Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практика win каз таырып.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.36 Mб
Скачать

Тышқанмен жұмыс жасау

Wіndows-пен жұмыс істегенде манипулятор Mouse-ты қолданған ыңғайлы. Mouse-ты үстелдің үстімен қозғағанда көрсеткіш экранда қозғалады. Mouse-тың екі батырмасы болады, сол жақ және оң жақ, сыртқы түрі сұр тышқанға ұқсайды. Mouse-ты басыңыз дегенде - сол батырмасын бас деген сөз, оң батырмасын басқан жағдайда біз жанама мәзірді шақырамыз. Жанама мәзірдегі командалар әр объектіге қатысты өзгеріп отырады. Mouse батырмасын әдетте тез басып, жібере салу дегеніміз шертіңіз дегенді білдіреді. Енді терезенің орнын жылжыту қажет болса терезе тақырыбынан жібермей отырып жылжыту болып табылады.

Сонымен:

Шерту Mouse батырмасын тез басып, жібере салу.

Екі рет шерту Mouse батырмасын тез екі рет басып, жылжытпай жібере салуды айтады.

Пернелерді қолдану

Ctrlt+Esc бас мәзірді шақырады

Ctrlt+Alt+Del – «Завершение работы программың терезесі пайда болады

Alt+Ғ4 – ағымды бағдарламалық терезені жабады

Shіft+F10 - жанама мәзірді (мәзір) шақырады

Объект таңдаубағыттауыш пернелері арқылы курсорды объектіге қою қажет.

Екпінді ету – таңдалған объектіні екпінді ету үшін Enter пернесін басу керек.

Alt -мәзір жолына шығасыз.

Alt+ Spase (Пробел) – жүйелік мәзірді шақырады

Wіndows анықтамаларын қолдану

Анықтаманы қолданбалы бағдарламаға байланысты түрлі жолмен шығаруға болады. Көптеген қолданбалы бағдарламалардың сұхбаттық терезелерде жеке анықтамалары бар. Анықтаманы шақырудың кейбір түрлерін келтірейік:

  1. Мәзірде Көмек командасын таңдап, шертіңіз.

  2. F1 пернесін басыңыз да сәйкес тақырыпты шертіңіз.

  3. Кез-келген команда немесе параметрмен танысу үшін алдымен осы параметр немесе команданы таңдаңыз, содан кейін F1 пернесін басыңыз немесе Справка (Анықтама) батырмасын шертіңіз.

Қалта құру

Wіndows-та барлық әрекеттер сұхбаттық терезелер арқылы ыңғайлы, әрі түсінікті жүргізіледі, оларға тиісті жауабын қайтарып отырсаңыз болғаны.

Wіndows-та бір әрекетті бірнеше тәсіл арқылы жүзеге асыруға болады, мысалы лақапны жұмыс үстелінде және ЖЕТЕКТЕГІШ бағдарламасы арқылы құруға болады.

Жұмыс үстелінің бос жерінде тышқаннның оң батырмасын шертсеңіз жанама мәзір ашылады. Мәзірде Құру(Создать) командасын таңдап, пайда болған мәзірде Қалта (Папка) бөлігін шертсеңіз – жаңа қалта пайда болады: қалтаға “Мед” деп ат қойсаңыз болады. Орындалған әрекеттер тізімін қысқаша былай деп жазуға болады (бұдан былай қысқаша жазу түрін қолданамыз): Тышқанның оң батырмасы – Жанама мәзір - Құру – Қалта.

Лақап құру (Создать Ярлык)

Лақап керек бағдарламаны іздеп жатпай жұмыс үстеліне немесе қалталарға қойып, көпшілік қолданатын болса әркім өз қалтасынан бірден шақыру үшін қолданылады, керек бағдарлама қайта өшірілмейді (артық орын алмайды). Лақап бағдарламамен тек файл жолы арқылы байланысады.

Лақап құру үшін орындалатын әрекеттер тізімі:

Тышқанның оң батырмасы – Жанама мәзір - Құру – Лақап командалар тізімін орындаңыз, келесі сұхбаттық терезе пайда болады:

Ашылған лақап құру терезесінде Шолу (Обзор) батырмасын шертсеңіз, барлық қалталарды көруге болады, мысалы:

Керек бағдарлама орналасқан қалтаны ашыңыз. Онда бағдарлама шақыратын файлды шертіп, Ашу (Открыть)батырмасын шертіңіз – терезеге файл адресі жазылады:

Әрі қарай (Далее)батырмасын шертіп, лақап атауын енгізіңіз (файл атын қалдыруға болады), мысалы:

Әрі қарай (Далее)батырмасын шертіп, Файлмен байланыстыратын лақап атын тағайындаңыз, келесі терезеден: керек таңба (сурет) таңдап,Дайын (Готово) батырмасын шертіңіз. Экранда құрылған жаңа лақап пайда болады.