Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практика win каз таырып.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.36 Mб
Скачать

2.2 Компьютерлік вирустан қорғаудың алдын алу шараларын ұйымдастыру

«Қомпьютерлік тазалықтың» ең қарапайым ережелері:

  1. Компьютерге міндетті түрде антивирустық программаны орнату керек;

2) ең сенімді антивирустық программалармен дискеттегі вирусты тексеру;

3) өте қажет болмаса бөтен дискеталарды қолданбау;

4) тағайындалуы түсініксіз программаларды орындалуға жібермеу;

5) өңдеушілері белгілі және жақсы репутациядағы программалық өнімдерді ғана қолданыңыз;

6) ПҚ-ны арнайы жолмен ғана алыңыз (негізінде фирмалық жеткізулерде вирус болмауы тиіс);

7) жаңа программалық өнімді алғаннан соң бірден оның жұмыс көшірмесін алып, соңғысын қолдану керек те, түпнұсқаны жазбадан сақтау керек;

  1. компьютерге өзге адамдардың қатынауына шек қойыңыз;

  2. «аварийная» дискета құрыңыз.

Студенттің өз бетімен жұмысы: -50 мин

Білім, практикалық дағдыны қалыптастыру: ситуациялық есептерді шешу.

Тапсырмалар:

Тақырып бойынша тапсырмалар:

Тапсырмалар

Балл

1.

Жұмыс үстеліндегі белгішелерді жанама мәзірінің көмегімен белгілі бір ретпен орналастыру.

5

2.

«Пуск» бас мәзірінен Бағдарламалар, Стандарттар (қалауыңыз бойынша) екі бағдарламасын жүктеңіз. Екі бағдарламаны бүкіл экранға (каскад, жоғарыдан төмен, солдан оңға) ашыңыз.

5

3.

Бағдарламаның біреуін жинаңыз, екінші бағдарламаны <Восстановить> батырмасы арқылы бастапқы қалпына қайта келтіріңіз. Тышқанның көмегімен терезенің өлшемін өзгертіңіз.

5

4.

MS WORD бағдарламасының лақабын құрыңыз. Құрылған лақаптың көмегімен бағдарламаны жүктеңіз. Құрылған лақапты жойыңыз.

5

5.

Бас батырманың көмегімен есептер тақтасын экран бетінен жасырыңыз және классикалық түрге ауыстырыңыз.

5

6.

С:\student бумасындағы бірнеше файлдар тобын архивке жіберіңіз, қайта архивтен шығарыңыз.

7

7.

Стандартты бағдарламадағы «Дискіні дефрагментациялау» (Дефрагментация диска) командасын пайдаланып С дискісін дефрагментациялаңыз.

8

8.

Іздеу командасының көмегімен С дискісінде кеңейтілуі «.doc немесе .xls» болып келетін барлық файлдар тобын шығарыңыз.

12

9.

Жұмыс үстеліне өз атыңызбен бума құрыңыз. Құрылған бумаға файл құрыңыз (атын өзгертіңіз, атрибутын «Тек оқу» үшін жасаңыз). Құрылған файлды жұмыс үстеліне ( ұстап тұрып жылжыту, жанама мәзір, пернелер комбинациясы ) әдістерінің көмегімен көшіріп, орнын аустырыңыз. Өзіңіз құрған буманы жойыңыз, қайта қалпына келтіріңіз.

13

10.

STUDENT қалтасында иерархиялық файлдық жүйе құрыңыз және жетектегіштің көмегімен көрсетіңіз:

10

11.

Кестені толтырыңыз. (калькулятор программа көмегімен)

Ондық с.ж.

Екілік с.ж.

Оналтылық с.ж.

Сегіздік с.ж.

1100000111

1999

11111100001

235

157

89

А548С

324

D24E

10000

1010110111010111

658FB

4121

10

12.

Екілік сандарды қосыңыз:

10000+10101= ; 111111+10000= ; 100+1000= ; 101010101+1= ;

1010111+101= ; 10+111111= ; 1010101111+11= ; 10+1= ;

7

13.

Оналтылық сандарды көбейтіңіз:

12*А21= ; 32* 4D= ; 5*C= ; 99*F= ; 698E* 2= ; 256F* 5= .

