Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практика win каз таырып.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.36 Mб
Скачать

3 тақырып. Компьютердің аппараттық және программалық жабдықтамасы. Операциялық жүйе (ОЖ)

Мақсаты: Дербес компьютердің аппараттық бөлігінің қызметі және құрылымы туралы негізгі түсінік беру. Windows ХР операциялық жүйесін пайдалануды және концепцияның негізгі жағдайларын тұрғызуды оқып үйрену. Компьютерлік вирустардан ақпаратты қорғауды үйрету, жаңа антивирустық программалармен таныстыру.

Оқытудың міндеті: Компьютерлердің ішкі және сыртқы құрылғыларымен танысу. Windows операциялық жүйесінде: жұмыс үстелін баптау, терезелермен жұмыс жасау, иерархиялық файлдық жүйе құру, Windows-тегі объектілерді байланыстыру жұмыстарын қабылдаудың технологиялық негізін қалыптастыру. Антиврустық программамен жұмыс.

Ұйымдастыру кезеңі: - 5 мин

Студенттердің сабаққа қатысуын тексеріп, келмеген және дайындалмаған себептерін айқындап, жаңа сабаққа назар аударуын ұйымдастыру.

Құзыреттілікті қалыптастыру саны: білім және практикалық дағды.

Тақырыптың негізгі сұрақтары: - 45 мин

  1. ДК құрылымы. Дербес компьютердің компоненттері (ДК) – микропроцессор, негізгі жады, сыртқы жады, сыртқы құрылғылар: дисплей, пернетақта, принтер, жүйелік шина.

  2. Дербес компьютердің құрылымдық схемасы. ДК архитектурасы.

  3. Дербес компьютердің құрылғылары.

  4. Ашық архитектураның қағидасы. Сыртқы есте сақтау құрылғылары. Шеттегi құрылғылар.

  5. Негізгі түсініктер: жұмыс үстелі, дисктер, файлдар, бума және маршруттары, есептер тақтасы, бас мәзір.

  6. Бас мәзірдің құрылымы. Бағдарламаны жүктеу. Ағаш текті файлдық құрылыммен жұмыс.

  7. Терезенің стандартты элементтері. Жүйелік мәзір және құрал саймандар тақтасы.

  8. Әртүрлі қолданбалы программаларды жүктеу.

  9. Компьютерлік вирустардың сипаттамалары. Вирустарды табу және қорғау программалары. Вирустардың классификациясы.

Үзіліс -10 мин

Оқыту және сабақ беру әдістері: семинар.

Құзыреттілікті қалыптастыру әдістері:

  • Компьютерде сауалнама тапсыру (студент берілген тақырып бойынша минималды білімді және дағдыны тексеруге арналған теориялық сұрақтардан, негізгі анықтамалардан тұратын сауалнамаға жауап беруі тиіс). Ауызша сұрау (студент берілген тақырып бойынша әдістемелік нұсқауда көрсетілген сұрақтарға дайындықпен келуі тиіс).

  • Компьютерде практикалық жұмыстың нәтижесін тексеру (студент сабақта нақты дағдыны алу үшін жеке тапсырмаларды орындауы тиіс).

Қысқаша теория Ақпаратты дидактикалық блок

Барлық аппараттық, сонымен қатар бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы ғана ұсынылады.

Wіndows хp амалдық жійесінің негізгі функциялары

Кез келген амалдық жүйе сияқты Wіndows мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді:

  • компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқаруын;

  • файлдық жүйемен жұмыс жасауын;

  • қолданбалы бағдарламалардың іске қосылуын.

Бұдан басқа Wіndows жүйесі:

  • бір уақытта бірнеше бағдарламалардың жұмыс жасауын;

  • әртүрлі бағдарламалар арасында мәліметтердің алмасуын;

  • масштабталатын қаріптерді қолдануын;

  • мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануын;

  • бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қамтамасыз ете алады.

Wіndows хp амалдық жүйесінің жұмыс үстелі

Wіndows ХPамалдық жүйесінің негізгі объектілері жұмыс үстеліжәнеесе терезе ұғымы болып табылады.

Жұмыс үстелі келесі суретте бейнеленген:

Амалдық жүйені іске қосу: Wіndows ХP опрециялық жүйесі компьютермен бірге автоматты түрде іске қосылады.

Wіndows хp амалдық жүйесінің объектілері

  • Қалта (Папка) объектілерді топтап жинақтау үшін қолданылады.

  • Суретшелер(Рисунок) компьютерде қолданылатын обьектілер белгісі. Физикалық құрылғылар (диск), логикалық құрылғылар (файл), құжаттар, қолданбалы бағдарламалар және басқа да обьектілер болып саналады.

  • Файл-компьютерде өңделетін кез-келген ақпарат жазылған дискідегі атауы бар арнайы орынды файл дейді, яғни компьютерде кез-келген бағдарлама, құжат, (мәтін, сурет, музыка, кино) файл түрінде жазылады.

  • Себет (Корзина) жойылған обьектілерді уақытша сақтауға арналған арнайы қалта.

Есептер тақтасы (Панель задач) экранның төмен жағында орналасқан жатық жол (есептер тақтасы терезенің сол, оң, жоғары, төменгі жақтарында орналасуы мүмкін), бұл жерде уақытша жинақталған объектілер, тіл, уақыт, бас мәзір (Пуск) орналасады.

  • Бас мәзір (Пуск) батырмасы бағдарламаны шақыру үшін және компьютер сөндіру үшін қолданылады.

Бас мәзір. “Пуск” батырмасын шертсеңіз, бас мәзірінің тізімі ашылады, ол компьютердегі барлық бағдарламаларды іске қосуына мүмкіндік береді.

Бас мәзір келесі мәзірден тұрады:

  • Бағдарламалар (Программы) бөлімінде қабаттасқан мәзірлер орналасқан. Мысалы, Wіndows 9хпен бірге тағайындалатын қолданбалы бағдарламалар Стандартты деген жеке мәзірде жинақталған. Бұл бөлім арқылы компьютерде орналасқан

  • барлық қолданбалы бағдарламаларды шақыруға болады.

  • Құжаттар (Документы). Бұл тізімдесіз жұмысжасағансоңғы 15 құжат тізімі көрсетіледі, шертсеңіз, құжат өңдейтін бағдарлама қоса шақырылады.

  • Баптау (Настройка).Компьютердегі құрылғыларды және бағдарламаларды тағайындауға қолданылады.

  • Іздеу (Поиск).Қажетфайлдарды іздеу үшін қолданылатын команда.

  • Анықтама (Справка).Wіndows9х-тің анықтама жүйесін шақырады.

  • Орындау (Выполнить). Wіndows9х амалдық жүйесінде тағайындалмаған бағдарламаларды орындау үшінқажет. Жаңа бағдарлама қондырғанда осы жол таңдалады.

  • Жұмыс аяқтау (Завершение работы). Компьютерді осы команда арқылысөндіруқажет, сонда амалдық жүйе барлық құжаттар мен бағдарламаларды жауып, жұмысын дұрыс аяқтайды. Басқа жағдайда амалдық жүйе жұмысы қиындайды, тіпті істен шығуы да мүмкін.