Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практика win каз таырып.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.36 Mб
Скачать

Терезелер

Терезе элементтері.

  1. Тақырып жолы

  2. Жүйелік мәзір батырмалары

  3. Терезе батырмалары

  4. Мәзір жолы

  5. Саймандар тақтасы

  6. Жиек

  7. Айналым жолақтары

  8. Жағдай жолы

  9. Жұмыс алаңы

  10. Екі жақты сілтелмелі бағыттауыш батырмалары мазмұн бойынша экрандап қозғалтады.

Тақырып жолында жүйелік мәзір (сол жақ шетте -2 ), терезе аты -1,терезе батырмалары(оң жақ шетте-3) орналасады. Терезе аты ретінде қолданбалы бағдарламаның, құжаттың, қалтаның, каталог немесе файлдың аты көрсетіледі.

Сіз жұмыс жасапжатқан“ағымды” терезенің тақырыбы көк түске боялады,ал ағымды емес терезелер тақырыбы сұр түсті болады. Егер терезені басқа жерге жылжыту қажет болса, курсорды тақырып жолына қойып, тышқанды жібермей жылжытамыз.

Жүйелік мәзір. Терезе тақырыбының сол жағында орналасқан. Шертсеңіз, жүйелік мәзір пайда болады. Бағдарлама терезесінде Жабу командасының тұсында Alt+F4 пернелер комбинациясы көрсетілген. Alt пернесін жібермей тұрып, F4 пернесін қоса басу керек; Alt+F4 пернелері барлық бағдарламаларды жабады.

Терезе батырмаларытақырып жолының оң жағында орналасады.Терезенің экранда шығу варианттары: толық, қалыпты, жинақтау.

Жабу (Закрыть)терезе жабылады

Қалыпты (Восстановить)– терезе экранғақалыпты түрде ашылады

Жинақтау (Свернуть) –терезе жинақталып есептер тақтасына орналасады.

Толық (Развернуть) – терезе бүкіл экранды алады.

Мәзір жолы.Мәзір жолы терезе мазмұнына байланысты болады. Wіndows-та кез-келген әрекеттер командалар арқылы орындалады, командалар тізімі мәзір деп аталады. Мәзір жолында командалар орналасады, ол әр бағдарлама үшін басқаша болуы мүмкін. Мәзірдің бөлімдері (командалары) өз алдына мәзір құрауы мүмкін, ол екінші мәзір деп аталады, оның өз командалары болады.

Барлық қолданбалы бағдарламалар терезесінің бастапқы жолында мәзір жолы тұрады.

Негізгі мәзірлер:

Файл, Түзету(Правка), Түр(Вид) және ? Көмек (Справка) командалары, басқа мәзірлер бағдарлама қызметіне байланысты өзгеріп отырады.

Файл мәзірі файлмен жүргізілетін ашу, жабу, сақтау, құру амалдарын орындауға арналады.

Түзету (правка) мәзірінде құжат файлдарын өңдеу (көшіру, қиып алу, орналастыру, тазалау, бүкіл мәтінді ерекшелеу, іздеу т.б ) жүргізіледі.

Түрмәзірі режимдер тағайындауға (саймандар тақтасы, жағдай жолы, объектілерді реттеу, объектілердің орналасуы) арналған.

? мәзірі анықтама жүйесін шақырады.

Қалталар тақтасы (Панель инструментов). Мәзір жолындағы анағұрлым маңызды командаларды Саймандар суретше түрінде беріледі. Егер терезеде саймандар тақтасы болмаса, Түр мәзірінде Саймандар тақтасы деген жолды таңдау арқылы, керек саймандарды тағайындап алуға болады.

Жиек (Рамка). Терезе жиектері (жақтаулары) терезе шекарасын құрайды, ол қозғалмалы. Курсорды терезе жиегінің сызығына немесе бұрышына қойса, курсор екі жақты сілтемеге айналады, сол кезде Mouse пернесін басып тұрып, өзіңіздің қалауыңыз бойынша терезе мөлшерін өзгертуге болады. Терезе бұрыштары терезенің ені мен биіктігін қатар өзгерту үшін қолданылады.

Жұмыс алаңы.Информациямен (құжат, сурет, кесте т. б.) жұмыс жасауға арналған терезенің негізгі бөлігін жұмыс алаңы деп атайды.

Жағдай жолы (Строка состояния) терезенің төменгі жағында орналасады. Онда кейбір мағлұматтар орналасады. Егер ол жол Сізге пайдалы болмаса, Түр мәзірінде Жағдай жолы бөлімінде жалаушаны алып тастау керек, ол үшін сол жолды шертсеңіз жеткілікті.