Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция - ACCESS.doc
Скачиваний:
98
Добавлен:
30.04.2015
Размер:
70.66 Кб
Скачать

Конструктор режимі. Өрісті кілттік ету. Өріс қасиеттері

Кесте конструторын түрлі әрекеттер үшін пайдалануға болады.

  • өріс атауын өзгерту;

  • өріс типін өзгерту;

  • өріс өлшемі мен форматын қайта орнату;

  • жаңа өріс қосу;

  • өрісті кілттік ету;

  • жаңа кесте құру;, т.б.

Конструктор терезесін ашу үшін МҚ терезесінің Кестелер қондырмасынан кесте атауын таңдап, Конструктор түймесін шерту керек.

Кестенің өріс типін өзгерту үшін осы терезенің «Берілгендер типі» бағанынан өріс қатарында орналасқан ұяшықты таңдау керек. Оның оң жағында тілсызық түймесі пайда болады. Оны шертіп, ашылған тізімнен қажетті типті таңдаса болғаны.

Өрісті кілттік ету үшін көрсеткішті атауының үстіне әкеліп, тышқанның оң түймесін шерту керек. Көрінген контекстік менюден Кілттік өріс қатарын шерту жеткілікті.

Кілттік етілген өріс атауының сол жағына кілт белгісі орнатылып қойылады.

Ескерту

1. Терезенің Сипаттау бөлімін толтыру міндетті емес.

2. Конструктор режимі арқылы Жаңа кесте құру үшін терезенің өріс атауы бағанына сәйкес тақырыптарды енгізу керек.

3. Кестеге жаңа өріс қосу қажет болса да, тақырыбын Өріс атауы бағанына енгізу жеткілікті.

Өріс қасиеттері

Әр кестенің өз құрылымы бар. Құрылым оның өрістер құрамы мен олардың қасиеттерінен тұрады. Өрістің негізгі қасиеттері оның типі мен өлшемі.

Access құрылған кестенің өріс қасиеттерін автоматты түрде орнатып қояды. Қажет болса, оны қолдан өзгерту де,жаңа кесте үшін қолдан орнату да мүмкін. Түрлі типті өрістердің қасиеттері түрлі-түрлі. Өріс типі таңдалған кезде оның қасиеттері конструктор режимі тересінің төменгі бөлімнде көрінетін Жалпы қондырмасына енгізіліп қойылады. Access өріс өлшемі 1 мен 255 аралығындағы (1-255) символдар тізбегінен тұратын дай етіп алуға болады.

Сандық типті өріс қасиеттерін орнату.

Сандық өрістер бүтін не нақты сандарендірілетін өрістер болып екіге бөлінеді. Бүтін сандық өрістер мен жұмыс істеу кезіәнде олардың форматы кескінделеді.

Жаңа құрылатын кестеде сандық өріс құру не өрісті күйге келтіру үшін қондырмадан өріс өлшемін, өріс форматын орнатып қою керек. Олардың тізімін экранға шығару үшін сәйкес қатардың шертілуі тиіс. Қатардың оң жағында тілсызық түймесі пайда болады. Оны шертіп, көрінген тізімнен қажеттісін таңдау керек.

МЕМО өрісі. Өріс мәтіндік өріс сияқты, бірақ ол ұяшықта [257-65535] аралығындағы символдар тізбегінен тұратын ұзын типті мәтіндік берілгендерді сидыруға арналған. МЕМО өрісінің ерекшелігі- берілгендер басқа жерде сақтауға жіберіледі де, ол орналастырылған орында сілтеме көрсеткіш қана сақталады.

Логикалық тжәне есептегіш типті өріс Форматтарын Access автоматты түрде өзі орнатады. Логикалвқ өріс ұяшығына ауыстырып қосқыш белгісі енгізулі тұрады. Оны орнату ұяшықта логикалық Иә (ақиқат), орнтуды алып тастау Жоқ (жалған) мәнін енгізу деп қабылданады.

OLE объектісінің өрісі Басқа программалар арқылы құрылған сурет және т.б. объектілерді кірістіру үшін, Гиперсілтеме өрісі Интернет не басқа объектімен файлдарымен байланыс орнату үшін гиперсілтеме мәтінін енгізу үшін құрылады.

Алмастыру шебері өріс типерінің соңғысы етіп енгізілген элемент. Ол тип атауы емес, кестелер байланысын орнатуға арналған ішкі программа.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]