Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

KZ Патофизиология учебник

.pdf
Скачиваний:
353
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.67 Mб
Скачать

 

жасуша (АТЖ) – деп атайды. Осыдан Тх0 жасушаларының

 

әсерленуі

болып, олар Тх1 немесе Тх2

жасушаларына

 

айналады. Тх1 жасушалары интерлейкин-2, γ-интерферон,

 

лимфотоксин өндіріп шығарады. Тх2 жасушалары интерлейкин

 

4,5,10,13 бөліп шығарады. Осыған байланысты Тх1 жасушалары

 

әсерленгенде аллергені бар нысана жасушаларға уытты әсер

 

ететін

CD8+

корецепторы бар цитотоксиндік Т-жендет

 

жасушалары және БДЖС дамуына жауапты сезімталдығы

 

көтерілген

Т-жасушалары

өндіріледі.

Тх2

жасушалары

341

әсерленуден интерлейкин-4 В-лимфоциттеріне әсер етіп, олар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

иммундық

 

глобулиндер

түзетін

плазмалық

жасушаларға

 

айналады.

Осыдан IgM, IgG, IgA, IgE

түзіледі.

 

Иммуноглобулиндердің

 

біразы

В-лимфоциттерінің

сыртқы

 

беттеріне жабысып, антигенді танитын қызмет атқарады.

 

Қалғандары

қанда

бос

күйінде

болып,

арнайыланған

 

антиденелердің

міндетін

орындайды.

Олар

өзгермейтін

 

тұрақты

Fc

және антигенге арнайыланған, соған сәйкес

 

өзгеріп тұратын Fab бөлшектерінен тұрады.

 

 

 

 

 

Бұл сатыны сенсибилизация (лат. sensibillis

 

сезімтал) деп атайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сенсибилизация - деп организмге аллерген

енгеннен

 

кейін оның сезімталдығының біртіндеп көтерілуін айтады.

 

Сенсибилизация белсенді немесе енжар болуы мүмкін.

 

 

Белсенді сенсибилизация антиген енгеннен кейін оған

 

жауап ретінде организмнің өзінің иммундық жүйесінің

 

қатысуымен дамиды. Ол үшін аллергеннің өте аз мөлшері

 

жеткілікті. Мәселен, теңіз доңыздарында сенсибилизация

 

жағдайын алу үшін оларға бөтен қан сары суының 10 -9

 

енгізу жеткілікті болады. Сенсибилизация

жағдайы аллерген

 

организмге енгеннен кейін 10 -14 күннен соң пайда болады.

 

Бұл

кезең

аллергенді тану, оған қарсы арнайыланған

 

антидене және сезімталдығы көтерілген Т-лимфоциттер өндіру

 

үшін

және

антиденелердің организмде таралуы, тіндерге

 

кіріп, жасушаларда бекуі үшін қажет.

 

 

 

 

 

Енжар

 

сенсибилизация

 

сау

жануарларға

белсенді

 

сенсибилизацияланған жануарлардың қан сарысуын немесе

 

сезімталдығы көтерілген лимфоциттерін енгізгенде дамиды.

 

Бұл кезде сезімталдықтың көтерілуі 18-24 сағаттан кейін

 

байқалады. Бұл уақыт қан сары суымен түскен антиденелердің

 

немесе

сезімталдығы

көтерілген

лимфоциттердің

тін

 

жасушаларына бекуі үшін қажет. Аллергиялық серпіліс тек

 

организмнің сезімталдығын көтерген антигенге (аллергенге)

 

ғана дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Патохимиялық өзгерістер сатысында аллерген мен арнайы

 

антидене немесе аллерген мен сезімталдығы көтерілген Т-

 

лимфоциттер

 

байланысулары

нәтижелерінде

аллергияның

342

біріншілік дәнекерлері (медиаторлары) босап шығады. Олар

аллергиялық

серпілістердің түрлеріне қарай әртүрлі болады

(төменде келтіріледі). Артынан қабынудың бейспецификалық

екіншілік

дәнекерлері:

лизосомалардың

ферменттері,

белсенділігі көтерілген Хагеман факторы, калликреин-кинин

жүйесі, простагландиндер мен лейкотриендер т. б. қосылады.

