Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
95
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
102.91 Кб
Скачать

6. Кәсіпорын капиталының айналымы және толық айналымы

6.1. Кәсіпорын капиталының айналымы және толық айналымы

6.2. Негізгі және айналмалы капитал

6.3. Негізгі капиталдың тозуы. Амортизация

6.4. Негізгі және айналым капиталын тиімді пайдалану көрсеткіштері

6.5. Инвестицияның мәні және құрылымы

6.1. Кәсіпорын капиталының айналымы және толық айналымы

Кәсіпкерлік капитал өндіріс сферасынан айналыс сферасына өте отырып, әрдайым тұрақты қозғалыста болады, шеңбер айналым жасайды. Капиталдың шеңбер айналымы алғашқы құнды ұлғайту мақсатында барлық өзара байланысты : жабдықтау, өндіріс, өткізу процестерін қамтитын сфералар арқылы тауарлы-ақшалай формада өндіріс құралдары қозғалысының толық циклін көрсетеді. Материалдық игіліктерді өндіру үшін кәсіпорынға салынған кез-келген капитал өзінің қозғалысын ақшалай формада бастайды. Өз қозғалысында капитал үш сатыдан өтеді:

І саты: ақшалай капитал өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күші түріндегі тауарларды сатып алуға жұмсалады.

Ж.К

А Т

Ө.Қ

ІІ саты: өндіріс процесінде өндіріс құралдары мен жұмыс күшінің бірігуі және өзара әрекеттесуі арқылы жаңа өнім жасалады.

А Т…..Ө…..Т*

ІІІ саты: осы жаңа өнімді нарықта сата отырып, кәсіпкер алғашқы авансыланған капиталдың өскен сомасын алады.

А Т…..Ө……Т* А*

Шеңбер айналымның үш кезеңінің біріншісі - жабдықтаушы -дайындаушы және үшіншісі – коммерциялық - өткізу нарықта айналыс процесін, ал екіншісі - өндіріс процесін құрады.

Капиталдың осы үш кезең арқылы кезекті өтуі және оның үш функционалды формаларының ауысуы капиталдың шеңбер айналымы деп аталады. Жекелеген акт емес, кезеңді қайталанатын процесс ретінде қарастырылатын, нәтижесінде авансыланған құнның барлық сомасы толығымен өзінің бастапқы формасына қайтарылатын капиталдың шеңбер айналымы капиталдың айналымы деп аталады. Шеңбер айналым мен айналым органикалық өзара байланысқан. Айналым шеңбер айналымнан кең, өйткені капиталдың жекелеген элементтері әртүрлі жылдамдықпен қозғалысын аяқтайтындықтан олардың авансыланған құны өзінің бастапқы формасына әртүрлі уақытта қайтарылады. Бір бөлігі - әрбір шеңбер айналымнан кейін, мысалы, тұтынылған шикізаттар мен материалдардың құны, ал екінші бөлігі – айналым жасайтын бірнеше шеңбер айналымнан кейін, мысалы, еңбек затының құны. Нәтижесінде өндіріс құралдарының бүкіл авансыланған құнының қайтарылуы капитал айналымын құрайтын бірқатар шеңбер айналымдар нәтижесінде жүреді.

Капиталдың әртүрлі элементтерінің айналымы біркелкі жүрмейді. Капитал құны айналымындағы әртүрлі функцияларына сәйкес капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді.

6.2. Негізгі және айналмалы капитал

Негізгі капитал - ұзақ кезең бойы қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы. Олар өндіріске қызмет ете отырып, өзінің табиғи-заттай формасын сақтайды және өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнімдер мен қызметтерге көшіреді және меншік иесіне ақшалай формада бөліктеп қайтарылады. Сонымен негізгі капитал – қызмет ету мерзімі ұзақ негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Олардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Өндірістік негізгі қорларға өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, сауда және басқа да материалдық өндіріс бағытындағы негізгі қорлар жатады. Өндірістік емес негізгі қорлар тұрғын үй, мәдениет, спорт мекемелері, балабақша, емдеу орындарына қызмет көрсету үшін бағытталған. Негізгі қорларға ғимараттар, құрылыстар, машина мен құралдар, есептеу техникасы, тасымалдау құралдары, өндірістік және шаруашылық құралдар жатады.

Негізгі қорлар бастапқы құн, қалпына келтіру құны және қалдық құн бойынша бағаланады.

Бастапқы құн – қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге кеткен шығындардың жиынтығы.

Қалпына келтіру құны – негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы.

Қалдық құн – тозу құнын алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны.

Айналмалы капитал – бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып, өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Өзінің табиғи формасын сақтамайды және өндіріс аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады. Айналмалы қорлар екі бөліктен тұрады:

  1. өндірістік айналым қорлары

  2. айналыс қаражаттары

Өндірістік айналым қорларына өндіріс қалдықтары (запастар), аяқталмаған өндіріс, болашақ кезеңдердің шығындары жатады. Айналыс қаражаттарына дайын өнімдер, жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар, банк шотындағы, кассадағы ақша қорлары жатады.

Айналыс қаражаттары меншікті және қарызға берілген айналым қаражаты болып бөлінеді. Меншікті айналыс қаражаты – кәсіпорындардың ең аз қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін бекітілген нормативтерге сәйкес өздеріне тиесілі қаражаттың бір бөлігі. Қарызға берілген айналым қаражаты – кәсіпорындардың айналым қаражатының қысқа мерзімді банк несиесі және айналымға тартылған қаржы есебінен құралған бөлігі. Айналым қаражаттары әрқашан да қозғалыста болады және ауыспалы айналым жасайды. Мұндай құбылысты айналым қорларының кезеңі деп атайды. Айналым қорларының айналымын жылдамдату кәсіпорынның негізгі мақсаты болып табылады және оның мынадай жолдары бар:

- ғылыми-техникалық прогрестің соңғы нәтижелерін қолдану;

- өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру;

- шикізат, отын-энергетика ресурстарын үнемді қолдану.

Өндірістік қорлар өзінің қозғалысында кезекті түрде өндіріс және айналыс стадиясына өтеді. Демек, қорлардың айналым уақыты сәйкесінше өндіріс уақыты және айналыс уақытынан тұрады. Қорлардың өндіріс сферасында болу ұзақтығы өндіріс уақытын, ал айналыс сферасында болу ұзақтығы айналыс уақытын құрайды. Өндіріс уақыты өндіріс заттары және өндіріс құралдарының келіп түсуі мен дайын өнім болып шыққанша өндіріс сферасында болуының бүкіл кезеңін қамтиды. Ол үш бөлікке бөлінеді:

- жұмыс уақытын құрайтын тікелей еңбек процесінің уақыты;

- еңбек процесіндегі үзілістер уақыты;

- өндіріс құралдарының өндірістік запастарда болу процесі.

Айналыс уақыты кәсіпорынды жабдықтау процесі кезінде өндіріс құралдарын сатып алуға кететін уақыт пен өткізу уақыты - дайын тауарларды нарықта сату уақытынан тұрады.

Соседние файлы в папке по новому типовому