- •Қазіргі заманғы мемлекет өміріндегі салықтардың ұғымы және түрлері
- •1. Салықтардың туындауы мен қолданыста болуының қоғамдық - экономикалық және саяси себептері, бастаулары мен жағдайлары
- •Мәжбүрлеу тәсілінің негізінде салық төлеу:Табыс көзінен ұстап қалу;Салық төлеуден жалтарушы тұлғадан мәжбүрлеп өндіріп алу;
- •Салық салу және мемлекеттің салықтық қызметі
- •Төлем жасау қабілеттілігіне байланысты салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді.
- •Диспозитивтік реттеу әдісінің мынадай өзіне тән белгілері болады:
- •Салықтың қандай түрлері бар
- •Салықтық құқықтық қатынастардың тоқтатылуына негіз болатын заңи фактілер:
- •Салықтық-құқықтық нормалар
- •Салықтық міндеттеменің құқықтық негіздері
- •Салықтың ұғымы,белгілері,функциялары, салықтың элементтері мен олардың сипаты
- •Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі, құқықтары, міндеттері1
- •Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару органдары
- •Қол қойылатын бонус төлеушілер және төлеу мерзімі
- •Жер қойнауын пайдаланушылар төлемдері мен салықтары
- •Жер қойнауын пайдаланушы үшін бонустың қандай түрлері белгіленуі мүмкін
- •Салықтық бақылаудың түсінігі,нысандары,салықтық тексеру типтері мен түрлері
- •Салықтық бақылау
- •Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру тәртібі
- •Жеке табес салығы салынатын обьектілері, ставкасы мен салық кезеңі қандай
- •Жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салықтың принциптері:
- •Төлем көзінен салық салынатын табыстар б/ша жеке табыс салығын есептеу
- •Корпоративтік табыс салығын төлеушілер,салық салу обьектілері, салық ставкалары мен салық кезеңі
- •1) Салық салынатын табыстың 3 процентінен аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде:
- •Көлік құралы салығын төлеушілер, салық салу обьектісі болып табылмайды
- •Қозғалтқышының көлемі мынадай жеңіл автомобильдер (текше см.):
- •Көлік құралы салығын төлеушілер, салық салу обьектісі болып табылмайды
- •Қозғалтқышының көлемі мынадай жеңіл автомобильдер (текше см.):
- •Қосылған құн салығын төлеушілер,салық салу обьектілері,салық ставкалары мен салық кезеңі
- •Әлеуметтік салықты төлеушілер салық салу обьектілеру,салық ставкалары мен салық кезеңі
- •Мүлік салығын төлеушілер,салық салу обьектілері, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлік салығының салық ставкалары,салық кезеңі
- •Арнаулы салық режимдерінің қандай түрлері бар және оны таңдаудың шарттары қандай
- •Экспортқа рента салығы
- •Акциз салығы
- •6) Микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателінің көлемі 3000 текше сантиметрден асатын моторлы көлік құралдары;
- •Ойын бизнесі салығы
- •Ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
- •Бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер
Салықтық құқықтық қатынастардың тоқтатылуына негіз болатын заңи фактілер:
1) тиісті салықтық міндеттеменің тоқтатылуы; 2) салықтық міндеттемені туындатуға негіз болған салықтық шартты бұзу; 3) салық телеушінің салық салу объектісі болып табылатын мүлкінен айрылуы; 4) салық төлеушінің өзіне салық салынатын табыс әкелетін қызметін тоқтатуы;
5) өз шешімі бойынша салық субъектісі болып табылатын заңды тұлғаның жойылуы сияқты іс-қимылдар; Сонымен қатар:1) жеке тұлғаның қайтыс болуы; 2) табиғи тылсым күштер мен кездейсоқ дүлей апаттардың салдарынан салық салу объектісі немесе салық салуға байланысты объекті болып табылатын мүліктің жойылуы; 3) салықтық міндеттеменің туындауы негізінде жатқан нормативтік құқықтық актінің жойылуы сияқты заңи оқиғалар.
Салықтық құқықтық қатынастар келесі белгілерімен сипатталады:1. Мемлекеттің салықтық қызметін құқықтық қамтамасыз етуші өнімі;2. Мемлекеттің салықтық қызметінде нормативтік актілер шығару әдісін қолдануы;3. «Биліктік және бағынушылық» сипатын иеленеді;4. Мемлекеттің біржақты бекіту күшімен туындайды;5. Міндетті субъектісі мемлекет немесе мемлекеттік орган;6. Мемлекетпен қорғалатын қатынас.