Патофизиологиялық бұзылыстар сатысы осы көрсетілген

аллергияның

біріншілік

және

екіншілік

дәнекерлерінің

нысана жасушаларға әсерлерінен дамиды. Осыдан:

 

артериалық

қысымның,

майда

қан

айналымның

өзгерістеріне әкелетін қан тамырларының жергілікті және жүйелік өзгерістері (терінің қызаруы, артериалық қан қысымының төмендеуі т.с.с.) байқалады;

қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылайды, содан ісіну дамиды;

тегіс ет жасушаларының қатты жиырылып қалуынан бронхоспазм, ішектердің бұрап ауыруы, іш өту т.с.с. құбылыстар пайда болады;

қан ұю және ұюға қарсы, фибринолиздік жүйелердің бұзылыстарынан тамыр ішінде қан қатпалары пайда болуы немесе қан ұйымауынан қанағыштық синдром дамуы байқалады;

эпителий жасушаларының шырыш шығару қабілеті көтерілуінен кеңірдекшелерде тұтқыр қақырық өндіріледі;

сезімтал жүйке аяқшалары қоздырылудан ауырусыну, қызу, қышыну сезімдері болады;

тіндерде жасушалардың сіңбелерімен көрінетін қабыну дамиды;

аллергені бар нысана жасушалардың ыдырауы (цитолизі) байқалады.

Цитолиз үш түрлі жолмен болуы мүмкін:

жасуша сыртындағы цитолиз, мәселен, эозинофилдердің

пероксидазалары мен катиондық нәруыздары сыртына шығарылып, антигені бар жасушаларды (құрттарды) ерітіп жібереді;

жасуша ішіндегі цитолиз, мәселен, фагоцитоз кезінде фагоциттердің ішінде ыдыратылып кету;

жанасулық цитолиз, мәселен, Т-жендет жасушалары аллергені бар жасушамен жанасудан перфорин атты нәруыз өндіріп, нысана - жасуша қабықтарында көптеген тесіктердің пайда болуына әкеледі және эндонуклеаза ферменттерін әсерлендіріп, апоптозды әсерлендіреді. Макрофагтар цитокиндер шығарып және лизосомалық ферменттерінің қатысуымен жасушаларды ерітеді.

Аллергиялық серпілістердің анафилаксиялық ( реагиндік) I-түрі.

 

Бұл

серпілістер

бактериялық

емес

 

аз

 

мөлшердегі

 

аллергендерге (шөп тозаңдарына, тұрмыстық шаңдарга, дәрі-

 

дәрмектерге,

тағамдық

заттарға)

дамиды.

 

Иммундық

 

серпілістер

сатысында

аллерген

 

мен

макрофагтардың

 

әсерленуінен Тх2 жасушалары интерлейкин-4 өндіріп, В-

 

жасушаларын

әсерлендіреді.

Осыдан

 

олар

 

плазмалық

 

жасушаларға

айналып, ІgЕ

немесе

ІgG4

өндіріп

шығарады.

 

Бұл иммундық глобулиндерді аллергиялық антиденелер немесе

 

реагиндер (аллергияға жауапты антиденелер) дейді. Олар Fс

343

бөлшегімен

лаброциттердің (тіндік

базофилдердің

немесе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

мес жасушаларының) және қан базофилдерінің

сыртына

 

жабысады. Адамда лаброциттер теріде, шырышты қабықтарда,

 

тегіс

салалы ет

жасушаларында

(бронхиолаларда,

ішектерде

 

т. б.) көптеп орналасады. Сондықтан ІgЕ осы тіндерге жақсы

 

жабысады. Организмге аллерген қайталап түскенде ол

 

иммундық

Е-глобулиннің

Ғав-бөлшегімен

байланысып,

 

лаброциттердің

түйіршіктерін

сыртына

шығаруына

әкеледі

 

(10-сурет). ІgЕ мен аллерген байланысуынан лаброциттердің

 

ішіне Са2+ иондары түседі. Осыдан жасуша ішіндегі майда

 

талшықтардың

 

 

жиырылуларынан

 

 

лаброциттердің

 

түйіршіксізденуі (дегрануляциясы) болады.

