Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практика win каз таырып.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.36 Mб
Скачать

Файл мәзірінің (мәзірінің) мазмұны.

Жаңа файлды сақтау немесе қажет файлды жүктеу үшін команда берілген соң сұхбаттық терезе шығады терезеге жолды көрсету қажет.

Мысалға: құжатты жүктеу: Файл-Открыть командасын бергенде сұхбаттық терезе шығады сол терезеге жолды көрсету қажет.

Түзету (Правка) мәзірінің мазмұны:

Әрбір команданы орындау үшін бірінші объектіні ерекшелеу қажет содан кейін керекті команданы береміз.

Объектіні көшіру: Көшіру (Копировать) амалын орындау үшін қажет файлды (объектіні) алдымен тышқан арқылы ерекшелеп Түзету-Копировать командасын береміз (алмасу буферіне аламыз (сақтаймыз)), содан кейін Түзету-Вставить (Орналастыру) командасы орындалады (бұл жанама мәзір немесе жатық мәзір арқылы орындалады). Ал егер Drag@drop механизмін қолдансақ, онда: қажетті объектіні ерекшелеп Ctrl + тышқанды жібермей сүйреп қажетті орынға апарамыз. Енді саймандар тақтасын қолданайық: қажет объектіні ерекшелеп саймандар тақтасынан (бұл Копировать командасына сәйкес келеді) командасын беріп, қажетті орынға (бұл Вставить командасына сәйкес келеді) командасы арқылы қоямыз.

Объектінінің орнын ауыстыру: 1) Орын ауыстыру амалын орындау үшін: файлды (объектіні) алдымен тышқан арқылы ерекшелеп Түзету (Правка)- Қиып алу (Вырезать) командасын беріп объектіні қоятын орынды белгілейміз да Түзету (Правка) – Орналастыру (Вставить) командасын орындаймыз (бұл жанама мәзір немесе жатық мәзір арқылы орындалады). Ал егер Drag@drop механизмін қолдансақ, онда: қажетті объектіні ерекшелеп тышқанды жібермей сүйреп қажетті орынға апарамыз. Енді саймандар тақтасын қолданайық: қажетті объектіні ерекшелеп саймандар тақтасынан (бұл Вырезать командасына сәйкес келеді) командасын беріп командасы арқылы қажетті жерге қоямыз.

Көшіру, қиып алу амалдары орындалғанда бұл командалар алмасу буферінде уақытша сақталады. Буфер дегеніміз жедел жадта орналасқан уақытша жады.

Көшіру, қиып алу, орнын ауыстыру, жою амалдарын орындағанда триада әдісін қолдануға болады, триада әдісі: жанама мәзір, саймандар тақтасы және жатық мәзір арқылы орындалады.

Саймандар тақтасының көрінісі

Жиі қолданылатын командалар саймандар тақтасында суретше түрінде берілген. Егер команданың қызметін білмесеңіз тышқанды апарып ұзақ ұстасаңыз сол команда жайлы сізге көмек береді.

Жанама мәзірінің мазмұны: Жанама мәзір тышқанның оң батырмасы арқылы шақырылады.

Paіnt графикалық редактоы

Бағдарламаны іске қосу үшін:Пуск – Программы – Стандартные - Paіnt. Paіnt – бағдарламасы графиктік редакторы болып табылады. Терезеде сурет саймандар тақтасы орналасқан. Осы сурет саймандар тақтасын қолданып, суретттер салуға болады және терезенің төменгі жағында түс саймандар тақтасы орналасқан осыған сәйкес түстерді таңдаймыз.

Paіnt графикалық редакторындағы Файл мәзірінің мазмұны.

Paіnt графикалық редакторында файлды баспаға шығару:Файл - Баспаға шығару (Печать). Ал файлды сақтау Файл – Сақтау (Сохранить)

Сурет масштабын өзгеру: Түр (Вид) - Масштаб

Word Pad мәтіндік редакторы

Word Pad мәтіндік редакторын жүктеу арқылы құжаттар құруға, өңдеуге болады.

Зақым келтіруші программа және оның классификациясы.

Программалық вирус – бұл автоматтандырылған жүйелерде сақталатын мәліметтерді және/немесе программалық қамтаманы жою немесе өзгерту мақсатымен телекоммуникациялық желілер мен автоматтандырылған жүйелердегі өзіндік туындау мен рұқсатсыз таралу қасиетіне ие болатын орындаушы немесе интерпретацияланатын программалық код.

Вирустардың компьютерге енуінің мүмкін арналары ақпаратты ауыстырып тасушылардағы жинақтаушылар мен желілік коммуникация құралдары болып табылады.

1.1 Компьютерлік вирустардың өмірлік циклі

Биологиялық вирустар тәрізді компьютерлік вирустардың өмірлік циклі әдеттегідей келесі фазалардан тұрады:

    1. Вирусқа ешқандай әрекет қолданылмайтын белгісіз кезең;

    2. Вирус тек қана көбейетін инкубациялық кезең;

    3. Көбеюмен қатар қолданушымен рұқсатсыз әрекет орындалатын көрініс кезеңі.

