Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.24 Mб
Скачать

42. Регенератордың жұмыс жасау принципиалды-технологиялық сызбанұсқасын жазыңыз

Регенератор- насадкалармен толтырылған периодты жұмыс істейтін камера. Алдымен реакциялық аппараттан шығатын ыстық газдар (1) арқылы өтеді. Газдар насадкамен (2) жанасып, оған жылуды беріп салқындайды, ал насадка қызады. Содан кейін ыстық реакциялық газдарды жіберу тоқтатылады да, ыстық насадка арқылы суық газдар жібереледі. Суық газдар қыздырылады да, насадка салқындайды. Салқындатылған насадка арқылы газдар жіберіліп, процесс жалғастырады. Үздіксіз процесс жасау үшін екі регенератор орнатады. Бір камера насадкалардың қыздырылуына жұмыс істесе, екінші камера арқылы суық газдар жіберіледі де, жылу алмасу жүреді. Белгілі бір аралық уақытта газ ағысы автоматты түрде тоқтатылады. Регенераторлар 700-800 С және одан жоғары температурасы бар газдар үшін қолданылады.Төмен температуралық газдарды қолдану үшін қосымша рекуператорлар орнатылады.

43. Суды тұзсыздандырудың принципиалды-технологиялық сызбанұсқасын жазыңыз

Суды тұзсыздандырудың принципиалды-технологиялық сызбанұсқасы

H1 и H2 – 1-2 сатыдағы катиондық фильтрлер; A1 и A2 – 1-2-сатыдағы аниондық фильтрлер,Д – декарбонизатор, БДВ – декарбондалған суы бар бәк; H2SO4 – Н-катионын регенерациялау үшін қолданылатын қышқыл; ОН-анионын регенерациялау үшін қолданылатын сілті.

Суды тұзсыздандырудың принципиалды-технологиялық қондырғысы жұмыс үшін қолайлы.Олар жоғары сапалы өңделген суды алууды қамтамасыз етеді. Олар ауыз суының нормасын қамтамасыз ететін барабандық қазандықтармен жабдықталған.

45. Әк-содалы әдіспен суды жұмсартудың принципиалдық сызбанұсқасын жазыңыз.

Су - су бөлгіш 1 арқылы сөндірілген әк қосылған сатураторға 2 сосын смесительге 3 беріледі. Дозатордан 8 смесительге соданың ерітіндісі түседі, сосын тазаратын судың ағыны реагенттермен бірге реакционды камера 4 -конустық трубаға өтеді.Реакционды камерадан су тұрақтандырғышқа 5 түседі,онда тұрақтандырғыштың төменгі бөлігінде кейіннен жойылатын ерімеген қалдық шлам бөлінеді Жұмсартылған су тұрақтандырғыштың жоғары бөлігінде орналасқан фильтрге 6 өтеді және сақиналы науа 7 арқылы құрама резервуарларға жіберіледі,кейін өндіріске түседі.

46. Этил спиртін өндірудің технологиялық сызбанұсқасын жазыңыз.

  1. Этиленнің компрессоры 2-циркурлеуші компрессор 3- жылу алмастырғыш 4-гидрататор 5- утилизациялаушы қазандық 6- жоғары қысымды сепаратор 7- дроссель 8- төмен қысымды сепаратор 9- жеңіл фракцияны айдайтын колонна 10- этанолды калонна 11-конденсатор.

