Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практика win каз таырып.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.36 Mб
Скачать

Терезелермен жұмыс жасау

Wіndows оперциялық жүйесінде бір мезгілде бірнеше тереземен жұмыс жасауға болады, бірақ бір терезе ғана ағымды бола алады. Терезенің ағымды екенін терезе тақырыбынан анықтауға болады, ал жұмыс жасап тұрған терезелерді ауыстыру Alt+Esc немесе Alt+Tab пернелер комбинациясы арқылы іске асады. Ал бірнеше терезе ашық болған жағдайда терезелерді орналастыру (реттеу) есептер тақтасынан тышқаннның оң батырмасын басу арқылы жүзеге асыруға болады.

Жалпы терезелерді 4 топқа бөлуге болады: Қолданбалы бағдарламалық терезе; Қалталық терезе; Сұқбаттық терезе; Анықтамалық терезе.

Сұхбаттық терезе

Қолданбалы бағдарлама мен құжат терезеден басқа Wіndows-тың үшінші терезесі бар, ол сұхбаттық терезе деп аталады. Сұхбаттық терезе бағдарлама жұмысын керекті қосымша информация мен параметрлер беру үшін қолданылады.

Сұхбаттық терезенің элементтері

Керек информацияны енгізу және параметрлерді тағайындау үшін сұхбаттық терезенің элементтері болады. Солардың кейбіреулерін қарастырайық:

  1. Мәтіндік терезе

Курсор

Мәтіндік терезе тік төртбұрышты болады, ол информация енгізуге арналған. Мәтіндік терезеге информация енгізу үшін курсорды тік төртбұрыштың ішінде керек жерге апарып шертіңіз, мәтін енгізетін жерде жымыңдаған тік курсор пайда болады. Кейде мәтіндік терезеде керек мәтін болады, егер ол қанағаттандыратын болса, өзгеріссіз қалдыру керек.

Тізім терезесі

Тізім терезесінде параметрлердің мүмкін мәндері жазылады. Көру сызғышын пайдаланып, керек параметрлерді қарауға болады. Егер қажет вариант табылса оны шертіңіз, сонда параметр аты мәтіндік терезеде пайда болады.

Ашылатын тізім терезесі

Ашылатын тізім терезесі ең алғашында тік төртбұрыш түрінде пайда болады:

Егер терезенің оң жағында орналасқан бағыттауышты шертсеңіз онда терезе ашылып, тізім пайда болады:

Тізім терезесіндегі сияқты керек вариантты шертіңіз, ол мәтін терезесінде пайда болады.

Опциялар батырмалары (жалаушалар)

Опциялар батырмалары бір топ (екі немесе одан да көп) болып келеді. Олардың қызметтері қарама қарсы параметрлердің біреуін таңдауға арналған. Опцияның батырмаларын таңдау үшін жазуды немесе алдындағы дөңгелекті шертіңіз. Таңдауды алып тастау үшін сол жерді қайта шерту керек.

Тексеру жалаушалары

Тексеру жалаушалары бір немесе бірден бірнеше параметрлерді таңдауға арналады. Таңдау немесе таңдауды алып тастау үшін оны шерту керек. Таңдалған - жалауша белгісімен немесе Х- белгісімен белгіленеді.

Командалар батырмалары

Командалар батырмаларын басқанда батырмада жазылған командалар бірден орындалады. Командалар түрлері–ОК, Догару (Отмена), Опциялар (Опции), Символ, Анықтама (Справка):

Суретте командалар бастырмасының мысалы келтірілген.

Бүктемелер

Бүктемелерді басқанда тере-зеде әр бүктеменің өз мазмұны ашылады. Мысалы, Wіndows анықтамасы жүйесінің үш бүктемесі бар: Мазмұн, Пән-дік көрсеткіш, Іздеу. Мазмұн бүктемесі (а- суреті): Пәндік көрсеткіш бүктемесі (ә- суреті): Іздеу бүктемесі (б- суреті):