Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
129
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
143.87 Кб
Скачать

Мұндағы: Жа - ағымдағы кезеңдегі жалақы

Жб - базалық кезеңдегі жалақы

Ал баға индексі былай анықталады:

Ба

Иб= ------------* 100%

Бб

Мұндағы: Ба - ағымдағы кезеңдегі тұтыну бағалары

Бб - базалық кезеңдегі бағалар

Демек нақты жалақы индексі:

Ином

Ин= ------------ *100%

Иб

Нақты жалақы индексінен және жалақы мен бағаның әртүрлі сандық мәндегі индекстерін ескере отырып нақты жалақы динамикасының негізгі төрт вариантын алуға болады:

1. Номиналды жалақы тұтыну бағалары өсетін қарқынмен жоғарлайды. Мұндай жағдайда нақты жалақы деңгейі тұрақты. Бұл вариант номиналды жалақы автоматты түрде индексацияланған жағдайда болуы мүмкін. Бұл сирек болатын құбылыс. Экономикалық түрде инфляциядан сақтағанымен номналды жалақының өсімі нақты жалақының өсуімен қатар жүрмейді.

2. Номиналды жалақы ифляцияға қарағанда тез өседі. Нақты жалақы абсолютті мөлшерде өседі. Бұл жағдай бірінші кезекте жұмысшылардың артықшылықты топтарын қозғайды. Бұл динамика экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына кіретін 28 жоғарғы дамыған елдер үшін тән. 30 жылда (1965-1994) мұнда тұтыну бағалары 5,4 есе өскен, бірақ номиналды еңбек ақы осы уақытта 8,2 есе өскен. Бұл тұтыну бағаларының номиналды жалақы деңгейімен салыстырғанда төмендегенін білдіреді.

3. Инфляцияның төменгі қарқыны жағдайында номиналды жалақыны индексациялау жүргізілмейді. Бұл жағдайда нақты еңбек ақының шамасы аз ғана мөлшерде қысқарады. Тұрмыс деңгейінің төмендеуінің алдын алу үшін жұмысшылар еңбек уақытының ұзақтығын өсіруге немесе басқа жерлерде қосымша жұмысқа орналасуға тырысады.

4. Инфляциялық спираль. Егер инфляцияның жоғарғы қарқыны жағдайында еңбек ақыны индексациялау жүргізілмейтін болса, онда жұмысшылар сонда да сәйкесінше номиналды табыстың өсуіне қол жеткізеді. Үкімет пен кәсіпкерлер ақшалай еңбек ақының жоғарғы деңгейін бекітетін болса, онда қорытындысында өнім қымбаттайды. Ал бұл тұтыну бағаларының өсуіне алып келеді.

8.3 Процент – капиталдың меншік иесінің табысы

Несиеге берілетін ресурстардың құны процентті құрайды. Бірақ тәжірибеде процент қарыз капиталына баға ретінде, яғни банктердің қызмет етушілердің кәсіпкерлерге берілетін үлесі болып қарастырылады. Банк қарыз беруші мен қарыз алушы арасында делдалдық қызмет атқарады. Ең бірінші кезекте тұрғындар мен кәсіпорындар банктің кредиторлары болып табылады, өйткені сақтауға өзінің бос ақша құралдарын береді. Ал банк дебитор болады, өз кезегінде жиналған ақшаларды банк несие ретінде пайдаланады, яғни тұрғындар мен кәсіпорындарға уақытша пайдалануға қаржы береді. Бұл кезде тұрғындар мен кәсіпорындар дебитор болып табылады. Осы жерден банктегі проценттердің екі түрі келіп шығады:

  1. Депозиттік процент – тұрғындар мен кәсіпорындардың өздерінің ақшаларын банкке салудан алатын табысы.

  2. Қарыз проценті – банктердің тұрғындар мен кәсіпорындарға несие беруден түсетін табысы.

Банктік пайда табыс пен шығыс арақатынасы арқылы анықталынады. Банктік пайданың нормасы төмендегі формуламен анықталады:

Соседние файлы в папке по новому типовому