Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madi_salyk.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
512 Кб
Скачать

Әлеуметтік салықты төлеушілер салық салу обьектілеру,салық ставкалары мен салық кезеңі

Әлеуметтік салықтар әлеуметтік мақсаттағы бюджеттен тыс нысаналы қорлардың, зейнетақы қорларының, әлеуметтік сақтандыру, жұмыспен қамту қорларының негізгі көзі болып табылады. Салық салу нысаны – еңбек міндеттерін орындағаны үшін төлемнің алуан түрлері.

Басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелінетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады.Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды.

Төлеушiлер: 1) дара кәсiпкерлер;2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар; 3) СК өзгеше белгiленбесе, ҚР-ның резидент заңды тұлғалары;4) ҚР-да қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;5) қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын, филиал немесе өкілдік арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.

 Резидент заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне табыстар түрінде төленетін (төленуге жататын) жұмыс берушінің шығыстары бойынша әлеуметтік салық төлеуші деп тануға құқылы. Бұл ретте резидент заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше әлеуметтік салық төлеуші деп танылса, резидент заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімшенің құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша дербес әлеуметтік салық төлеуші деп танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 19-тарауының мақсаты үшін жеке табыс салығы бойынша салық агенттері болып танылады.

Салық салу объектiсi Дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар өздерін қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтік салық салу объектісі болып табылады. ҚР резидент заңды тұлғалар,  ҚР-да қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың резидент қызметкерлерге, резидент емес қызметкерлерге төлейтін шығыстары шетел персоналының табыстары салық салу объектісі болып табылады.

Мыналар:1) гранттар қаражаты есебінен жасалатын төлемдер   2) ҚР Президенті, ҚР Yкіметі тағайындайтын мемлекеттік сыйлықтар, стипендиялар  3) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделі орындар үшін берілетін ақшалай наградалар; 4) жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған не жұмыс беруші заңды тұлға таратылған, қызметкерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде ҚР заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін өтемақы төлемдері  5) жұмыс берушінің қызметкерлерге пайдаланылмаған ақысы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы үшін төлейтін өтемақы төлемдері; 6) ҚР заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары салық салу объектісі болып табылмайды.

Салық ставкалары ӘС 11 проценттік ставка бойынша есептеледі.

Арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар өзi үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күні қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің екi еселенген мөлшерінде және әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштің бiр еселенген мөлшерiнде әлеуметтiк салықты есептейді. Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар СК шарттарына сәйкес 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтiк салықты есептейді.

Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелерi үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 20 процент ставкасы бойынша әлеуметтiк салық сомасын ай сайын есептеп отырады.

Әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салық кезеңінен кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

Салық кезеңі Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.

Әлеуметтiк салық бойынша декларацияӘлеуметтік салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді. Әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша жыл қорытындысы бойынша жасалады және есепті жылдың төртінші тоқсанының декларациясымен бірге табыс етіледі.

Әлеуметтiк салықты төлеу1. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салық кезеңінен кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей жүргiзiледi. 2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар әлеуметтiк салық төлеушiлер әлеуметтiк салық төлеудi осы Кодекстiң 362-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]