Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция - ACCESS.doc
Скачиваний:
98
Добавлен:
30.04.2015
Размер:
70.66 Кб
Скачать

Мқбж – нің объектілері

MS.ACCESS -те 7 түрлі объектілер танымал:

  • кесте – кез–келген МҚ-ң негізгі объектісі. Біріншіден кестеде МҚ-дағы барлық деректер сақталады, екіншіден кестеде қор құрылымы сақталады.

  • Сұраныстар – кестеден деректерді пайдалануға тиімді түрде беру үшін арналған. Сұраныс арқылы деректерді сұрыптау, фильтрациялау сияқты операциялар жүргізіледі.

  • Пішін (форма) – егер сұраныс деректерді алуға арналса, пішін – деректерді енгізуге арналған объект.

  • Отчеты – деректерді принтерге шығару объектісі.

  • Парақ немесе бет (страница) - HTML кодында орындалған деректер мен қатынас жасау объектісі.

  • Макрос және модульдар – МҚБЖ-мен жұмыс кезінде қайталанатын операцияларды автоматтандыруға және программалау арқылы жаңа функция жасауға арналған объектілер.

Макростар – МҚБЖ-ң ішкі командалар қатарынан тұрады.

Модульдар – МҚБЖ-ң ішкі программалау Visual Basic тілінің құралдарымен жасалады.

MS Accessi іске қосу

MS ACCESS-тi жалпы Windows ортасында программалық әдістерді іске қосу стандартын қолданамыз.

  1. пуск – программы – MS ACCESS программасын таңдау.

  2. жұмыс үстелінен MS office панеліндегі MSAccess–ті іске қосатын батырманы таңдау.

  3. мәліметтер қорына арнайы файылды құру арқылы және т.б.

Алғаш мәліметтер қорымен жұмыс жасағанда олар бос болады. MS Access іске қосылғаннан кейін экран бетіне тақырып қатарында MS Access атауы бар Access сұхбат терезе пайда болады. Бұл терезеден 3 параметрдің бірін таңдау талап етіледі.

  1. Бар, сақталынған МҚ ашу.

  2. Жаңа МҚ ашу

  3. Шебер көмегімен МҚ ашу

MS Access Программасының басты терезесі меню қатарының инструменттер панелінен, қалып – күй қатарынан тұрады. Меню қатары ағымдағы терезенің меню командаларын құрайды. Олар: файл, правка, вид, всатвка, формат, записи, сервис, окно,?

Инструменттер панелеі: олар меню қатарынан кейінгі Access жұмыс аймағына дейінгі аймақта орналасқан.

Қалып күй қатары Access терезесінің төменінде орналасқан. Ол команданаң орындалу жұмысы жайлы және жүйенің ағымдағы жай күйін көрсетеді.

Кесте

Кестені қолдан құру. Кестені сақтау.

Кесте-мәліметтер қорының негізгі объектісі. Кесте құру үшін МҚ терезесін ашып, Кестелер- Құру командасын беру керек. Жаңа кесте сұхбаттық терезесі көрінеді. Оған кесте құрудың үш режимі енгізілген:

  • Кесте режимі (кестені қолдан құру)

  • Кестелер шебері (Кестені автоматты түрде құру)

  • Конструктор.

  • Алғашқы кезде кестені бірінші режим бойынша құрған жөн. Ол кесте құруға машықтандырып, түрлі терминдермен танысуға көмегін тигізеді.

Кестені қолдан құру технологиясы

  1. «Жаңа кесте» терезесінен «Кесте режимі» қатарын таңдап, ОК түймесін шерту. «Кесте1» атаулы бос терезе көрінеді.

  2. Ретімен оның Өріс1, Өріс2,.... тақырыптарын екі реттен шертіп, олардың орнына құрылатын кестенің өріс тақырыптарын енгізу.

  3. Ұяшықтарға жазу элементтерін енгзу.

  4. Терезенің жабу түймесін шертіп, терезені жабу, Access-те кесте құрылымын сақтау сұралатын сұхбаттық терезе шығарады. Оның ИӘ түймесін шерту.

Ескерту. Кесте не басқа МҚ объектілерінің берілгендері клавиатурадан ендіріліп, бекітілген сайын Access оларды автоматты түрде сақтап қояды.

  1. Кесте атаулы сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Access уақытша тағайындалған атауды өзгерткіңіз келс, жаңа атау ендіріп, ОК түймесін шерту.

  2. Кілттік өріс құру сұралатын сұхбаттық терезе еөрінеді. Егер Иә түймесін шертсейіз, Access автоматты түрде кестеге код атаулы есептегіш өрісті қосып қояды. Бұл өріс келешекте қажет болмаса, Жоқ түймесін шерту.

Құрылған кесте МҚ –ның бөліміне жазылып қойылады. Жазылған кесте мазмұнын көріп шығу үшін МҚ терезесінің Кестелер қондырмасын ашып, кесте атауын ,одан әрі Ашу түймесін шерту жеткілікті.

Access кесте өрістерінің типтерін оларға енгізілген мәндер бойынша автоматты түрде анықтап қояды. Бірақ кейде өріске енгізілген ибүтін сандық берілгендер типін мәтіндік деп белгілейді. Кесте құрылымын өзгерту қажет болса, «Конструктор» режимін пайдалану керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]