Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dlya_tebya_Mara (1).docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
688.02 Кб
Скачать

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Механика-математика факультеті

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

ЕСЕП БЕРУ

Курс:2

Топ:ИС-3 «Б»

Орындаған: Өтеуова Е.

Қабылдаған: ______________________

Алматы-2013

МАЗМҰНЫ

1.Кіріспе......................................................4

1.1 Зерттеу объектісін зерделеу және сипаттау..................................................5

2. Кәсіпорында бар аппараттық бағдарламалық құралдарды талдау.........9

3 Берілген жеке жұмысты орындау..................................................................16

4 Есептеуіш кешенінің сәулеті, құрамы және топологиясы.............................18

5 Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары..............20

Қорытынды..........................................................................................................25

Қолданылған әдебиеттер....................................................................................26

Аннотация

27.05.2013-29.06.2013жыл аралығында өткен өндірістік тәжірибе нәтижесінде жазған ИС-3б тобының білімгері Өтеуова Еркеайымның есебі.

Өндірістік тәжірибе «Қазақстан Республикасының Халық Банкінде» өтілді. Тәжірибеде мекеме туралы жалпы мәлімет, мекеменің басқару структурасы, бөлімдердің жеке қызметі ақпаратттар бөлімі қарастырылған. Аса үлкен мән мекеменің аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етілуінде.

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда кез-келген кәсіпорынды басқару барысында, ол күрделі мекеме болсын немесе ол кішігірім фирма болсын, үлкен ағымды ақпараттарды өңдеу мен олардың негізінде оперативті шешімдер қабылдаумен байланысты. Сондықтан экономикамызды дамытудың басты бағыты басқару жұмысын автоматандыру болып табылады. Барлық өндіріс орындарына, мекемелерге, оқу орындарына ақпараттық технологияларды орнату негізінде біз ғылымды, адам мүмкіншіліктерін дамыта түсеміз.

Қазіргі таңда заманауи ақпарттық құралдар мен компьтерлік технологияларсыз адамдардың жұмыс істеуі мүмкін емес. Кез-келген мекеме ортасында, жай кішкентай жекеменшік фирма болсын компьтерлік технологиямен қолдануда. Кез-келген құжат жүзінде орындалатын жұмысты автоматтандыруға болады.

20-ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі электрондық техника мен технологияның жылдам дамуына себеп болды.

Соңғы жиырма жылда адам тіршілік әрекетінің барлық сферасында ақпарат көлемі және айналымы айтарлықтай өсті: экономикалық, саясаттық, рухани және білімді жинап өңдеу, пайдалану процесі жылдам дамып келеді. Осыған байланысты жинақтауды басқаруға, өңдеуге және тиімді сақтауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған құралдарды пайдалану қажеттілігі туындайды.

Еліміз кең ауқымды әлеуметтік, саяси және экономикалық реформалар жүргізе бастады. Қазіргі уақытта Республикамыздың барлық аумағында әр түрлі қызмет түрлерімен айналысатын мекемелер өте көп. Кез келген мекемені алып қарастырсақ- даму преспективасын жасаумен шаруашылыққа әр түрлі формаларды қолданудың тиімділігін бағалау комплексі мен уақытында басқару шешімдерін оперативті өңдеумен байланысты аналитикалық жұмысын кеңейту шараларын жасау үстінде. Әр бір мекемнің қойылатын талабы ол- ақпараттық жүйенің автоматтандырылуының дамуы. Мәліметтерді техникалық құралдар арқылы өңдеу және пайдалануы, бөлімдерінің бағдарламалық қамтамасыз етілуі.

Осыған орай өндірістік тәжірибенің мақсаты- мекеменің берген жұмысына аса жауапкершілікпен қарау, «Қазақстан Республикасының Халық Банкі» басқармасында зерттелген мекеме туралы жалпы мәліметтер оның техникалық, бағдарламалық, ақпараттық қамтамасыз етілгендігі туралы деректер жинап оларды талдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]