Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция - ACCESS.doc
Скачиваний:
98
Добавлен:
30.04.2015
Размер:
70.66 Кб
Скачать

Кесте шебері

Кесте құрудың келесі әдісі-Кесте шебері ішкі программасы (процедурасы) арқылы автоматты түрде құру. Құру жолы:

  1. Жаңа кесте терезесін ашып, «Кесте шебері» қатарын екі рет шерту. Программа іске қосылып, оның төрт қадамдық терезесінің бірінші қадам сұхбаттық терезесі көрінеді.

  2. Терезеде:

А) «Жеке» не «Жұмыста қолдану» ауыстырып қосқыштарының қажеттісін орнату (әдетте соңғысы орнатылады)

Б) «Кесте үлгілері» панелінен кесте типін таңдау. Оның өріс атаулары « Өріс үлгілері» панеліне кірістіріп қойылады.

В) «Өріс үлгілері» панелінен қажетті өріс атауларын «Жаңа кесте өрістері» панеліне көшіру.

Мұндағы ескеретін жәйт: құрылатын кестенің өріс атаулары «өріс үлгілері» тізімінде бола бермейді. Ол кезде «Жаңа кесте өрістері» панеліне кез келген атауды көшіріп және оны таңдап, терезенің «Өріске басқа ат қою...» түймесін шерту керек. Көрінген сұхбаттық терезенің «Өріс аты» өрісіне қажетті атауды енгізіп, ОК түймесін шертсе болғаны. Т.с.с.

Г) Терезенің «Одан әрі» түймесін шерту.

3. Екінші қадам терезесінде кілтті пайдаланушының анықтауы және кілтті автоматты түрде анықтау ауыстырып қосқыштарының бірін орнату. «Кілтті автоматты түрде анықтау» ауыстырып қосқышы орнатылса, access есептегіш типті кілттік өріс құрып шығады. Бірінші аталған ауыстырып қосқыш орнатылған кезде «Одан әрі» түймесін басып, кілтті көрінетін қосымша сұхбаттық терезеде анықтау керек.

4. Үшінші қадам терезесінде кестені бұрыннан құрылған кестелермен байланыстыру мүмкіндігі бар. Қажет болса, терезеде көрінген нұсқауларды орындау.

5. соңғы терезеде үш ауыстырып қосқыш көрінеді.Олардың қажеттісін орнатып, «Дайын» түймесін шерту.

«Кесте құрылымын өзгерту» ауыыстырыпқосқышы орнатылса, Кесте шебері талапқа сай орындай алмаған іс-әрекеттерді орындауға арналған Конструктор режимі іске қосылады.

«Кестеге берілгендерді тікелей енгізу» ауыстырып қосқышы орнатылған кезде Шебер атау берілген және өріс тақырыптары енгізілген бос кестені экранғав шығарады.Кестеге берілгендерді енгізіп, жаңа кесте құру керек. Оларды редакциялау да мүмкін.Кестенің бір ұяшығына берілгендер енгізіп болған соң КҚ клавишін басу керек.

Кестелермен жұмыс

Кесте элементтерін таңдау және өшіру

А) Ұяшықты таңдау үшін көрсеткішті оның сол жақ шетіне орналастырып, ақ крест түріне айналған кезде тышқан түймесін шерту керек.

Ұяшықты өшіру үшін оны таңдап, DEL клавишін басу жеткілікті.

Б) Бағанды таңдау үшін оның тақырыбын шертсе болғаны. Тақырып оң түймемен шертілген кезде контексті мәзір ашылады.

Бағанды өшіру үшін оны таңдап, Түзету- Бағанды өшіру командасын беру керек.

В) Қатар орналасқан бірнеше бағанды таңдау тышқан түймесін басып тұрып, алғашқы өріс тақырыбынан бастап көрсеткішті солдан оңға қарай жылжыту арқылы орындалады.