 

 

 

 

 

 

Патохимиялық

өзгерістер

сатысында

лаброциттердің

 

түйіршіктерінен аллергияның дәнекерлері (медиаторлары)

 

босайды. Оларға гистамин,

гепарин,

 

эозинофилдер

мен

 

нейтрофилдердің хемотаксистік факторлары жатады. Артынан

 

лаброциттердің

қабықтарында

 

фосфолипаза

 

ферменті

 

әсерленуінен фосфолипидтер ыдырап, арахидон қышқылынан

 

простагландиндер мен лейкотриендер түзіледі.

 

 

 

 

 

Патофизиологиялық

бұзылыстар

 

немесе

 

клиникалық

 

көріністер сатысында гистамин мен простагландин F2

тегіс

 

салалы еттердің (бронхиолалардың, ішектердің) тез қатты

 

жиырылуын

туындатады,

қылтамырлардың

қабырғаларының

 

өткізгіштігін жоғарылатады. Осыдан бронхоспазм, ісіну,

 

есекжем, терідегі нүктелі бөртпелер, қышыну т. б.

 

байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лейкотриендер ағзалардың тегіс салалы еттерінің баяу

 

және ұзақ жиырылуын туындатады. Содан бронхиолалардың

 

спазмы

туындайды

және

оның

әсері

 

антигистаминдік

 

дәрілермен емделмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Эозинофилдердің хемотаксистік факторы

олардың тамыр

 

 

сыртына шығуын күшейтеді. Оларда лейкотриендерді және

 

гистаминді ыдырататын арилсульфатаза, гистаминаза ферменттері бар.

Аллерген

344 В-жасуша Лаброциттің түйршіксізденуі 10-сурет. Аллергиялық

реакцияның анафилаксиялық 1-түрінің патогенезі (I. С. Е.

Underwood бойынша)

Аллергиялық серпілістердің анафилаксиялық I-түрінің мысалы болып анафилаксиялық сілейме есептеледі.

Анафилаксия құбылысын ең алғаш ХХ-ғасырдың басында француз ғалымдары С. Рише мен Г. Портье ашып жазды. Тәжірибелік иттердің көктамыры ішіне бөтен нәруызды енгізгеннен кейін бірнеше апта өткен соң оны қайталап екінші рет енгізгенде, иттердің қатты әлсіреуі, тынысының тарылуы, құсу және кейбіреулерінің өлімі байқалған. Организмнің бұл серпілісін анафилаксия деп атаған.

345Анафилаксия (грек. аnа - жоққа шығару, рhуlахіs - қорғаныс, б. а. қорғаныссыздық) бөтен нәруыздардың әсерінен дамитын жоғары сезімталдық жағдай. Ол жануарларда тәжірибеде жақсы зерттелген. Анафилаксиялық сілейме сезімталдығы көтерілген жануардың қанына антигеннің (бөтен қан сарысуының) қайталап шешуші өлшемін енгізгенде дамиды. Бұл елшем сенсибилизация үшін енгізілген өлшемнен 10 есе артық болуы керек.

Анафилаксиялық сілейме әртүрлі жануарларда әртүрлі жолдармен дамиды. Теңіз доңыздарында ол бронхиолалардың тегіс салалы еттерінің қатты жиырылуымен сипатталады. Осыдан өкпе ұяшықтарының қатты керіліп созылуы (эмфизема) және, ауа алмасуы тоқтауынан, олардың солып қалуы (ателектаз) байқалады. Осыдан бұл жануарлар тұншығудан өледі.

Иттерде анафилаксиялық сілейме іш қуысы ағзаларының (бауыр, ішек-қарын т. б.) қан тамырлары кеңуімен және оларда қанның іркіліп қалуымен сипатталады. Осыдан айналымдағы қан көлемі азаяды, артериялық қан қысымы төмендейді, жүрек соғуы әлсірейді.

Қояндарда ол өкпе артериолаларының жиырылуымен, содан жүректің оң жақ қарыншасының қызметі нашарлауымен, қанның

үлкен

қан

айналым

шеңберінде

іркілуімен,

жүрек

шығарымының

азаюымен

және

артериалық

қысымның

темендеуімен сипатталады. Осы келтірілген тәжірибелік деректерге байланысты әртүрлі жануарларда анафилаксиялық сілейме дамуына жауапты ағзалар болады. Оларды сілеймелік

(шоктық) ағза – деп атайды.