8

14.

Антивирустық программаны жүктеңіз.

3

15.

С және F дискісін тексеріңіз.

2

16.

Статистикасын қараңыз. Қорытынды жасаңыз: диск_______вирус табылды, оның емделгені _______ файл, жойылды _______файл. 

5

Әдебиеттер:

  1. Гельман В.Л. Медицинская информатика. Москва. 2002 г.

  2. Виталий Герасевич. Компьютер для врача. Санкт-Петербург. 2002 г. .

  3. Симонович С.В. Информатика. Базовый курс. 2-издание. Питер. 2003 г.

  4. Симонович С., Г.Евсеев, В. Мураховский. Вы купили компьютер. Москва. “АСТ-ПРЕСС КНИГА”. 2004 г.

  5. Глушаков С.В., Сурядный А.С.. Персональный компьютер. Москва. 2004 г.

  6. Информатика. Под редакцией проф. Н.В.Макаровой. Москва «Фин.стат».2005.

  7. Изтлеуов М.К., Беккужина А.И., Емжарова Г.У. Информатика. Актобе.2005.

  8. Беркінбаев К.Н. Информатика. Алматы. 2005.

  9. Жапарова Г.Э. Информатика.Алматы. 2006. .

  10. Макарова Н.В. Информатика 3-издание. Москва 2006.

Үзіліс -10 мин

Студенттердің оқытушымен бірігіп істейтін жұмысы: - 25 мин

Жұмыстың практикалық бөлігі аяқталғаннан соң оқытушы студенттердің практикалық жұмыстан алған нәтижелерін дұрыстығын тексереді. Содан кейін оқытушы тақырыпты студенттермен бірге талқылайды және оның практикалық қолданылуын сұрайды.

Соңғы білім деңгейлерін бақылау -20 мин

Оқытушы студенттердің практикалық жұмыс нәтижелерінің қорытындысын тексереді. Тақырыпты сараптай отырып бақылау сұрақтарын жүргізеді. Компьютерде сауалнама тапсырады.

Бақылау

Сұрақтары:

  1. ДК құрамына қандай негізгі блоктар кіреді?

  2. Микропроцессор дегеніміз не және оның атқаратын қызметі қандай?

  3. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында не орналасады?

  4. Дискіні форматтау не үшін қолданылады?

  5. Винчестер дегеніміз не?

  6. Монитор, жүйелік блок, пернетақта, принтер құрылғыларының атқаратын қызметін атаңыз?

  7. Жұмыс үстелінің негізгі төрт объектісін атаңыз?

  8. «Пуск» бас мәзір командаларының қызметін атаңыз?

  9. Терезе түрлерін атаңыз: анықтамалық, сұқбаттық, қолданбалы бағдарламалық және қалталық.

  10. Жаңа таңбашаны қалай құруға болады?

  11. Блокнот мәтіндік редакторында құжатты қалай құруға болады?

  12. Графикалық құжат қалай құрылады?

  13. Құрылған құжатты C:\Student қалтасына қалай сақтауға болады?

  14. Сақтау және Қайта сақтау командаларының арасында қандай айырмашылық бар?

  15. Архиватор-бағдарламасының қызметі.

  16. Диск дефрагментациясы дегеніміз не?

  17. Программалық вирус дегеніміз не?

  18. Жүктемеленетін вирус дегеніміз не?

  19. Макровирус дегеніміз не?

  20. Жүктемеленетін вирустың программалық вирустан айырмашылығы неде?

  21. Компьютерлік вирустардың негізгі типтері?

  22. Вирусқа қарсы негізгі қорғау құралдары.

Сауалнамалар: «Компьютердің аппараттық және программалық жабдықтамасы. Операциялық жүйе (ОЖ)» тақырыбын «Информатика» сауалнамалар жинағынан қараңыз.

Бағалау: 5- мин

Оқытушы білім дағды құзыреттілігін сараптайды.

Оқытушы студенттің практикалық жұмысын, қатесін тексереді. Кейін оқытушы әрбір студенттің жетістігі мен кемшілігін атап өтіп студенттің екі құзыреттілігі (біліктілігі және практикалық дағды) бойынша журналға баға қояды.