Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция - ACCESS.doc
Скачиваний:
98
Добавлен:
30.04.2015
Размер:
70.66 Кб
Скачать

12-дәріс. Дәріс тақырыбы: MS Access мәліметтер қоры

Ms Access мәліметтер қоры

    1. Негізгі түсніктер: кесте, жазба, сұраныс, өріс

Мәліметтер қоры (МҚ) деп өзара байланысқан мәліметтердің интеграцияланған жиынтығын айтады. Көбінесе мәлімет қорлары нақты бір аумаққа, ұйымға немесе қолданбалы есептерге құрылады. Мәліметтер қорымен жұмыс жасаудағы жеңілдету мақсатында мәліметтер қорын басқару жүйесі – МҚБЖ (СУБД) автаматтандырылған жүйесі қолданылады. МҚБЖ өзінің құрылымында тек қана мәліметтерді сақтап қоймай, сонымен қатар амал-әдістерді де сақтайды. Ал олардың арқасында пайдаланушымен немесе басқа да программалық – аппараттық кешендермен байланыс түзіледі. Қазіргі кезде дербес компьютерге арналған МҚБЖ – ң ең танымал түрі – MS.Access. Мәліметтер қорының бейкомпьютерлік, яғни өмірдегі мысалы- өзіміз күнделікті қолданатын “жұмыс күнделігі” немесе “күнтізбе”- MS.Access осы “жұмыс күнделігі” мен “күнтізбенің” компьютерлік аналогі. MS.Access жалпы мәліметтер қорын басқаратын жүйе. Ол мәліметтерді сақтау, меузеу, кейбір жиі қолданылатын іс-әрекеттерді, мысалы:есеп жүргізу, кіріс – шығыс есептеу, жоспарлау және т.б. автоматтандыру үшін пайдаланылатын жүйесі. Access мәліметтерді енгізу үшін әр түрлі қарапайым және ыңғайлы үлгілер құруға, деректерді өңдеуге және күрделі қорытынды есепті қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. МҚ – ң құрылымының негізін кестелер құрайды. Кесте баған және қатардан құрылса, мәліметтер қоры құрылымы аймақтан және жазбадан тұрады.

Мәліметтер қорының қасиеттері

Мәліметтер қорының аймағы (поле) қор құрылымының ғана емес, сонымен қатар әр аймаққа тиісті ұяшыққа жазылатын деректер қасиетін де анықтайды. Кесте аймағының негізгі қасиеттері :

  • аймақ аты – автоматикалық операция кезінде осы аймақ деректерімен қалай жұмыс жасау керектігін анықтайды.

  • аймақ типі – осы аймақ деректерінің типін анықтайды.

  • Аймақ өлшемі – деректердің шектік өлшемін анықтайды.

  • Аймақ форматы – ұяшықтағы деректерді форматтау әдісін анықтайды.

  • Енгізу маскасы – аймақтағы енгізілген деректер формасын анықтайды.

  • Қолтаңба – берілген аймақ кестесінің баған атын анықтайды.

  • Үндемеушілік бойынша мән – аймақ ұяшығына автоматты түрде енгізілетін мән.

  • Мәндік шарт – деректерді енгізу дұрыстығын тексеруге арналған шарт.

  • Қате туралы мәлімет – деректерді енгізудегі қате туралы мәлімет.

  • Міндетті аймақ – міндетті түрде толтырылатын аймақ.

  • Бос қатар – бос қатарды енгізу қасиетті.

  • Индексті аймақ – егер аймақ индекстелген болса, деректермен жүргізілетін операциялар жылдамдатылады.

Деректер типі

  • текстік – шектеулі өлшемді (255 таңбаға дейін) форматталынбаған тексті сақтауға арналған тип.

  • Аймақ Мемо – үлкен көлемді (65535 таңба) тексті сақтауға арналған тип негізінде ол текст аймақта сақталынбайды. Аймақта тек көрсеткіш орналасады.

  • Сандық – нақты сандар типі.

  • Күн/уақыт – күнді және ағымдағы уақытты сақтау типі.

  • Ақша – ақша сомасын сақтау типі.

  • Есептеуіш – нақты сандарды автоматты өсуімен сақтау типі.

  • Логикалық – логикалық деректерді сақтау типі.

  • OLE Обьектісінің аймағы - OLE обьектісінің сақтау типі. Мысалы – мультимедия.

  • Гиперсілтеме – URL адресін және Web обьектілерін сақтау типі.

Біз МҚБЖ –мен жұмыс жасағанда тікелей қатты дискімен байланысамыз. Сондықтан мәліметтер қорымен эксперимент жасауөте қаіпті, себебі МҚ – қарапайым файл емес, енгізу, түзету сияқты операциялар кезінде деректер біздің сақтауымызсыз – ақ сақталып отырады. Біз олардың көшірмесімен немесе өзіміз жаңадан файл ашып қана жаттықсақ болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]