Адамда бұл сілейме ауыр түрде өтеді. Ол дәрі-

дәрмектердің (пенициллин, новокаин, аспирин, витамин

В1

т. б.) әсерлерінен оларды егулердің нәтижелерінде

жиі

байқалады. Сонымен қатар кейде аллергендердің ауыз арқылы, тыныс жолдарымен енгендерінде және ерекше сезімтал адамдарда, емдік май ретінде тіпті теріге жаққанда да дамуы мүмкін. Балаларда анафилаксиялық сілейме сыйыр сүтіне, жұмыртқаға, балыққа, жаңғаққа т. б. дамиды. Бұл сілейменің адамдағы көрінісгері әртүрлі болуы

 

ықтимал. Жиі жүрек-тамыр қызметінің

жеткіліксіздігі

 

(коллапс) байқалады, тамыр соғуы әлсіреп, жиілейді. Тыныс

 

алу өзгереді, қатты жөтел, бронхоспазм, ауа жетіспеушілік

 

сезімі, тұншығу дамиды.

 

 

 

 

 

Орталық жүйке жүйесінің бұзылыстары, кейде естен тану

 

болады. Бұл кезде қорқыныш сезімі, қобалжу, бас ауыруы,

 

құлақ шуылдауы, қатты терлеу, кейде есекжем және Квинке

 

ісінуімен қабаттасатын, тері қышуы байқалады.

 

 

Ас қорыту жолдарының қызметі бұзылады. Осыдан жүрек

346

айну, құсу, іштің ауыруы, іш кебу, іш өту, кейде еріксіз

 

 

 

 

 

 

 

дәрет бұзылуы байқалады.

 

 

 

 

Осы

келтірілген

аллергиялық

серпілістердің

 

анафилаксиялық (реагиндік) түрімен

атопиялық

(грек.

 

atopia – оғаш) ауруларда дамиды. Бұл ауруларға поллиноз,

 

атопиялық

бронхиалық

демікпе,

есекжем, Квинке

ісінуі

 

т.с.с жатады. Олардың аллергендері болып эпидермис

 

жасушаларының антигендері, өсімдік тозаңдары, дәрілер,

 

тағамдық т. б. заттар есептеледі. Бұл аллергендер

 

организмге тыныс алу, ас қорыту жолдары, тері арқылы

 

түседі.

 

 

 

 

 

 

Поллиноз (грек. pollen - өсімдіктер тозаңы) -

 

өсімдіктер гүлдеп тұрғанда олардың тозаңдары тыныс

 

жолдарына және көзге түсуіне байланысты мезгіл-мезгіл

 

пайда болатын ауру. Өсімдік тозаңдарына сезімтал

 

организмге

олардың қайталап

түсуі

мұрынның

шырышты

 

қабығын, көзді қоздырып, ринит, коньюнктивит дамытады.

 

Содан мұрыннан көп шырыш, көзден жас бөлінеді, көз

 

қабағының қышуы, түшкіру болады.

 

 

 

 

Бронхиалық демікпе кенеттен ұсақ кеңірдекшелердің

 

саңылаулары

тарылудан

демді

сыртқа

шығару

қиындап,

тұншығу ұстамалары пайда болуымен сипатталады. Олардың саңылаулары тарылуы мына себептермен байланысты:

тегіс салалы еттердің жиырылуынан бронхоспазм дамиды;

қылтамырлардың қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылауынан майда кеңірдекшелердің шырышты қабығы ісінеді;

тыныс алу жолдарының эпителий жасушаларының сөлденістік қызметі көтерілуінен тұтқыр қақырықпен майда кеңірдекшелердің саңылаулары бітеледі.

Есекжем мен Квинке ісінуі. Организмге аллерген енуіне

байланысты тері мен шырышты қабықтардың, кейде ішкі ағзалардың өткінші ісінуі болады. Олар көптеген аллергендерге, дәрілерге дамиды. Бұл серпілістердің дамуында тектік ерекшеліктердің маңызы зор. Есекжем мен Квинке ісінуі даму тетіктерінде гастаминнің т. б.

