Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madi_salyk.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
512 Кб
Скачать

Салықтық-құқықтық нормалар

Нормативті құқықтық акт - бұл құқықтық қатынастың пайда болуынан, өзгеруіне немесе тоқтатылуына бағытталған және өкілетті мемлекеттік орган мен қабылданатын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.

Құқық нормасы – нормативтік реттелетін жағдайда болатын тұлғалардың айқындалмаған санына және көпреттік қолдануға есептелген нормативтік құқықтық актілерде қалыптастырылатын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі. Салықтық – құқықтық нормалар қаржылық құқықтық нормалардың айрықша түрі ретінде ерекшеленеді.

Салық құқығының нормалары мынандай белгілерімен сипатталады:- мемлекеттік өктем-әмірлі сипатта болады;- уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан белгіленеді;- жалпыға міндетті мінез-құлық ережесін көрсетеді, көбірет қолдануға есептелген және айқындалмаған субъектілер тобына арналған;- айқындалған заң нысанындағы актімен белгіленеді;- орындалуы мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамсыз етіледі.

Салықтық - құқықтық нормалардың ерекшелігі: - мазмұны бойынша – салық қатынасына қатысушылар мен субъектілердің мінез-құлқын оларға құқықтар мен міндеттер белгілей отырып реттейді; - өкімдік сипаты бойынша – көбіне императивтік сипатта болады; - жауаптылық шарасы бойынша – салықтық құқық бұзушылық үшін арнайы жауаптылық белгіленген;- салық қатынасына қатысушылардың құқығын қорғау тәсілі бойынша – қатысушылардың заңдылық теңсіздігі;- рәсімдей тісілі бойынша – салықтық-құқықтық норма үшін жағдайды тыңғылықты баяндау тән.

Салықтық міндеттеменің құқықтық негіздері

Салық төлеушiнiң ҚР-ның салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп танылады. Салық төлеуші салық міндеттемесін орындауды дербес жүзеге асырады.

Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау үшін мынадай іс-әрекеттер жасайды: 1)салықорганынтіркелуесебінетұрады; 2) салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді;    3) салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді, салық базасы мен салық мөлшерлемелерін негізге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ СК ерекше бөліміне сәйкес олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердің сомасын есептейді4) салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық органдарына табыс етеді;   5) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасын, СК ерекше бөліміне сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді.

Салық төлеуші салық міндеттемесін мерзімінен бұрын орындауға құқылы.

Салық төлеушінің салық агенті орындайтын, салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі салық ұсталған күннен бастап орындалған болып есептеледі.

Мүлiк пен iс-әрекеттер салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылады, олардың болуына байланысты және (немесе) олардың негiзiнде салық төлеушiнiң салық мiндеттемесi туындайды. Салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы салық базасы арқылы айқындалады. алық салу объектiсiнiң немесе салық базасының өлшем бiрлiгiне салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдi есептеу жөнiндегi салық мiндеттемесiнiң шамасы салық ставкасымен айқындалады.

Салық ставкасы салық салу объектiсiнiң немесе салық базасының өлшем бiрлiгiне процентпен немесе абсолюттi сомамен белгiленедi.

Салық кезеңi деп салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiне қатысты белгiленген уақыт кезеңi түсiнiледi, ол аяқталған соң салық салу объектiсi, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы есептеледi.

Салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер ретінде мүліктер және іс-әрекеттер белгіленген. Осы мүліктер мен іс-әрекеттердін болуы салық төлеушіге қатысты салықтық міндеттеменің туындауына негіз болады. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің әрбір түрі бойынша салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер Салық кодексінің ерекше бөлімінің тиісті баптарында жан-жақты айқындалған.

Салықтық міндеттемелердің орындалатын уақыты, орны, тәртібі және тәсілдері күні бұрын әрі нақты белгіленеді.

Салық төлеушінің өзіне тиесілі салықтарды төлеу мерзімін кейінге ысыру жөніндегі салық органдарына берген, негізделінген өтініші негізінде оның салық төлеу мерзімін, неғұрлым кейінге, күнтізбелік күнің он айынан аспайтын мерзімге ауыстыру салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту болып табылады.

Салық міндеттемелерін орындау осы міндеттеменің әрбір субъектісінің міндеттерін құрайтын белгілі бір іс-қимылдарды тиісінше жүзеге асыру болып саналады. Салық берешегін өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі: 1) бересі сомасы;  2) есептелген өсімпұлдар; 3) айыппұлдар сомасы.

Салық салу аясындағы салық төлеуші тиісті салықтарды төлеу жөніндегі өз салықтық міндеттемесін заңда белгіленген мерзімдерде орындамаған жағдайда, уақтылы орындалмаған салықтық міндеттеме: - салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленбеген сомасына өсімпұл есептеу; - банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;- салық төлеушінің салық берешегі есебіне өз мүлкіне билік етуін шектеу сияқты тәсілдерді қолдану аркылы камтамасыз етіледі.

Салық төлеушілер ретіндегі заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ҚР заннамалық актілерінде көзделген және белгіленген тәртіп негізінде мынадай: 1) салық төлеушінің белгіленген тапсыру мерзімінің аяқталғанына қарамастан он жұмыс күні ішінде салық есептілігін табыс етпеуі; 2) салық төлеушінің төлеу мерзімі ретінде белгіленген күннен бастап отыз жүмыс күні өткенше салық берешегін өтемеуі; 3) салық органдарының лауазымды адамдарын салық кодексінде белгіленген салықтық тексеру жүргізу тәртібін бұзған жағдайлардан басқа реттерде, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді қарап шығуға және салықтық тексеру жүргізуге жол бермеуі сияқты жағдайларда жүзеге асырылады.

Салық мiндеттемесiнiң тоқтатылуы: 1. Жеке тұлғаның салық мiндеттемесi: 1) қайтыс болғанда;

2) күшiне енген сот шешiмi негiзiнде оны қайтыс болды деп жариялағанда тоқтатылады. 2. Дара кәсiпкердiң салық мiндеттемесi дара кәсiпкер ҚР заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметiн тоқтатқаннан кейiн тоқтатылады. 3. Заңды тұлғаның салық мiндеттемесi: 1) таратылғаннан кейiн; 2) қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бiрiгу және бөлiну жолымен қайта ұйымдастырылғаннан кейiн тоқтатылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]