Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
129
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
143.87 Кб
Скачать

Банктік жалпы пайда-банктік істі жүргізу шығындары

Бп=-------------------------------------------------------------------------------*100%

Банктік меншік капиталы

Қарыз проценті - бұл қарыз капиталының бағасы. Маркстік ілім бойынша қарыз проценті қарыз капиталын пайдалану құқығы үшін төлем болып табылады. Оның белгілі бір деңгейі мен нормасы болады. Процент нормасы қарыз капиталынан алынатын жылдық табысты барлық қарыз капиталына бөлу арқылы анықталынады. Егер қарызға берілген капитал 100 мың долларға тең болса, ал осы сомадан алынатын жылдық табыс 6 мың долларды құраса, онда процент нормасы 6-ға тең болады:

Неоклассикалық теорияға сәйкес процент бүгінгі және болашақтағы игіліктер, құндылықтар арасындағы айырманы көрсетеді. Бүгінгі ресурстар немесе тұтыну игіліктері әдетте болашақтағы игіліктерден жоғары бағаланады деп санады. Бұл ресурстарды иемдену қазіргі уақытта тек ғана тұтынушының таңдауын кеңейтіп қоймайды, сондай-ақ оған болашақта да жоғары табысты қамтамасыз ету үшін іс-әрекет қабылдауға мүмкіндік беретіндігімен түсіндіріледі. Неоклассиктер өсімді меншік иесі ақша капиталынан немесе өндіруші кәсіпкерлік табыстан алуынан тәуелсіз капиталға баға деп түсіндіреді. Жылдық процентпен көрсетілген қарыз капиталының табысын олар проценттік мөлшерлеме деп атайды. Оның 2 түрі бар:

1). Номиналды – оның құны бойынша ақша бірлігінде көрсетілген мөлшерлеме.

2). Нақты- инфляцияны есепке алғандағы проценттік мөлшерлеме.

Мөлшерлеме көлемі келесі факторларға байланысты өзгеруі мүмкін:

  1. Тәуекел. Қарыз алушының қарызды төлемеу мүмкіндігі жоғары болған сайын кредитор жоғары қарыз процентін алып отырады;

  2. Жеделдік. Қысқа мерзімді қарызға қарағанда ұзақ мерзімді қарыз проценттік ставкамен беріледі;

  3. Қарыз мөлшері. Аз қарызға қарағанда проценттік мөлшерлеме жоғары. Оның себебі ірі және ұсақ қарыздардың әкімшілік шығындары ұқсас.

Проценттік мөлшерлеме өндіріс деңгейіне және құрылымына әсер етеді: төмен проценттік мөлшерлеме инвестицияны өсіріп, өндірісті кеңейтеді, ал жоғарғы проценттік ставка инвестицияны, тұтынушыларды және өндірісті тоқтатады. Екіншіден, проценттік мөлшерлеме капиталды орналастыруға әсер етеді, оларды неғұрлым пайдалы салалар арасында бөледі.

8.4. Жер рентасы-жерді иемденушінің табысы

Жер адам үшін оның өмір сүретін ортасы, минералды және органикалық ресурстардың көзі. Минералды өндіріс саласы ретінде ауыл шаруашылығы шаруашылық іс-әрекеттің басқа да барлық түрлерінен органикалық байланысқан. Аграрлық қатынастар экономикалық қатынастар жүйесінің маңызды спецификалық бөлігі ретінде жерді иелену және пайдалану сипатымен анықталынатын материалдық игіліктерді өндіру, айырбас, тұтыну қатынастарын сипаттайды. Жерді иемдену жеке немесе заңды тұлғаның белгілі бір жер учаскесіне құқығын тану. Жерді иемдену көп жағдайда жерге меншік қатынасымен түсіндіріледі. Жерді пайдалану заңмен белгіленген тәртіп бойынша жерді пайдалану. Жер пайдаланушы міндетті түрде оның меншік иесі болып табылмайды. Қарапайым түсінікпен оған жалгерді де жатқызуға болады.

Экономикалық түрде жерге жеке меншік шаруашылық жүргізу объектісі ретінде жер учаскесін сатудың мүмкіндігінде емес, мақсатты бағытына сәйкес оны пайдаланудан түсетін белгілі бір табысты жүзеге асырады. Бұл табыс жерді ауыл шаруашылық бағытында өнімді пайдалану мен сатып алудың экономикалық мотивтерін анықтайды және жер учаскесін сатып ала отырып, сатып алушы ең бірінші кезекте болашақта аталмыш учаскені тікелей бағыты бойынша пайдаланудан түсетін табысты көздейді.

Рента - кәсіпкерлік қызметті талап етпейтін жер немесе мүлік, капиталдан тұрақты алынып отыратын табыс. Экономикалық рента – жер немесе басқа да табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төленетін баға. Жер және басқа да табиғи ресурстардың қоры шектеулі болғандықтан осы жағдай ренталық төлемдерді жалақы, пайда және проценттен ажыратады. Жер қай жерде, қандай мақсатпен қолданылмасын оның ұсынысы өзгеріссіз қалады. Жер ұсынысының осы сипаты сұраныстың жер рентасын анықтайтын жалғыз фактор екендігін білдіреді. Егер жерге сұраныс мөлшері нөлге жақындайтын болса, онда жер рентасы да нөлге тең болады. Рента шамасының өзгерісі жердің санына ешқандай ықпал ете алмайды. Жерге меншіктің белгілі бір формалары қалыптасқан. Көптеген мемлекеттерде жеке меншікте және рентаның пайда болуының шарты - аренда болып табылады. Жер арендасы – жердің меншік иесі басқа тұлғаға шаруашылық жүргізу үшін белгілі бір мерзімге өзінің учаскесін беретін жерді пайдалану түрі.