 

биологиялық белсенді заттардың босап шығуы үлкен маңызды

 

орын алады. Олар прекапиллярларды, қылтамырларды және

 

ұсақ көктамырларды кеңітіп, олардың қабырғаларының

 

өткізгіштігін жоғарылатады. Осыдан қан сұйығының тамыр

 

сыртына

шығуынан

теріде,

шырышты

қабықтарда

күлдіреу

 

пайда болады. Есекжем кезінде қанбайтын қышыну сезімі

 

терідегі сезімтал жүйке аяқшаларының қозуынан болады. Ал,

 

Квинке ісінуі кезінде бұл өзгерістер тері астындагы

 

қабатта болатындықтан қышыну сезімі байқалмайды.

 

347

Атопиялық

аурулар аллергиялық

серпілістердің

I-ші

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

анафилаксиялық түрінің патогенездік жолдарымен дамитынына

 

қарамай, олардан біршама ерекшеленеді.

 

 

 

 

Атопиялық аурулар дамуының ерекшеліктері:

 

 

 

● бұл аурулардың дамуында тұқым қуалаушылыққа

 

бейімділіктің маңызы өте зор. Олар ұрпаққа дайын күйінде

 

берілмей, тек оларға қолайлы жағдай ғана беріледі.

 

Қоршаған ортаның ықпалдарынан атопия дамуына бейімділік

 

нағыз дертке айналады. Бұндай ықпалдар болып әр адамның

 

өзіне ғана әсер ететін аллергендер есептеледі. Атопия

 

дамуында,

анафилаксиялық

серпілістерге

сәйкес

арнайы

 

тетік болып, аллергенге жауап ретінде организмнің IgE –

 

антиденелерді артық өндірілуі маңызды орын алады.

 

Атопиялық ауруларға бейімділігі бар адамдарда Тх0

 

жасушаларының

нақтылануы

Тх2 жасушалар жағына басым

 

болады.

Тх2

жасушалары

интерлейкин

4,5,10

т.б.

 

медиаторлар шығарады. Бұлар, әсіресе интерлейкин-4, В-

 

лимфоциттерінде G-иммундық глобулиндердің орнына IgE

 

өндірілуін арттырады. Дені сау адамдарда IgE 0-ден 40-60

 

халықаралық өлшем/мл-ге (1 халықаралық өлшем -2,4 нг)

 

дейін ғана болады. Ал, атопиялық аурулар кездерінде оның

 

мөлшері 100-120 өлшемнен бірнеше мың өлшемге дейін

 

көтеріліп кетеді. Кейде бұл аурулар кездерінде IgE-нің

 

орнына IgG4 көбейеді. Оларда лаброциттер мен базофилдерге

 

жабысып, аллергиялық антиденелердің міндетін атқарады.

 

Бүгінгі күні

20 шақты

гендердің

атопия

дамуындағы

 

мүмкіншіліктері қаралып жатыр. Атопиялардың көріністеріне

 

қарай олардың көпшілігінің орналасу орындары анықталған.

 

Бұл гендер 4,5,6,7,11,13,14 хромосомаларда орналасқан.

 

Оларды шартты түрде В.

Куксон (W.Cookson,1996)

төрт

 

топқа:

 

 

 

 

 

 

 

 

жалпылама IgE өндірілуі көбеюіне бейімдейтін

гендер;

арнайыланған IgE жауабына әсер ететін гендер;

атопияға байланысты болмай бронхиолалардың қатты жауап қайтаруына әсер ететін гендер;

IgE-жауаппен байланысты емес қабыну дамуын

анықтайтын гендер – деп ажыратты.

Сайып келгенде, атопиялық аурулардың дамуында гендердің ауытқуларынан IgE өндірілуінің артуы, аденилатциклаза ферментінің белсенділігі төмендеуі, сөлденістік IgA өндірілуі азаюы т.с.с. маңызды болуы ықтимал.

