Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madi_salyk.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
512 Кб
Скачать

Корпоративтік табыс салығын төлеушілер,салық салу обьектілері, салық ставкалары мен салық кезеңі

Корпоративтік табыс салығын төлеушілер: ҚР-ның резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе ҚР-дағы көздерден табыстар алатын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады.

Корпоративтік табыс салығын салу объектілері мыналар болып табылады: 1) салық салынатын табыс; 2) төлем көзінен салық салынатын табыс; 3) ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы.

Салық ставкалары 1. Салық төлеушінің табыстар мен шығыстар сомасына және белгіленген тәртіппен ауыстырылатын залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 20 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.2. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалардың табыстарына 10 проценттiк ставка бойынша салық салынуға жатады.

3. Төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 15 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.4. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы ҚР-дағы қызметінен түсетін таза табысына 15 проценттік ставка бойынша корпоративтік табыс салығы салынады

Салық кезеңі 1. Корпоративтік табыс салығы үшін 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

2. Егер ұйым күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылса, оның құрылған күнінен бастап күнтізбелік жылдың аяғына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін бірінші салық кезеңі болып табылады.

Бұл ретте ұйымның әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен күні оның құрылған күні болып есептеледі.3. Егер ұйым күнтізбелік жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін соңғы салық кезеңі болып табылады.4. Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, құрылған күнінен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін салық кезеңі болып табылады.

Салық декларациясы 1. Корпоративтік табыс салығын төлеуші корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.2. Корпоративтік табыс салығын төлеуші корпоративтік табыс салығы бойынша декларациямен бір мезгілде өзі орналасқан жердегі салық органына қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті табыс етеді.3. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер туралы ақпаратты ашып көрсету жөніндегі декларациядан және оған қосымшалардан тұрады.

Корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі және оны төлеу мерзімдері

Корпоративтік табыс салығы сомасын есептеу 1. Корпоративтiк табыс салығы салық кезеңi үшiн белгiленген ставканың және табыстар мен шығыстар сомасын азайту, сондай-ақ ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысқа салынады. 2. Бюджетке төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы бұл салықты төлем көзінен ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде төлем көзінен ұтыс, сыйақы түріндегі табыстан ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады.

Корпоративтік табыс салығын төлеу мерзімдері мен тәртібі

1. Салық төлеушілер корпоративтік табыс салығын төлеуді орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.2. Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді бюджетке салық кезеңі ішінде, айқындалған мөлшерде әр айдың 25-інен кешіктірмей, әрбiр ай үшiн енгізуге міндетті.

3. Салық кезеңі ішінде бюджетке енгізілген аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.Салық төлеуші салық кезеңінің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлемді декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.

Салық салынатын табыс – түзетулерді ескере отырып жылдық жиынтық табыс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Жылдық жиынтық табыс – заңды тұлғаның ҚР-да және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.

Шегерімдер – салық төлеушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезінде шегерімге жатады.

Шегерімдерді салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді.

Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері: 1) өткізуден түсетін табыс; 2) құн өсімінен түсетін табыс; 3) туынды қаржы құралдары бойынша табыс;

4) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс; 5) күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;

6) банктердің және лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құрылған провизияларының (резервтерінің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс;7) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс;8) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс; 9) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алған табыс;

Төлем көзінен ұсталатын табыстарға мыналар жатады:1) ұтыстар;

2) резидент еместердiң тұрақты мекемесімен байланысты емес ҚР-дағы көздерден алған табыстары;3) резидент еместiң филиалына, өкiлдiгiне немесе тұрақты мекемесiне төленетiн табыстар (резидент заңды тұлғадан, сондай-ақ ҚР-да орналасқан пайлық инвестициялық қорлардан түсетін дивидендтер нысанындағы табыстар);4) сыйақы.

Табыстар мен шегерімдерді түзету Түзету – есепті салық кезеңіндегі табыстың немесе шегерімнің мөлшерін бұрын танылған табыстың немесе шегерімнің сомасы шегінде ұлғайту немесе азайту.

Табыстар немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:1) тауарларды толық немесе ішінара қайтарғанда;2) мәміленің шарттарын өзгерткенде;3) сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағаны, өтемақыны өзгерткенде;4) бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалғанда;5) шарттың талаптарын негізге ала отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төленуге тиіс сома өзгергенде;6) ол бойынша табысты түзету талапты есептен шығарғанда түзетуге жатады.

Салық салынатын табысты азайту және салық төлеушілердің кейбір санаттарын салық салудан босатуСалық төлеушінің салық салынатын табысты мынадай шығыс түрлеріне:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]