдегі ақша массасын азайта отырып, Орталық банк есеп ставкасын көтереді. Есеп ставкасының көтерілуі сондай-ақ инфляциямен күрес тәсілі болып та табылады.

Экономикалық жағдайға тәуелді Орталық банк арзан және қымбат ақша саясатын жүргізеді. Егер экономикада өндірістік қуаттылықты толық пайдаланбау, жұмыссыздық орын алатын болса, онда Орталық банк арзан ақша саясатын жүргізеді. Арзан ақша саясаты несиені арзан етеді және оны алуды жеңілдетеді. Бұл үшін ақша ұсынысын ұлғайту қажет. Осы жағдайда келесі әрекеттер жүзеге асырылуы тиіс:

а) мемлекеттік бағалы қағаздарды ашық нарықта банктер мен тұрғындардан сатып алу;

б) заңмен белгіленген резервтік норманы төмендету;

в) есеп ставкасын түсіру.

Ақша ұсынысының өсуі процент ставкасын төмендетіп, инвестиция мен іскерлік белсенділікті көтереді. Егер елде инфляция байқалатын болса, онда қымбат ақша саясатын жүргізу керек. Ақша ұсынысын қысқарту үшін келесі шаралар жүргізіледі:

а) мемлекеттік бағалы қағаздарды ашық нарықта сату;

б) резерв нормасын көтеру;

в) есеп ставкасын көтеру.

Егер банктің резервтері салымдар мөлшерінен аз болса, онда банк қарыздар мен ақша шығынымен байланысты басқа да операцияларды қысқартады. Ақша ұсынысы қысқарып, пайыздық ставкасы өседі. Процент ставкасының өсуі инвестицияны қысқартып, инфляцияны шектейді.

Соседние файлы в папке по новому типовому