Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
aspekty_zhauap (1).docx
Скачиваний:
36
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
81.67 Кб
Скачать

12) Тұрақты даму констектінде экономикалық жаһанданудың даму индикаторлары.

«Тұрақтылық» концепциясы қазіргі заманғы жаһандануда және жаһандық балжауда ерекше маңызды орын алуда. Олардың генезисі 1970 жылдардың бірінші әлемдік моделдерінен басталуда, олардан көп көңіл аударылған теорияларға «өсу шектері» (the Limits of growth) және «тұрақты өсу» (sustainable growth) жатады.

Мұндай жобалардың авторлары және қолдаушылары «тұрақты даму» саясатының іске асырылуы «тұрақты қоғамның» қалыптасуымен (sustainoble society) тығыз байланысты екенін атап өтті. Олардың ішінде Браун «тұрақты қоғамды құру» (1987 ж.) еңбектерінде бұл идеяларды талдаудың алғашқы тірек нұсқасын жасады.

Жаһандық «тұрақтылық» теориясының маңызды кезеңі қоршаған ортаны қорғауда халықаралық комиссияның 1987 ж. баяндамасын жасаған «Біздің ортақ болашағымыз» баяндамасының жарияланумен басталды. Бұл зерттеушілер тобы БҰҰ тарапынан қолдау табумен қатар «тұрақты даму» (sustainable development) концепциясы идеясы ұсынылды.

Бұны, біріншіден қазіргі жағдайды зерттеулер мен ертеректе болашақтың «тұрақты даму» моделімен байланыстырушы деп, екіншіден бұл концепцияда жаһандық дамудың теориялық проблемаларымен оларды шешудің практикалық саяси, құқықтық ұсыныстарын байланыстарушы мағынасында қарастыруға болады

«Тұрақтылық» ұғымының түрлі түсіндірулерінің талдауы көпшіліктің бұл мәселе жөніндегі пікірлерінің қалыптасуы «тұрақты дамудың» өзіне әлдеқайда терең ойлы анықтама беруді қажет етті.

Барлық мағыналарды бойына сіңірген деп санауға болатын мұндай анықтаманы Х. Брунланд комиссиясы берді: Онда «Тұрақты даму» (sustainable development) ол – қазіргі уақыттың талаптарын қанағаттандырушы, бірақ болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруына қауіп төндірмейтін даму деп көрсетілген.

БҰҰ қоршаған орта және даму жөніндегі конференциясының (Рио-де-Жанейро 1992 ж.) декларациясында әлемдік бірлестіктің тұрақты даму жолында жетекшілік ететін 27 принцип баяндалған. Олар адамдардың денсаулығын, жемісті еңбек етуін, ресурстарды үнемді пайдалану, қоршаған ортаны сақтау және т.б. қамтиды. Сонымен қатар, жоғарыда айтылғандай әрбір ел өзінің ұлттық стратегиясын тұрақты даму индикаторы негізінде принциптер біртұтастығында қатысуын дәлелдеуі мүмкін.

Индикатор – бұл біздің қайда екенімізді анықтауға көмектесетін, мақсатқа жету үшін қандай жолмен жүруіміз керегін көрсетуші. Ол проблеманы көруге және оны қалай шеше алатынымызды анықтаушы. Әсіресе тұрақты даму индикаторы экономика мен қоршаған орта, социум байланыстары нашар жерлерде өте қажет болады. Мысалы, денсаулық проблемалары бар бір социумда негативті тенденцияларды анықтау бола алатын дағдарыстың, өнімдерін алдын алуға көмектесуі. Тұрақты дамуды бір емес бір неше индикатордың бір-бірімен байланыста әрекеттесуін пайдалану жақсы нәтиже бере алады.

Индикаторлар жүйесінде аймақтық дамудың үш аспекті сипатталады: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық. Алдымен әлдеқайда маңызды бірінші деңгейдегі индикаторлар дей алатын көрсеткіштер алынады.

  • Экономикалық даму индикаторлары: аймақтық жиынтық өнім (АЖӨ), қаланың немесе аймақтың инвестициялық тартымдылығы (АИТ).

  • Әлеуметтік индикаторлар: өмір сүру ұзақтығы (халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы), демографиялық құрылымы, демографиялық жүктеме, жүмыссыздық деңгейі, құқық бұзушылық деңгейі және миграция көрсеткіші.

  • Қоршаған ортаның күйін анықтаушы индикаторлар: атмосфералық ауаның сапасы, жер беті суларының сапасы, топырақтың ластылығы, қалдықтардың түзілуі және оларды механикалық өңдеу деңгейі, шу, дүрсілмен ластану деңгейі. Бұларды үш топқа біріктеруге болады.

`13) Тұрақты дамудағы ғылыми келіс (әдіс). Шаруашылық сыйымдылық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]