Г) Жазуды таңдау үшін оның сол жағында орналасқан жазу маркерін бір рет шерту жеткілікті. Таңдалған жазуды DEL клавиші арқылы өшіруге болады.

Д) қатар орналасқан бірнеше жазуды таңдау үшін тышқанды басып тұрып, көрсеткішті жазу маркері жолында төмен жылжыту керек. Оларды өшіру әдісі жазуды өшіру сияқты.

У) Төртбұрыш ұяшықтар блогын таңдау жолы:

Блоктың сол жақ жоғарғы бұрышына көрсеткішті әкеліп, ол ақ крест түріне айналған соң қарсы бұрышқа жеткенше диогональ бойынша жылжыту.

Ж) Кестені таңдау үщін өрістер тақырыбының сол жағында орналасқан кесте маркерін шерту керек.

Ол түймемен шертілген кезде кестемен операциялар орындауға арналған контексті мәзір көрінеді.

Кесте жазу немесе өріс қосу

Кестеге жазу қосу үшін МҚ терезесі арқвлы кестені ашып, Кірістіру-Жаңа жазу командасын беру керек. Кесте соңына бос жол қосылып қойылады. Оған жазуды ендіріп, КҚ клавишін басу керек. Келесі жолға да жазуды осы әдіс бойынша ендіру мүмкін. Жазуды таңдап, оны түймемен шерткен кезде жазумен түрлі опцияларды орындауға арналған контексті мәзір көрінеді. Кестеге жаңа өріс қосу үшін оны ашып, Кірістіру-Баған командасын беру керек. Ашылған бос өрісті толтыру жолы әдеттегідей.

Кесте өрісін басқа кестеге көшіру

  1. Өрісті таңдап, алмастыру буферіне көшіру (Ctrl + C клавиштерін басу не Түзету-Көшіру командасын беру).

  2. Қабылдайтын кестені ашып, жаңа өріс құру. Оның типі көшірілтін өрістің типімен бірдей болуы тиіс.

  3. Құылған өрісті аңдау (толтырылмаған кесте үшін екінші пункті орындамай , бірден өрісті таңдау жеткілікті).

  4. Буферден кірістіру командасын беру(Cirl -v не Түзету-Кірістіру).

Ескерту.

А) Көшіру үшін өріс тақырыбын тышқанның оң түймесімен басып, көрінген контексті мәзірді пайдалануға боладв.

Б) Өрістер блогын көшіру тәсілі де бір өрістіі көшіру сияқты.Екі кестенің таңдалған блок өрістерінің типтері бірдей болса болғаны.

В) Өрісті бір кесте ішіне көшіру үшін оны таңдап, Жылжыту және Қалдыру әдісін пайдаланужеткілікті. Жылжыту алдында көрсеткішке төртбұрышты белгінің қосылуын күту керек.

Кестені немесе кесте құрылымын көшіру

МҚ терезесінен таңдалған кесте не оның құрылымы әдеттегідей алмастыру буфері арқылы көшірілуі мүмкін. Оны кониекстік мәзір арқылы көшіруге де болады. Бұл кезде орындалуы тиіс әрекеттер: А) МҚ терезесіеің Кестелер командасын ашып, кесте атауын оң түймемен шерту. Б) Көрінген контекстік менюден Көшіру пунктін таңдау. В) МҚ терезесінің кесте атаулары орналасқан облысын оң түймемен шерту. Г) Көрінген контекстік мәзірдің Кірістіру пунктін таңдау. Одан әрі, кестені толық көшіру үшін «Кесте атауы » өрісіне жаңа кесте атауын ендіріп, «Құрылым және берілгендер» ауыстырып қосқышын орнату. Егер тек кесте құрылымын көшіру қажет болса, атау енгізілген соң онда «Тек құрылым» ауыстырып қосқышын орнату жеткілікті. Бұл кезде экранда тек өріс тақырыптары енгізілген бос кесте көрінеді. Оны толтыру әдісі әдеттегідей.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]