Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madi_salyk.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
512 Кб
Скачать

Бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер

Салықтан басқа салық салу жүйесінде бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер бар.

Басқа да мiндеттi төлемдер – кедендiк төлемдердi қоспағанда, бюджетке төлемақылар, алымдар, баждар түрiндегi мiндеттi ақша аударымдары;

Алымдар мемлекеттік органдарға төлеушіге қатысты заңдық мәні бар актіні жүзеге асырғаны үшін төленеді. Төлеуші белгілі бір құқықтық мәртебе алу немесе қандай бір қызмет түрін бастарда төлейді.

Алымдардың салықтан айырмашылығы: - алым мемлекеттік аппараттың шығындарын жабады, яғни мемлекет заңды іс-әрекет түрінде тұлғаларға қызмет ұсына отырып, сол қызметіне төлем қабылдайды. Ал салықтар мемлекетті толығымен қаржыландыруға жұмсалады;.- баламалы төлем болып саналады, яғни алымды төлеу арқылы мемлекеттен белгілі бір құқық, мәртебе немесе рұқсат алынады;- бір жолғы төлем болып табылады, яғни бір рет қана төленеді;- ерікті түрде төленеді.

Алымдардың мынадай түрлері бар: заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін;

жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін; жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін; механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін; дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін;

Төлем дегеніміз - мемлекет меншігіндегі немесе мемлекеттің фискалдық монополиясына жататын объектілерді (жер учаскесін, су ресурстарын, жануарлар әлемін, орманды) пайдаланған үшін төленетін төлем.Салық пен төлемнің айырмашылықтары: - төлем өтеулі және баламалы төлем, яғни төлемақыны белгілі бір объектілерді пайдаланған кезде төлейді;- төлем мемлекеттің азаматтық құқыққа сәйкес азаматтық- құқықтық қатынастары кезінде туындайды;- тұлғалар төлем төлеу арқылы баламалы түрде осы және басқа да объектілерді пайдалануға құқық алады.

Мемлекеттік баж – уәкілетті мемлекеттік органдардың, немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Мемлекеттік баждың салықтан айырмашылығы:- тұрақты емес;- ешқандай төлем мерзімі белгіленбеген - қайтарымды;- баламалы;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]