Компьютерлік вирустардың негізгі түрлеріне мыналар жатады:

  • программалық вирустар;

  • жүктелетін вирустар;

  • макровирустар;

Программалық вирустар. Программалық вирустар – басқа қолданбалы программаның ішіне мақсатты түрде ендірілетін программалық кодалардың блогы вирусы бар программа жұмыс атқарғанда ондағы вирустық кода іске қосылады. Бұл кода қатты дискіде және басқа программаның файлдық жүйесінде пайдаланушыға көрінбейтін өзгерістер жасайды. Мысалы, вирустық кода басқа программалар денесінде өзін - өзі қайталайды. Бұл процесті көбейу деп атайды. Белгілі бір уақыт өткенне соң көшірмелердің белгілі бір санын құрған соң, программалық вирусты бүлдіру әрекетіне көшеді: - программамен ОЖ –ның жұмысын бұзады, қатты дискідегі ақпаратты жояды. Бұл процесті вирустік шабуыл деп атайды.

Ең нашар бүлдіру вирустары қатты дискіні форматтауға дейін барады. Дискіні форматтау – ұзақ процесс, оны пайдаланушы міндетті түрде байқайды, сондықтан көп жағдайда программалық вирус қатты дискінің жүйелік секторындағы деректерді жоюмен шектеледі. Бұл жағдайда қатты дискідегі деректер сол қалпында қалады, бірақ арнайы құралдар көмегімен ғана пайдалануға болады. Өйткені дискідегі қай файл, қай секторға жататынын анықтау қиындық келтіреді. Теориялық тұрғыдан деректерді қалпына келтіруге болады, бірақ оған кететін еңбек өте зор.

Әдетте ешқандай вирус компьютердің аппараттық қамтамасын істен шығара алу мүмкіндігі жоқ деп есептейді. Дегенмен аппараттық және программалық қамтамалар өзара тығыз байланыста болғандықтан, программалық ақауларды аппараттық құралдарды ауыстыру арқылы өзгеруге тура келген жағдайлар болған. Мысалы, қәзіргі көптеген материндік платаларда базалық енгізу – шығару жүйесі (BIOS) қайта жазыла алатын тұрақты еске сақтау құрылғыларында сақталады (олар флеш – жады деп аталады). Кейбір программалық вирус BIOS деректерін жою үшін флеш жадының микросхемесындағы ақпаратты қайта жазу мүмкіндігін пайдаланады. Бұл жағдайда компьютердің жұмысын қалпына келтіру үшін не BIOS – ты сақтаған микросхеманы ауыстыру керек, не оны арнайы құрылғылар көмегімен (оларды программатор деп атайды) қайтадан программалау керек.

Программалық вирус компьютерге иілгіш дискілерден, немесе интернеттен алынған тексерілмеген программаларды іске қосқанда енеді. «Іске қосу» деген сөзге ерекше көңіл аудару қажет. Вирус жұқтырған файлдарды көшіргенде компьютерге вирус жұпайды.

Сондықтан интернеттен алынған барлық деректер қауіпсіздікке тексеруден өтуі қажет, ал егер қай жерден алынғаны белгісіз болса, оларды қарап шықпай ақ көзін құрту керек. Мұндай вирустарды әдетте тарату жолы – «троян программасы – электрондық хатқа қосымша» болады. Онда пайдалы программаны «іске қос» деп қызықтыратын ұсыныс болады.

Жүктелетін вирустар – программалық вирустардың жүктелетін вирустардан ерекшелігі тарату әдістерінің басқаша болуы. Олар програмалық файлдарды емес, магниттік тасушы иілгіш және қатты дискілер белгілі бір жүйелік аумақтарды бұзады. Сонымен бірге іске қосылып тұрған компьютерде олар уақытша жедел жадыда орналасады.

Әдетте, жүйелік аумағында жүктелетін вирус бар компьютер іске қосылғанда оның магниттік тасушыдан жұғу басталады. Мысалы, компьютерді иілгіш дискіден іске қосқанда вирус алдымен жедел жадыға, содан аоң қатты дискінің жүктеме секторына барады, одан ары қарай компьютердің өзі, вирусты ары қарай тарату көзі болады.

Макровирустар. Вирустың бұл түрі макроклманданы орындауға арналған құралдары бар қолданбалы программалардағы құжаттарды бүлдіреді. Мысалы, мұндай құжаттарға Місrоsоft Word (dos кеңейтуі бар) мәтіндік процессорының құжаттары жатады. Егер макрокоманданы орындалу мүмкіндігі өшірілмесе, онда құжат файл ашқанда жұқтыру басталады. Шабуыл нәтижесі арқылы болуы мүмкін, өте қауіпсіз еместей қалпына келтіруі қиын бүлдіруге дейін апара алады.