Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
120
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
97.28 Кб
Скачать

2.2. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері

Күнделікті өмірде "экономика" және "өндіріс" – ұқсас ұғымдар. Бірақ экономикалық теорияда олар әртүрлі мазмұнға ие. Өндіріс бұл экономиканың тек бір бөлігі ғана. Экономика әрқашан өндірістен тұрады, бірақ өндіріс әрқашан экономика бола бермейді, демек, экономика ұғымының көлемі өндіріс ұғымынан әлдеқайда ауқымды.

Экономика өзінің құрылымы бойынша қоғам өмірінің болашақ ерекше сферасы бола отырып, әлеуметтік сипатқа ие. Ал өндіріс тек ғана технологиямен байланыстырылуы мүмкін. Өйткені оның қалыптасуы үшін әлеуметтік байланыстар міндетті емес (мысалы, Робинзонның шаруашылығын өндіріс ретінде сипаттауға болады, бірақ ол экономика болып табылмайды).

Экономикаға синоним адамдардың біріккен іс-әрекеті формасында жүзеге асырылатын "қоғамдық өндіріс" категориясы бола алады. Шындығында біріккен өндірістік қызмет туындаған кезде экономикалық қатынастардың барлық буыны пайда болады: егер бірігіп өндірген болсақ, онда сол өндірген өнімді қалай бөлуге, айырбастауға, тұтынуға болады? Біріккен шаруашылық іс-әрекетте өндіріс әрқашан экономикаға ұласады. Өйткені өндірістің қатысушыларына тұрақты түрде қандай жағдайларда олар өндіреді (яғни өндіріс жағдайы кімге тиесілі болады), өндірілген өнім қандай принципке сай бөлінеді, өнімнің жеке үлесі мен айырбастау принциптері қандай, тұтыну формалары қалай болмақ деген мәселелерді шешу қажет. Міне, сондықтан да саяси экономиялық теорияда "өндіріс" түсінігі екі жақты тұжырымға ие: біріншіден, ол экономиканың фазалық сипаттамасында ерекше, дербес және басты фаза, екіншіден, ол қоғамдық болып табылады, бұл жағдайда "бөлу", "айырбас" және "тұтыну" өндіріс жүйесіне оның ажырамас құрамдас бөлігі ретінде енген.

Адам мен қоғамның өмірінің негізінде өндірістің шаруашылық қызметі жатыр. Өндіріс - бұл адамдардың табиғаттың заттарына ықпал жасай отырып, материалды және рухани игіліктерді өндіру процесі. Игіліктер деп адамдардың мақсаты мен талабына жауап беретін, олардың кажеттіліктерін қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Оларды екі топқа бөлуге болады: табиғи заттар (жер, орман, өзен, көлдер т.б.) және экономикалық игіліктер- адамдардың саналы өндірістік қызмет нәтижелері. Өндіріс үш элементтің өзара әрекеттесуі арқасында жүзеге асады: адам еңбегі, еңбек заттары және еңбек құралдары. Оларды еңбек процесінің қарапайым мезеттері деп атау қабылданған.

Еңбек - бұл адамдардың материалды және рухани игілік пен қызметті құру бойынша мақсатқа сай қызметі. Еңбек заттары дайын өнім жасаудағы адамның еңбегі мен ықпалы. Еңбек құралдары адамның еңбек заттарына ықпал жасайтын құралдары. Қандайда бір тауар құруға қажетті еңбек заттары мен құралдары өндіріс құраддарын белгілейді.

Игіліктер өндірісі: 1-ден, адам мен табиғатың қарым-қатынасы; 2-ден адамның шаруашылық қызмет процесінде өзара әрекеттерін көрсетеді. Өзара байланыстың 1-ші түрін өндіргіш күштер деп атайды; 2-шісін экономикалық қатынастар деп;атайды.

Өндіргіш күштер бұл қоғамдық өндірістің өзара әрекетіндегі жеке (жұмыс күш) және заттай (өндірістің құралдары) факторлар.

ҒТР өндіріс факторларын жаңғыртады. Осылайша өндіріс құралдары информатикамен, электронды есептеуіш және компьютерлік -техникамен байытылады. Еңбек жағынан да сапалы өзгерістер болады. Оның ғылыми ұйымдастырылуы пайда бола бастайды, жұмысшылардың квалификациялық және парасатты деңгейі көтеріледі, адамның кәсіпкерлік қабілеттілігінің ролі мен мәнділігі артады.

Экономикалық қатынастар бұл материалды және рухани игіліктер мен қызметтерді тұтыну және айырбастауда, орналастыруда, өндіріс процесінде пайда болған адамдар арасындағы қатынас. Экономикалық қатынастардың сипаты өндіріс құралдарына меншіктік формасымен анықталынады. Олар өздеріне 1-ден, тек өндіріс саласында тартылатын өндірістік қатынастарды және 2-ден, өндірістік емес саладағы қатынастарды қосады. Экономикалық қатынастар құбылыс бойынша ұйымдастыру -экономикалық және әлеуметтік болып екіге бөлінеді.