Салықтық құқықтық қатынас материалдық және ұйымдастырушылық болып бөлінеді.
Материалдық салықтық құқықтық қатынас салықтық төлемдер сомасының салық төлеушіден мемлекетке қозғалысын білдірсе, экономикалық мәнінде салықты өндіріп алу, төлеу немесе енгізуді көрсетеді, ал заңи тұрғыда салық міндеттемесі.Ұйымдастырушылық салықтық құқықтық қатынас мемлекеттің салықтық қызметін функциялау мен салық салуды ұйымдастыру барысында туындайтын басты қатынастар.
Материалдық салықтық қатынастар мынадай өзіне тән белгілерімен сипатталады:
1) мемлекеттің салықтық қызметінің өнімі — нәтижесі болып табылады және мемлекеттік шаруашылық аясында туындайды; 2) бұлар тек мемлекет қарамағына бағытталған біржақты қозғалысты білдіретін ақшалай қатынастар болып саналады; 3) осы қатынастар базистік әрі трансферттік қабілетімен ерекшеленеді; 4) осы қатынастар мемлекеттегі жиынтық қаржылық нәтижені, яғни ақшалай нысанда жасалған құнды бөлуге (және қайта бөлуге) байланысты объективті процесті көрсетеді;
Ұйымдастырушылық салықтық қатынастар ерекшеленеді:1) мемлекеттік стратегиялық салықтық жоспарлауына қатысты туындайды; 2) тиісті бағыт-бағдары бар фискальдық-базистік қатынастардың туындауын қамтамасыз етеді; 3) көбінесе мемлекеттік салық әкімшілігін жүргізу процесінде пайда болатындықтан салық салу аясындағы мүдделердің басым болуына ат салысады;4) мемлекеттің фискальдық жүйесін қалыптастыру және оның тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ету барысында көрінеді;
Материалдық салықтық құқықтық қатынастың объектісі ретінде мемлекеттің салық төлеушіден салық нысанында айырып алуға мүдделі ақша қаражаты жатады.
Ұйымдастырушылық салықтық құқықтық қатынастың объектісі ретінде салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етуге жататын салық саласындағы құқықтық тәртіп және де салық заңнамалырымен белгіленген басқа да міндеттемелер.
Салықтық құқықтық қатынас субъектілері:а) бірінші топ: мемлекет және оның аумақтық бөлімдері;б) екінші топ: ұжымдық субъектілер, оларға мемлекеттік билік органдары және әртүрлі меншік нысанында құрылған ұйымдар (заңды тұлғалар);
в) жеке субъектілер, яғни азаматтар, тұлға-рМатериалдық салықтық қатынастың субъектісі салық төлеуші болып табылады.ҚР СК сәйкес салық төлеуші – салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға;
Салық төлеушілер жалпы екі түрге бөлінеді:1) Заңды тұлға; 2) жеке тұлға. Жеке тұлға – ҚР азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; Заңды тұлға – ҚР-ның немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым (резидент емес заңды тұлға). Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпоративтік құралым осы Кодекстің мақсатына орай олар өздері құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие ме, жоқ па – осыған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретінде қарастырылады; Салық төлеушіні , және тіркеу есебіне алу тіркеу туралы (мемлекеттік тіркеу туралы, тіркеу есебіне қою туралы, тіркеу деректерінің өзгеруі туралы) өтініш, есептен шығару туралы өтініш негізінде жүргізіледі, олар: 1) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жасалады;2) қол қойылады, куәландырады және салық есептілігі көзделген тәртіппен салық органдарына беріледі.
Салық төлеушілерді –заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерінмемлекеттік тіркеуді стастика жөніндегі уәкілеттті орган ұсынатын хабарламалардың негізінде салық төлеушінің тіркеу нөмірін бере отырып, уәкілеттік мемлекеттік орган аталған хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Хабарламаның нысанын және оны статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен статистика жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша ҚР-ның ӘМ бекітеді.Салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебіне алу тәртібін, сондай-ақ тіркеу және есептен шығару туралы өтініштерге қоса берілетін құжаттардың құжаттардың тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Салық салу объектілерінің есебін жүргізу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Заңи оқиғалар — мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және адамдардың еркінен тыс туындайтын заңи фактілер (еріктен тыс жағдайлар). Заңи оқиғалар біршама ырықты оқиғалар және абсолюттік (шамадан тыс) оқиғалар болып бөлінеді.