● бұл аурулардың даму жолдарында, арнайыланған иммундық серпілістермен қатар, арнайыланбаған бейспецификалық тетіктер елеулі орын алады. Оларға

348мыналарды:

организмнің дербес (вегетативтік) жүйке жүйесінің өзара қатынасы бұзылуын; осыдан парасимпатыкалық жүйке

жүйесінің межеқуаты көтеріліп, β2-адренергиялық жауап қайтарудың төмендеп кетуі байқалады;

лаброциттер мен базофилдердің өз беттерінше ешбір себепсіз немесе әртүрлі иммундық емес түрткілерге жауап ретінде көптеп іштеріндегі түйіршіктерін, солармен бірге медиаторларын, сыртқа босатып шығару қабілетінің артып кетуін;

қанда эозинофилдер көбейіп, олардың шырышты қабықтарда шоғырлануын;

тыныс алу жолдары мен ішек-қарын жолдарынан көптеп шырыш шығарылуын - жатқызуға болады;

бұл аурулар кездерінде, белгілі бір ағзаның бүліністеріне ғана әкелетін анафилаксиялық серпілістерге қарағанда, кезкелген ағза мен тіндердің бүліністері байқалады. Былайша айтқанда, белгіл бір «сілеймелік (шоктық) ағза» болмайды.

Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік II-ші түрі.

Аллергияның бұл түрінде аллерген болып организмнің өзінің сау немесе өзгерген меншік жасушалары мен тіректік мембраналары есептеледі. Олар мына жағдайларда:

● жарақат, қабыну, қанайналымының бұзылысгары т.с.с. жағдайларда кейбір тіндерде (ми құрылымдары, қалқанша без, көз бұршағы, атабез) биологиялық тосқауылдардың бұзылыстарынан табиғи аутоантигендер қанға түскенде;

● ыстық немесе суық темпуратуралардың, химиялық заттардың, дәрі-дәрмектердің, микробтар мен олардың уыттарының, вирустардың т. б. ықпалдардың әсерлерінен

бүлінген

жасушалар мен тіндер

- аутоаллерген болуы

ықтимал.

 

 

 

 

 

Иммундық

серпілістер

сатысында

аутоаллергеннің

танылуы макрофагтардың қатысуымен болады да, Т- және В- лимфоциттерінің өзара әрекетесулерінен, В-лимфоциттері плазмалық жасушаларға айналып, IgG1 - 3 және IgM өндіреді.

Бұл антиденелер аутоаллергендері бар жасушаларға Fab- бөлшектерімен барып жабысады. Содан патохимиялық өзгерістер сатысы дамиды, аллергияның дәнекерлері пайда болады. Бұл дәнекерлерге комплементтің құрамбөлшектері (С, С, С5-9), лизосомалық ферменттер (катепсиндер, ДНКаза, РНКаза, эластаза т.б.), оттегінің бос радикалдары (супероксиданионрадикал, гидроксил тобы, сутегінің асқын тотығы), калликреин - кинин жүйесінің өнімдері жатады.

Патофизиологиялық бұзылыстар сатысында аллергені бар

349жасушалардың ыдырауы байқалады. Ол комплементке-тәуелді және комплементке-тәуелсіз делінетін екі түрлі жолмен

болады. Комплементке-тәуелді жолында комплементтің Сқұрамбөлшегі қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін

көтереді, Сқұрамбөлшегі фагоцитозды әсерлендіреді, Снейтрофилдерге хемотаксистік әсер етеді, С5-9 құрамбөлшектері жасушалардың қабықтарының өткізгіштігін арттырып, оларда су мен электролиттер алмасуын бұзады.

Комплементке-тәуелсіз цитолиз аллергені бар жасушаларға Fab бөлшегімен жабысқан IgG-нің Fc бөлшегіне

табиғи жендет жасушалары және макрофагтар жабысуынан болады. Бұл жасушалардың сыртқы беттерінде IgG-дің Fc – бөлшегін байланыстыратын рецепторлары бар. Осыдан табиғи жендет жасушалары аллергені бар жасушаларда апоптоз дамуын арттырып, макрофагтар лизосомалық ферменттерімен, оттегінің бос радикалдарымен және басқа цитокиндерін енгізіп, оларды ерітіп жібереді. Осындай жағдайды

антиденеге-тәуелді жасушаға уыттылық дейді.

Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік II-түрімен гемолиздік анемиялар, тромбоцитопениялар, аутиммундық тиреоидит, миокардит, гепатит т.б. аутоиммундық аурулар дамиды.

