Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madi_salyk.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
512 Кб
Скачать

Қозғалтқышының көлемі мынадай жеңіл автомобильдер (текше см.):

3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда-35

3 200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда-46

3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда-66

4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда-130

5 000-нан жоғары-200

Салықты есептеу тәртiбi1. Салық төлеушi салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық мөлшерлемесін негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi. Жеке тұлғалар осы Кодекстің 369-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде салықты төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда салық органдары көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар беретін мәліметтер негізінде салықты есептеуді жүргізеді.Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, көлік құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында iс жүзiнде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.  2. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқықтарын берген кезде салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:1) беруші тарап үшiн:  салық кезеңiнiң басында қолда бар көлiк құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi; 

Қосылған құн салығын төлеушілер,салық салу обьектілері,салық ставкалары мен салық кезеңі

Қосылған құн салығын төлеушiлер:1) ҚР-да қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне тұрған мынадай тұлғалар: - дара кәсiпкерлер; - мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, резидент – заңды тұлғалар; - қызметiн ҚР-да филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;

- сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшыларымен не сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенiмгерлiкпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенiмгерлiкпен басқарушылар; 2) кеден одағының және (немесе) ҚР-ның кеден заңнамасына сәйкес ҚР- ның аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар.

Салық салу объектiлерi:1) салық салынатын айналым; 2) салық салынатын импорт. Мыналар:

1) ҚР-да тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша; 2) ҚР-да қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алу бойынша қосылған құн салығын төлеушi жасайтын айналым салық салынатын айналым болып табылады.

Тауарларды өткізу бойынша айналым:  1) тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:  - тауарды сатуды; - кәсіпорынды тұтастай мүліктік кешен ретінде сатуды; - тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге айырбастауды; - тауарды өтеусіз беруді;  - жұмыс берушінің тауарды қызметкерге жалақы есебінен беруін;   - кепіл берушінің кепілге берілген мүлікті (тауарды) борыштың төленбеуі жағдайында беруін;  - тауар экспортын; 2) тауарды бөліп-бөліп төлеу шартымен тиеп-жөнелтуді;    3) мүлікті қаржы лизингіне беруді;  4) тауарды комиссия шарты бойынша тиеп-жөнелтуді; 5) бұрын экспорт кедендік рәсімінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды білдіреді.

2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым жұмыстарды кез келген оның ішінде өтеусіз орындауды немесе қызмет көрсетулерді, сондай-ақ тауарды өткізуден ерекшеленетін, сыйақы үшін кез келген қызметті, оның ішінде 1) мүліктік жалдау шарттары бойынша мүлікті уақытша иелікке және пайдалануға беруді;2) зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар беруді; 3) жұмыс берушінің қызметкерге жалақы есебінен жұмыстарды орындауын, қызмет көрсетулерін;  4) аванстарды және айыппұл санкцияларын қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізуге байланысты талап ету құқықтарын беруді; 5) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім беруді6) кредит (қарыз, микрокредит) беруді білдіреді.

Салық салынатын импортКеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) ҚР-ның кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын, кеден одағының аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.

Салық салынатын импорт мөлшерiне кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) ҚР-ның кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендiк құны, сондай-ақ, импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезiндегi салық және бюджетке төленетiн кеден төлемдерiнiң сомалары кiредi.

Тауарлар экспорты Экспортқа тауарлар өткiзу бойынша айналымға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.    Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) ҚР-ның кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Кеден одағының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады. Тауарлар экспортын растау   Мыналар: - экспортталатын тауарларды беруге арналған шарт (келiсiмшарт); - тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімінде жүзеге асыратын кеден органының белгiлерi бар, сондай-ақ Кеден одағының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгiсi бар тауарларға декларацияның көшірмесі тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады.

Қосылған құн салығының ставкасы 12 проценттi құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшерiне қолданылады. Экспортқа тауарлар өткізу бойынша айналымға қосылған құн салығы нөлдiк ставка бойынша салынады.

Салық кезеңi Күнтiзбелiк тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.

Салық декларациясы Қосылған құн салығын төлеушi қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 15-нен кешiктiрмей әрбiр салық кезеңi үшiн табыс етуге мiндеттi.

Декларациямен бiр мезгiлде декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңi iшiнде сатып алынған және өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша шот-фактуралар тiзiлiмдерi табыс етiледi. Сатып алынған және өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша шот-фактуралар тiзiлiмдерiнiң нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]