Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
120
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
97.28 Кб
Скачать

2. Қоғамдық өндірістің негіздері

2.1. Экономика және адам. Экономикалық мүдделер мен экономикалық іс-әрекеттердің ішкі себептері

2.2. Қоғамдық өндірістің құрылымы мен нәтижелері

2.3. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары.

2.4. Экономикалық жүйелердің типтері

2.1. Экономика және адам. Экономикалық мүдделер мен экономикалық іс-әрекеттердің ішкі себептері

Адамдар экономикалық әрекеттерін белгілі бір жағдайларда немес орталарда жүзеге асырады. Басты жағдайларда әлеуметтік және табиғи орталар жатады.

Адамның әлеуметтік ортасы:

1. меншік қатынастары

2. қоғамның әлеуметтік құрылысынан тұрады

Меншік қатынастарына байланысты адамның қоғамдағы алатын орны, қоғамдың өнімдегі оның үлесі, адамның ролі анықталады. Меншік формалары іскерлік белсенділікке әртүрлі әсер етеді. Жеке меншік жеке мүдделер тұрғысынан анағұрлым нәтижелі еңбекке жетелейді. Алайда әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарастырсақ, кейде ол барлық жағынан жақсы емес. Біреулердің қолына түскен нәрсе екінші біреулер үшін қол жеткісіз болады. Байлық пен кедейлік жіктеліп, эгоизм қалыптасады. Қоғамның мүліктік жіктелуі өсіп, бұл әлеуметтік шиеленісті туғызады. Сондықтан қолайлы әлеуметтік орта қалыптастыру мақсатында мемлекет игіліктердің бір бөлігін жалпыға ортақ игіліктер ретінде қалдыруы қажет.

2. Қоғамның әлеуметтік құрылысы әлеуметтік заңдарға, яғни жұмыс істейтін азаматтар, жұмыссыздар, әртүрлі себептерге байланысты жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ адамдардың жағдайын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығына негізделеді. Әлеуметтік заңға елдегі зейнетақы, жәрдемақы, мүгедектерге, ауруларға, қарияларға басқа да еңбекке жарамсыз халыққа қызмет көрсетуді көздейтін әлеуметтік сақтандыру жағдайына тәуелді. Қоғамның әлеуметтік ортасының деңгейін өмір сүру мен еңбек етудің, тұрғын үй, коммуналдық және тұрмыстық жағдайлары, бос уақытты пайдалану мүмкіндіктері, денсаулық сақтау, білім беру, мәдените және т.б.деңгейлері сияқты көрсеткіштерге қарап бағалайды.

Табиғи ортаға табиғи және еңбек ресурстары мен басқа да өмір сүру жағдайлары жатады.

Материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалынады. Қажеттілік – бұл жеке тұлғаның немесе қоғамның өз өмір жағдайын немесе дамуын қалыпты деңгейде жүргізуге қажет қандай да бір нәрсеге талабы. Ол жоғарғы және төменгі деңгейлі, әлеуетті және төлем қабілетті және тағы басқа болып келеді. Әдетте қажеттіліктерді үш топқа бөледі: материалдық, рухани, әлеуметтік.

Материалдық қажеттілік – бұл адамның киімге, тамаққа, тұрғын үйге, сондай-ақ фирмалар мен мекемелердің ғимараттарға, құрылыстарға, транспорт пен басқаларға деген сұраныстарын жатқызамыз. Рухани қажеттіліктер – бұл ғылыммен, өнермен шұғылдану, білім алу және т.б Қоғамның дамуына орай қоғамдық және ұжымдық қызмет формаларына қатысуына байланысты әлеуметтік қажеттіліктерді кеңейту мен қанағаттандыру мүмкіндіктері де өседі. Олар материалдық та, рухани да болуы мүмкін, бірақ ең бастысы олар қоғамдық сипатта және көптеген адамдардың бірге өмір сүруі мен ынтымақтасуы қажеттігіне байланысты.

Қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесі екі сфераның даму деңгейімен анықталады: материалды және материалды емес өндіріс. Материалды өндіріс сферасында заттық игіліктер өндіріледі (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және т.б.) және материалдық қызметтер көрсетіледі (транспорт, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету). Материалдық емес сферада рухани және басқа да құндылықтар жасалынып, сәйкес қызметтер көрсетіледі (білім беру, мәдениет және т.б.). Бұл екі сфера да ұдайы қарым-қатынаста болады және адам өмірінің негізін құрайды.

Соседние файлы в папке по новому типовому