Аллергиялық серпілістердің иммундық кешендік IIIтүрі.

Иммундық серпілістер сатысы. Аллерген болып еріген нәруыздар, дәрі-дәрмектер, емдік қан сарысуы, тағамдық заттар, саңырауқұлақ т.с.с. есептеледі. Бұл аллергенге организмнің иммундық жүйесінде макрофагтар мен Т- және В-лимфоциттерінің өзара әрекеттесулері болып, соңғысының плазмалық жасушаларына айналуынан IgG1, IgG3, IgM түзіледі. Бұл антиденелер аллергенмен биологиялық сұйықтарда (қанда, лимфада, жасуша аралық сұйықтарда) байланысады да, аллерген - антидене иммундық кешенін құрады. Егер бұл кешен антигеннің шамалы артықшылығымен болса, онда ол майда тамыр қабырғаларына жабысады.

Патохимиялық өзгерістер сатысы. Аллерген – антидене кешені құрылудан бірнеше аллергияның медиаторлары босап

шығады. Оларға:

комплемент жүйесінің әсерленуінен оның белсенді құрамбөлшектері С, Ст.б.түзілуі;

хемотасистік және тромбоциттердің белсенділігін көтеретін факторлар;

лизосомалық ферменттер, оттегінің бос радикалдары (О, ОН, Н2О2), нитроксид;

гистамин, гепарин, серотонин, простагландиндер мен лейкотриендер;

350

● калликреин-кинин,

қан

ұю,

ұюға

қарсы

және

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

фибринолиздік жүйелердің өнімдері –жатады.

 

 

 

Патофизиологиялық

бұзылыстар

немесе

клиникалық

 

көріністер

сатысы.

Комплементтің

С

құрамбөлшектері

 

қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін көтереді, С

 

құрамбөлшектері

нейтрофилдерге

және

 

макрофагтарға

 

хемотаксистік әсер етеді. Осыдан нейтрофилдер аллерген -

 

антидене кешенін фагоциттейді және коллагеннен тұратын

 

серпімді талшықтарын ыдырататын, қан тамырларының

 

өткізгіштігін жоғарылататын лизосомалық ферменттерді,

 

оттегінің

бос

радикалдарын

 

бөліп

шығарады.

Бұлар

 

тіндердің ыдырауына, жасуша аралық сұйықта К+ және Са2+

 

иондарының мөлшері көбеюіне әкеледі. Осыдан тіндердің

 

жүйкелік-еттік қозымдылығы көтеріледі. Протеолиздік

 

ферменттердің

 

әсерленуіне

байланысты

тіндердің

және

 

тамыр қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылайды, ісіну

 

пайда болады (11-сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 

Иммундық кешендер (преципитаттар) тромбоциттердің

 

сыртына жабысып, оларды ыдыратады; қан ұюына қажетті

 

тромбоциттік,

фосфолипидтік

фактор

3

босайды,

тамыр

 

ішінде қан ұюы болады, тромб құрылады, кейде қан кетулер

 

болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аллергиялық

 

серпілістердің

бұл

 

түрі

Артюс

 

феноменінде,

сарысулық

ауру,

анафилаксиялық сілейме

 

(шок), құздама, гломерулонефрит, қанағыштық васкулит,

 

жүйелі қызыл жегі аурулары кездерінде байқалады.

 

 

Артюс-Сахаровтың феноменін қояндарда алуға болады. Ол

 

үшін қоянға 0,5-1 мл жылқы қан сарысуын әрбір 5-6

 

тәуліктен кейін тері астына енгізу керек. Біртіндеп

 

енгізілген сарысудың сіңірілуі азайып, гиперемия, ісіну

 

мен лейкоциттердің тамыр сыртына шығуларымен сипатталатын

 

қабыну пайда болады. 4-5 екпеден кейін сарысу енгізілген

 

жердің тері астында және теріде қарқынды некроздық қабыну

 

байқалады. Бұл кезде қанда тұндырғыш (преципитиндер)

 

антиденелердің мөлшері қатты көтеріледі. Бұл преципитин-

 

дердің аллергендермен байланысуы иммундық кешендердің

 

(преципитаттардың)

құрылуына

әкеледі.

Олар

тері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]