Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
aspekty_zhauap (1).docx
Скачиваний:
36
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
81.67 Кб
Скачать

14) Атмосфера құрылымы, химиясы.

Атмосфера – бұл Жердің газдық қабаты. Оның қалындығы (1000-1500 км) магниттік паузамен шектелген) жердің радиусының төрттен бір бөлігін, ал тығыздығы судан мың есе төмен. Массасы 5 . 1015 т. Атмосфера тыныс алу, жылу режимін ұстап тұру, заттарды тасымалдау және биотаны космос сәулелерінен қорғаудан басқа бізді метеориттерден қорғау ролін атқарады. Планетедағы оттекті тірі заттектер 5200-5800 жылда тоық жаңартады. Ал оның барлық массасы тірі организмдер арқылы шамамен 2000 жылда өтеді. Атмосфералық көмір қышқылының тірі организмдер арқылы өтуі 300-395 жыл аралығында.

Атмосфераның құрылысы мен құрамы. Атмосфера жер бетінен жоғары қарай шамамен 3000 км-ге дейін созылады. Жоғарылаған сайын атмосфера-ның химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері өзгереді. Температураның өзгеруіне байланысты атмосфера бірнеше қабаттарға (сфераларға) бөлінеді.

Жер бетіне ең жақын орналасқан қабатты тропосфера деп атайды. Бұл қабат жер белдеулерінен 7-10 км-ден (полярлық бөліктерде) 16-18км (экватор үстінде ) биіктікке дейін созылады. Бұл қабатта ауаның 80%-ке дейін жинақталады. Тропосферадағы ауа әр түрлі бағытта әр түрлі жылдамдықпен үнемі тәртіпсіз қозғалып, өзгерып отырады. Қозғалыс нәтижесінде құрғақ ауа ылғалды ауамен, жылы ауа салқын ауамен алмасып тұрады. Негізгі бұлттардың түзелетін жері жылы қабат. Циклондар мен антициклондар осында өрбіп, өшіп отырады. Осыған қарай жер бетіндегі ауа райы тропосфераға қатынасты.

Атмосферадағы бөлшектср өздері таралған кеңістікте толассыз козғалыста болғандықтан, көлемі мен пішінін сақтамайды. Сондыктан ауаның белгілі бір жерде қысымы артса, қысымы аз жаққа ауысып отырады. Ауаның осындай козғалысынан жел пайда болады. Жер бетінен әр шақырымға көтерілген сайын ауаның температурасы 6,5 "С төмендеп отырады да, ал 18-20 км биіктікте төмендеу тоқтатылып, температура тұрақталады, шамамен — 56 "С болады. Атмосфераның бұл бөлігін тропопауза дсп атайды.

Жер бетінен 20-50 км биіктікте орналасқан келесі кабат –стратосфе-ра. Ауаның қалған бөлігі осы кабатта болады, жел екпіні төменгі кабаттармен салыстырғанда мұнда оте баяу келеді. 25 км биіктіктен кейін бұұл кабаттың жоғары бөлігінде әр шақырымға көтерілген сайын температура орта есеппен 6 "С-ге жоғарылап отырады. 46-54 км биіктікте орналаскан аралық стратопауза кабаты, онда температура 0 "С шамасында.

Атмосфераның 55-80 км биіктігінде орналасқан кабат - мезосфера. Бұл қабатта әр шақырымға жоғары көтерілген сайын температура 2-3 "С-ге төмендеп отырады. Келесі мезопауза деген қабатта түрақталған температура мөлшері 75 - 90 "С шамасында.

Жоғарыда қаралған кабаттардың үстіндегі атмосфера қабатында газ молекулаларының иондарға ыдырау қабілеті өте жоғары болғандықтан, оған ионосфера деген атау қолданылады. Бұл қабаттың калыңдығы бірнеше мыңдаған км-ге дейін созылады. Атмосфера қабатының нақты шекарасы аныкталмаған. Жер серікіері мен ракеталар арқылы алынған деректер бойынша атмосфера 10-20 мың км биіктікке дейін жайылған. Атмосфераның ең үстіндегі қабатын экзосфера деп атайды. Атмосфералық газдардың экзосферадан әлем кеңістігіне шашырай бастауына байланысты, сы қабатты планета аралық кеңістік деп те есептейді.

Атмосфераның химиялык құрамы 90 км биіктікке дейін тұрақты. Күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен 90' км-дейін жоғары жатқан атмосфера кабаттарында бұл тұрақтылық бүзылады, осыған орай оның химиялық күрамы да түрақсызданады.

Ауа қабаты планетамыздағы табиғаттың ең динамикалық бөлімі болып табылады. Жер бетімен атмосферадағы, гидросфера мен биосфера арасында газдармен, сумен және жылумен алмасу болады.

Атмосфера химиясы.

Атмосфераның жоғарғы қабаттары Жер бетіндегі тіршілікті анықтаушы болады. Бұл, оларды рентген, ультракүлгін сәулелермен және космос бөлшектерін қорғаушы тосқауылы болумен байланысты.

Термосфера.

Экзосферада газдар аз болады, ол сиретілген орта болғандықтан атмосфера химиясында шешуші роль атқармайды. Мұнда көбінесе сутек, гелий атомдары, ал төменректе оттек болады.

Атмосферадағы химиялық процестер жұықтап алғанда 250 км биіктіктен басталады. Мұнда азот пен оттек бар, ал су буы мен көмір диоксиді жоқ. Осы биіктіктен бастап, төмендегілерде (90-100 км) ультракүлгін сәулелерді сіңіру жүреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]