Жер рентасын тудыратын материалдық шарттар ауыл шаруашылығы өндірісінің басты құралы ретіндегі жердің ерекше сапасына негізделеді. Егін шаруашылығының өндірістің барлық басқа салаларынан айырмашылығы осында, яғни жер кез - келген ауыл шаруашылық дақылдарының өсуі мен пісіп-жетілу кезеңдерінде өндірістің белсенді құралы функциясын атқарады. Шамасы мен сапасы бойынша бірдей жер көлемінің бірлігіне шаққандағы жанды еңбек шығындары мен өндіріс құралдары әртүрлі өнім береді, демек біртекті емес өнім бірлігінің құнын қалыптастырады. Топырақ құнарлылығы басқа да табиғи жағдайлармен өзара қарым-қатынаста бола отырып, егін шаруашылығында еңбек өнімділігіне және өндірілген өнімнің индивидуалды құнының шамасына әсер ететін жердің ерекше өндіргіш күшін құрады. Бұл жерде жердің өзі жаңа құнды қалыптастырмайды, бірақ егін шаруашылығында еңбек өнімділігі арқылы оны қалыптастыруға қатынасады. Басқаша айтқанда жақсы жер мен басқа да табиғи жағдайлар өздігінен қосымша өнім мен табыстың көзі болмайды, бірақ олардың табиғи базисі-жоғары еңбек өнімділігі факторын құрайды.

Жер рентасы – ауыл шаруашылығында тікелей өндірушілермен құрылатын және жердің меншік иесі иеленетін қосымша өнімнің бөлігі. К.Маркс рентаны жерге меншікті жүзеге асыратын экономикалық форма деп санады. Буржуазиялық экономистердің бірі У.Петти жер рентасын қосымша өнім формасы, ал жердің бағасын капиталданған рента түрінде қарастырды. Физиократтар Ф.Кэне, Ж.Тюрго және басқалары егін шаруашылығында құрылатын қосымша құнды топырақтың табиғи құнарлылығымен байланыстырып, оны "табиғаттың сыйы" деп атады. А.Смит еңбек құн теориясы негізінде рента пайда сияқты еңбектің нәтижесі болатындығын дәлелдеді. Оның теориясына сәйкес тауардың құны үш құрамдас бөлікке: жер рентасына, пайдаға, жалақыға бөлінеді және жердің меншік иесі, капиталист - кәсіпкер, жұмысшылар арасында табыстың бөлінуіне сәйкес келеді. Ол жер рентасын адамның туындысы ретінде санауға болатынның барлығын өтегеннен немесе шығарып тастағаннан кейін қалатын табиғаттың туындысы ретінде анықтайды. Маркстік саяси экономия А.Смиттің бұл теориясын жоққа шығарады, яғни жер рентасы мен пайда құнның көзі бола алмайды, өйткені тауардың құны оны өндіруге кететін қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен анықталынады және жердің табиғи құнарлылығы басқа да табиғат күші сияқты қосымша пайда көзі болмайды. Рентаның экономикалық табиғатын Д.Рикардо көрсетіп берді. Ол нарықтағы бидайдың бағасы өндіріс шығындарына тәуелсіз бірдей болатынына көңіл аударады. Ол "нан бағасы рента төлегеннен қымбат емес, рента нан бағасы қымбат болғандықтан төленеді. Жер иемденушілер өздерінің ренталарынан бас тартқан жағдайдың өзінде де нан бағасы төмендемес еді". Ал бұл жақсы жерде шаруашылық жүргізуші бидай өндіруші нашар жерде шаруашылық жүргізуші өндірушіге қарағанда қосымша табыс алады деген сөз. Осы қосымша табысты Д.Рикардо жер рентасы деп атады. Рикардо сондай-ақ рентаның жердің санының шектеулілігі мен сапасының әртүрлілігіне байланысты төленетіндігін көрсетеді.

К.Маркс жерге жеке меншік пен өнеркәсіпке қарағанда егін шаруашылығында капиталдың органикалық құрылымының төмендігімен байланыстыра отырып, абсолютті жер рентасына ерекше мән берген. Бұл рента теориясының мәні капиталдың органикалық құрылымының ауыл шаруашылығында өнеркәсіпке қарағанда төмендігімен, демек егін шаруашылығындағы тауардың құны оның өндіріс бағасынан жоғары болатындығымен сипатталады. Ауыл шаруашылығында жалдамалы жұмысшылар еңбегімен құрылатын қосымша құн бөлігін көрсетететін ауыл шаруашылық тауар құнының қоғамдық өндіріс бағасынан артығы абсолюттік рентаның субстанциясын құрайды. Алайда капиталдың органикалық құрылымындағы айырмашылықтар абсолюттік рентаның пайда болуының себебі болмайды. Оның мәні жерге меншік монополиясы егін шаруашылығына капиталдың еркін құйылуына кедергі келтіретіндігінде және қосымша құнның артығы жердің меншік иесіне тиесілі екендігімен түсіндіріледі. Маркс абсолюттік рентаны жерге меншік монополиясымен байланыстыра отырып, жерге жеке меншік егін шаруашылығының дамуын тежейді деген қорытындыға келеді.

Экономикалық әдебиеттерде жер рентасының абсолютті, дифференциалды және монопольды және экологиялық түрлері ажыратылады. Олардың қалыптасу себептері әртүрлі:

Соседние файлы в папке по новому типовому