Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика каз новый.docx.doc
Скачиваний:
80
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
135.04 Кб
Скачать

6. Әдебиет:

  1. Кенесариев Ү.И., Жақашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы, 2003 – 200 б., 17-23 беттер.

  2. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау, 2007 – 497 б., 15-18 беттер.

  3. Бейсенова Ә.С. және т.б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану, 2005 – 1000 б., 14-20 беттер.

  4. Қуатбаев А. Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы – 2011. – 350 б., 12-18 беттер.

  5. Колумбаева С., Білдебаева Р., Шәріпова М. Экология және тұрақты даму: оқу құралы – 2012. – 153 б., 17-21 беттер.

  6. Учение об окружающей среде:оқу құралы / Г.К. Ерубаева: Алматы, казак универс 2011.-153б., 5-10 беттер.

  7. Экология и устойчивое развитие. учеб. пособие/ Колумбаева С.Ж., Бильдебаева Р.М., Шарипова М.А. Алматы, Қазақ университеті, 2012 -133 б., 3-6 беттер.

  8. Экология: оқу құралы / В.И. Коробкин, Л.В.Предельский: Феникс, 2008.-315б, 5-14 беттер.

7. Бақылау:

Бастапқы білімін ауызша сұрау арқылы (білім құзіреттілігі):

  1. Экология ғылымы нені зерттейді және оның негізгі міндеттері?

  2. Қазіргі заманғы экологияның ғылым ретіндегі құрылымы?

  3. Экологияның даму тарихы?

  4. Б. Коммонердің заңдарына анықтама беру

  5. Жалпы экология нені зерттейді?

  6. Қолданбалы экология нені зерттейді?

  7. Адам экология нені зерттейді?

  8. Жалпы экологияның негізгі бөлімдері?

  9. Экологиялық фактор және тіршілік ортасы дегеніміз не?

  10. Экологиялық факторлар және олардың ағзаға әсерінің негізгі жалпы заңдылықтары.

  11. Абиоттық факторлар дегеніміз не?

  12. Биоттық факторлар дегеніміз не?

  13. Антропогенді факторлар дегеніміз не?

  14. Ағзаның үйренуі дегеніміз не және оның себептері?

  15. Шектеуші факторлардың мағынасы және толерантылық заңының мәне неде?

1. Тақырыбы: Популяцияның түр ретінде өмір сүруі және оның негізгі көрсеткіштері. Экожүйе, оның құрылымы және функционалды ұйымдастырылуы.

2. Мақсаты: Түр аралық популяция және оның негізгі критерилері туралы білімдерін қалыптастыру; экологияда экожүйенің концепциясының рөлі, трофикалық құрылымы, құрылымы мен функциясы туралы білімдерін қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:

  • Популяцияның түсініктері мен критерийлері туралы білімдерін қалыптастыру.

  • Популяцияның статистикасы (саны, тығыздығы, жыныстық және жастық құрамы) туралы білімдерін қалыптастыру.

  • Популяцияның динамикасы (тууы, өлімі, өсу жылдамдығы), популяция санының өсуі және реттелуі туралы білімдерін қалыптастыру.

  • Популяция гомеостазын, популяция динамикасы мен жастық құрылымын пайдалана отыра бағалауын дағдаландыру.

  • Экожүйенің функционалды схемасы туралы білімдерін қалыптастыру;

  • Экожүйенің гомеостазы және табиғаттағы тепе теңдігі туралы білімдерін қалыптастыру;

  • Экожүйенің нақтылығын бұзатын факторларды анықтай алуын дағдаландыру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары (білім құзіреттілігі, құқықтық, тәжірибелік комуникативті дағды):

  1. Популяция түсінігі мен критерийлері.

  2. Популяцияның статистикасы: саны, тығыздығы, жыныстық және жастық құрамы.

  3. Популяцияның динамикасы (тууы, өлімі, өсу жылдамдығы).

  4. Популяция санының өсуі және реттелуі.

  5. Популяцияның биоттық потенциалы және оның табиғи жағдайда іске асырылуы.

  6. Популяцияның санына (тығыздығы) әсер ететін факторлар: тығыздыққа (биоттық немесе реттелетін) тәуелді және тәуелсіз (абиоттық немесе модифицирлеуші).

  7. Популяция санының түрішілік реттелуінің механизмдері.

  8. Экологияда экожүйе түсінігінің орны

  9. Экожүйенің трофикалық (функционалды) құрылымы

  10. Экожүйенің қасиеттері мен қызметтері және экожүйенің өнімділігі мен энергетикасы

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші-гірім топтарда жұмыс, тақырыпты талқылау, глоссарии құрастыру, жағдайлық есептер шешу.