Жаңа салынған этилен компрессорда 1 8 МПа дейін сығылады және алдын ала компрессор 2де сығылған циркурлеуші газбен араластырылады. Алынған қоспа реакцияның өнімдерімен жылу алмастырғышта 3 300⁰С ға дейін қыздырылады, кейін 8 МПа қысыммен берілетін бумен 450⁰Сға дейін араластырылады.Пайда болған бу газды қоспа реакторға,яғни гидрататорға 4 түседі. Шығынның орнын толтыру үшін бу газды қоспаға фосфор қышқылы енгізіледі.Фосфор қышқылымен әкетілген ағынды бейтараптандыру үшін этанолдың буынан, су және реакцияға түспеген этииленнен тұратын реакция өнімін натрий гидроксидінің ерітіндісімен өңдеу қажет.Сосын жылу алмастырғышта 3 суытып, утилизациялаушы қазандыққа 5 жібереді.Утилизациялаушы қазандықтан 5 өнімдер жоғары қысымды сепараторға 6 түседі де, одан компрессор 2де бөлінетін циркуляционды газ бөлінеді. Құрамында жалпы этанолдың үлесі 15% болатын спиртті сулы конденсатты 5 МПа ға дейін дроссель 7 арқылы дроссельдейді және төмен қысымды сеператорға 8 жібереді. Онда одан жануға жіберілетін еріген газдар бөлінеді. Сепаратордан конденсат колоннаға 9 беріледі, онда одан диэтил эфирі мен ацетальдегид айдалады. Сосын колонна 10ға жіберіледі,онда құрамында жалпы спирттің үлесі 95% болатын суы бар азеотропты қоспа түріндегі этанол айдалады.

47. Қайнайтын қабатты катализатор қатысындағы каталитикалық крекингтің принципиалды-технологиялық сызба-нұсқасы.

1-сурет. Қайнайтын қабаттың катализатор қатысндағы каталитикалық крекингтің принципиалды- технологиялық сызбанұсқасы

1-жылуалмастырғыш; 2-пеш; пеш; 3-реактор «КС»; 4-ректификациялық колонна; 5-тоңазытқыш-конденсатор; 6-сепаратор; 7-қаныққан булы колонна; 8-тоңазытқыш; 9-шламайырғыш; 10-араластыру буыны; 11-регенератор; 12-қазандық -утилизатор; 13-электрофильтр.

1-суретте қайнайтын қабаттың катализатор қатысндағы каталитикалық крекингтің принципиалды- технологиялық сызбанұсқасы көрсетілген. Катализатор 1-А/ 1-M қатысында. Крекингіленетін шикізат жылуалмастырғыш(1) арқылы пешке (2) беріледі. Қыздырылған шикізат рециркулятпен (ауыр фракция бөлігі) араластырылады және катализаторөткізгіш арқылы крекинг реакторына(3) келіп түседі. Реактордың төменгі қаныққан булы аймағына сулы бу жіберіледі, бұл катализаторды үрлеу үшін қолданылады. Реакция өнімдерінің буы және сулы бу 450 градус температурада рактордың (3) жоғарғы бөлігінен төменгі бөлігіне, ректификациялық колоннаға (4) келіп түседі.

Бензин буы және сулы бу колоннаның (4) жоғарғы бөлігінен іріктеліп алынады, содан соң тоңазытқыш- конденсатор (5) арқылы өтіп, сепараторға (6) келіп түседі, бұл жерде сулы қабат, бензин қабаты және газ бөлінеді.

Дизельді отын және ауыр фракция қаныққан булы колонна (7) арқылы өтеді, жылуалмастырғышта (1) және тоңазытқышта (8) суытылады, содан соң өнім ретінде жіберіледі. Ауыр фракция бөлігі рециркулят түрінде шикізатпен араластырылып реакторға (3) беріледі, ал қалған бөлігі колоннаның (4) төменгі бөлігіне жіберіледі. Крекингтің ауыр сұйық өнімдерінің қоспасы және катализатор шаңы колоннаның (4) төменгі бөлігінен шламайырғышқа (9) келіп түседі, ал ароматты көмірсутекпен байытылған декантат қондырғыдан алынады.

Бұл процесте катализатор қайнап жатқан бөліктен реактордың қаныққан булы аймағына түседі және катализаторөткізгіш арқылы ауамен араластырғыш буынына (10) жіберіледі. Бұдан ауамен араласқан катализатор регенераторға (11) ауыстырылады, бұл жерде қайнайтын қабат пайда болады. Коксты өртегенде пайда болған газ қазандық- утилизатор (12) арқылы өтеді, катализатор шаңын ұстап қалатын электрофильтр (13) атмосфераға жіберіледі. Регенерацияланған катализатор регенератордың (11) төменгі бөлігі арқылы шикізатпен бірге және рециркулятпен реакторға (3) қайта келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]