Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madi_salyk.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
512 Кб
Скачать

Арнаулы салық режимдерінің қандай түрлері бар және оны таңдаудың шарттары қандай

Арнаулы салық режимдері мынадай түрлерге бөлінеді:1) мыналарды: патент негізінде арнаулы салық режимін; оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қамтитын шағын бизнес субъектiлерi үшін арнаулы салық режимі; 2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі;3) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі.2. Патент - жеке табыс салығын (төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік салықты, міндетті зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік аударымдарды төлеу фактісін растайтын электрондық құжат. 3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режімін таңдауды:1) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебі туралы салықтық өтініште (осы тараудың мақсатында бұдан әрі – жаңадан құрылған дара кәсіпкер) - дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебіне қою кезінде жеке тұлғалар; 2) осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер тапсыратын, уәкілетті орган әзірлеген және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада (осы тараудың мақсаты үшін бұдан әрі – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама) – бір салық салу режимінен өзге салық салу режиміне ауысу кезіндегі салық төлеушілер, сондай-ақ жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар жүзеге асырады.       Қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсырады.

Арнаулы салық режімi шағын бизнес субъектiлерi үшiн төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Осы тармақта көрсетілмеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн тапсыру жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.

1. Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн табыс етудің төменде санамаланған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп; 2) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi; 3) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi.2. Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп күнтiзбелiк бір жыл қолданылғаннан кейiн ғана келесі арнаулы салық режимiне ауысуға болады. 3. Арнаулы салық режимiн:  1) филиалдары, өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың;  2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкiлдiктерінің; 3) әртүрлi елдi мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) салық салу объектілері бар салық төлеушiлердің;  4) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалардың; 5) құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режімін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың; 6) агенттік шарттардың (келісімдердің) негізінде қызмет көрсететін салық төлеушілердің қолдануға құқығы жоқ.

 Патент негізінде арнаулы салық режімін осы Кодекстің 428-бабы   және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар болып табылмайтын және мынадай шарттарға сай келетін:1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;2) жеке кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асыратын;3) салық кезеңіндегі шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 300 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.

 Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

 Патент құнын есептеу Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың патент құнына қосылатын сомаларын есептеу салық салу объектісіне 2 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі. Есептелген сома:    1) есептелген соманың 1/2 бөлігі мөлшерінде - жеке табыс салығы;    2) әлеуметтік аударымдар шегеріліп, есептелген соманың 1/2 бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады.

Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi

дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар:1) дара кәсіпкерлер үшiн: дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса; салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 1400 еселенген мөлшерін құраса;2) заңды тұлғалар үшiн:  қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса; салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 2800 еселенген мөлшерін құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімін қолданады.   Жартыжылдық салық кезеңі болып табылады.

 Оңайлатылған декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу мерзімдері 1. Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі. 2. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргiзiледi. 

Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша есептеу 1. Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiнде 3 пайыз мөлшерiндегi мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргiзедi. 2. Егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қызметкерлердiң орташа айлық жалақысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған ең төмен жалақының, дара кәсiпкерлерде кемiнде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде 2,5 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасы қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын негiзге ала отырып, әрбiр қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 пайызы мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге жатады. 

1. Шаруа немесе фермер қожалықтары мынадай салық салу режімдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімі;2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімі;3) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп. Күнтiзбелiк жыл бiрыңғай жер салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.

Салық салу объектiсіЖер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі негізінде белгіленген жер учаскесінің бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектіcі болып табылады.Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі болмаған кезде жер учаскесінің бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген деректер бойынша аудан, қала бойынша орташа жердің 1 гектарының бағалау құны және жер учаскесі алаңы негізге алына отырып, айқындалады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері мынадай салық салу режімдерінің бірін дербес таңдауға құқылы: ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режімі (бұдан әрі - арнаулы салық режімі); оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімі; жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.

Қолдану шарттары 1. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен ауысу кезінде арнаулы салық режимiн немесе өзге де арнаулы салық режимiн қолдану үшiн салық төлеушi арнаулы салық режимін қолданудың бірінші жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей қолданылатын салық салу режимi туралы хабарламаны орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады.Жоғарыда көрсетілген күннен кейін ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда осы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық органына қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама ұсынылады.Жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар арнаулы салық режімiн қолдану үшiн осы Кодекстің 577-бабының 3-тармағына сәйкес тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтiнiшпен бір мезгілде қолданылатын салық салу режімi туралы хабарламаны салық органына тапсырады.   Бұл ретте:1) жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер үшін – әділет органдарында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні;2) жаңадан құрылғандарды (пайда болғандарды) қоспағанда, салық төлеушілер үшiн - қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама ұсынылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші күні арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күні болып табылады. 2. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режімiне ауысу туралы шешім қабылдаған кезде салық төлеушi қолданылатын салық салу режімi туралы хабарламаны ұсынуға міндеттi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]