Ұйымдастыру-экономикалық қатынастар өндірілген өнім өндірісінің, бөлінуі мен айырбасталуының қалай ұйымдастырылғанына қарай қалыптасады. Еңбекті бөлу, еңбек кооперациясы өндірістің шоғырлануы және оның орталықтандырылуы және тағы басқа ұйымдастыру формалары болып табылады. Бұл қатынастардың құрылуымен дамуын тарихта үш этапқа бөлуге болады:.

1) Еңбектің қарапайым кооперациясы;

2). Мануфактура;

3). Машиналық өндіріс;

Еңбек кооперациясы бір адамның басқаруымен біркелкі жүмыс орындайтын бірнеше адамдардың бірігуі. Бұл бір адамның міндеттерді шешу үшін және мұнымен экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету үшін күшінің жетіспеуінен біріктіруге мүмкіндік берді.

Мануфактура бұл да еңбек кооперациясы, бірақ айырмашылығы өнімділікті едәуір арттыратын еңбекті бөлу қатысады.

Машиналық өндіріс еңбектің өтімділігімен өндірістің тиімділігінің өсуіндегі келесі нақты қадам болып табылады. Ол өндірістің техникасы мен технологиясын түбегейлі өзгертті және өндірістің жаңа техникалық қабілеттілігіне өтуді шарттады.

Әлеуметтік-экономикалық қатынастар өндіріс құралдарына меншіктің формасымен анықталатын өндіріс шарттары бойынша адамдар арасында қалыптасады. Тұтыну, айырбастау, бөлу және өндірістік қатынастардың әлеуметтік-экономикалық мазмүны меншікті формадан тәуелді болады. Бұл қатынастардың дамуы әр уақытта меншіктенушінің қызығушылығында жүзеге асады.

Қоғамдық өнім адамдардың жыл бойғы қызметтерінің нәтижесі болып табылады. Өз айналымында ол төрт сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.

Өндіріс қоғамдық өнімді өндірудің бастапқы сатысы, осыдан қозғалыс басталады. Ол қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалдық өнім өндіру процесі. Адамзат қоғамы дамуының барлық сатыларында да өндіріс басты орын алады. Ол жөнінде әр түрлі экономистердің айқындамалары бар. Бір экономистердің ойы бойынша өндіріс қоғам өмірінде жетекші, шешуші роль атқарады. Өйткені тек өндіргенді бөлуге, айырбастауға және тұтынуға болады. Басқалардың ойы бойынша айырбас пен бөлу қоғамда шешуші роль атқарады. Өйткені айырбас жүрген кезде экономика пайда болады. Олар өздерінің шешімдері мен Батыс зерттемелерін қолдайды. Себебі ол жерде айырбас пен бөлу бастапқы саты болып табылады.

Бөлу өндірілген өнімде адамның әрбір анықталған үлесін білдіреді. Айырбас бұл бір тауарлар келесі тауарларға айырбасталатын процесс. Бір шынжырдың бойы сияқты бөлу мен айырбас өндіріспен байланысқан. Айырбас пен бөлу өндіріс пен тұтыну арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Тұтыну өз алдына адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін құрылған игіліктерді қолдануды көрсетеді. Өнімді қолданудағы нәтиже қорытындысы тұтыну болып табылады.

Тұтыну өндірістік және өндірістік емес болуы мүмкін. Өндірістік түтыну өндіріс процессінде өндіріс құралдары мен жұмыс күшін қолдануды білдіреді. Өндірістік емес тұтыну қоғамдық және жеке түрінде көрініс табады. Жеке тұтыну бұл адамдардың қажеттіліктерін тамақпен, білім берумен, киіммен, демалыс орындарымен және т.б. өнімдермен қанағаттандыру.

Қоғамдық тұтыну қоғамның қажеттіліктерін ғылыммен, біліммен, мәдениетпен басқару және т.б. қажеттіліктермен қанағаттандыру.

Адам тұтынған кезде, ол өнім сапасын жоғалтады, яғни оларды қайтадан өндіру қажет.

Үдайы өндіріс бұл өндіріс процесінің қайталануы. ¥дайы өндіріс жәй және үлғаймалы ұдайы өндіріс болып екіге бөлінеді. Жәй ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің алдыңғы масштабындағыдай қайталануы. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс - барлық ұлғайтылған мөлшерде жаңартылу түсінігін береді.

Қоғамдық өнім қозғалысының барлық төрт сатысы бір-бірімен тығыз байланысқан және қоғамдық өндірісті құрайды.

Тиімділік қоғамдық өндірістің қалыптасуының басты көрсеткіші болып табылады. Ол өндіріс шығындарының нәтижелік қатынасымен анықталады.

Соседние файлы в папке по новому типовому