Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пособие лат. Фарм.doc
Скачиваний:
46
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
881.66 Кб
Скачать

§ 8. Етістіктің жіктелу түрлері. Сөздіктегі түрі

Сөз негізі қандай дауыстыға аяқталатынына қарай, етістіктер төрт топқа бөлініп, төрт түрлі үлгі бойынша жіктеледі.

І

ІІ

ІІІ

IV

дауыссыз немесе - и

- і

Сөз негізін анықтау үшін етістіктің тұйық рай (Infinitivus) формасының –re жалғауын алып тастау керек. Жіктеудің ІІІ түріне жататын етістіктерде

ere алып тастау керек, өйткені –е қысқа болып тұр, түбірге де, жалғауға да жатпайды, жай ғана екеуін қосып тұр.

Infinitivus

Негізі

Жіктеудің түрі

curare

habere

dignoscere

diluere

audire

cura -

habe-

dignosс-

dilu-

audi-

I

II

III

III

IV

Етістіктердің сөздіктегі түрі мынандай компоненттерден тұрады:

  1. осы шақтың 1 жақ ашық райдағы негізі етістегі формасы о жалғауымен.

  2. тұйық райдың –re жалғау алдындағы дауысты дыбыспен бірге.

  3. жіктеудің түрі

Мысалы:

signо, are 1– белгілеу

habeo, ere II – пайда болу

diluo, ere III – сұйылту, су қосу

аudio, ire IV – тыңдау

§ 9. Ашық рай

(Indicativus)

Осы шақтың ашық райдың негізгі және ырықсыз етістің формалары (Praesens indicativi activi et passivi) сөздің негізіне жіктік жалғаулары жалғануы арқылы жасалады.

PІA PІP

sing – t sing – tur

3 жақ 3 жақ

pl – nt pl – ntur

Жіктеудің І түрі

cura – t

cura - nt

cura – tur

cura - ntur

Жіктеудің ІІ түрі

misce – t

misce - nt

misce – tur

misce - ntur

Жіктеудің ІІІ түрі

defend - i- t

defend – u -nt

defend - i- tur

defend – u -ntur

Жіктеудің ІVтүрі

audi – t

audi – u - nt

audi – tur

audi – u - ntur

NB! Жіктеудің ІІІ түріне жататын етістерді PІA, PІP формаларының жасалуында түбір мен жалғауының арасында ідауысты дыбысы пайда болады, ал жіктеудің ІІІ және IV түрлеріне жататын етістіктерде көпше түрінде – u –дауысты дыбысы пайда болады.

§ 10. Шартты рай

(Conjunctivus)

Шартты райда сөйлеуші іс-әркеттің, қимылдың шартын білдіреді. Рецептурада латынның шартты мағыналарының біреуі ғана беріледі – іске жұмылдыру, бүйыру. Қазақ тілінде етістік шартты райдың жалғауымен беріледі:

Араластырылсын

Белгіленсін

Praesens conjunctivi activi et passivi осы шақтың негізінен және жіктік жалғаулардың (негізгі етіс, ырықсыз етіс) қосылуы арқылы жасалады. Жіктеудің І түрінде негізіндегі «а» «е» дауысты дыбысына ауысады. Жіктеудің ІІ, ІІІ, IV түрлерінде негізіне «а»- жұрнағы қосылады.

PCA

(осы шақ шартты рай негізгі етіс)

PCP

(осы шақ шартты рай

ырықсыз етіс)

Жіктеудің

І түрі

Жіктеудің

ІІ түрі

Жіктеудің

ІІІ түрі

Жіктеудін ІVтүрі

sign – e - t

sign – e –nt

misce а- t

misce а – nt

repet –a –t

repet – a -nt

audi –a- t

audi – a - nt

sign – e - tur

sign – e –ntur

misce а - tur

misce а- ntur

repet –a –tur

repet – a –ntur

audi –a - tur

audi – a - ntur