Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.24 Mб
Скачать

33. Метил спиртін өндірудің принципиалды-технологиялық сызба-нұсқасы.

1-сурет. Төменгі қысымда метанолды синтездеудің технологиялық сызбанұсқасы.

1-турбокомпресор, 2-циркуляциялық компессор, 3,7-мұздатқыш, 4-бөлгіш, 5-адсорбер, 6-адиабаталық әрекеттегі реактор, 8-жылуалмастырғыш, 9-утилизатор-қазан, 10-бөлгіш, 11-дрюссель, 12-шикі метанолды жинағыш, 13,14-ректификациялық колонна.

Мырыш-мыс-алюминий катализаторында метанол өндірудің технологиялық сызбанұсқасы 1-суретте келтіілген.

Конверсиялау арқылы алынған метанол үшін төмендегідей құрамдағы, синтез-газ қолданылған: H2-67%, CO-22%, CO27

Күкірт қосылыстарынан тазартылған синтез газ (1) компрессорда 5-9 МПа дейән қысылып, (3) мұздатқышта салқындап конденсирленген суды бөлу үшін (4) бөлгішке түседі. Синтез-газ бөлгіштен өтіп циркуляциялық газбен (қысымы 2 МПа) араласып адсорберге барады. Бұл жерде газ темір пентакарбинолдан азаланып екіге бөлінеді. Газдың бір бөлігін (8) жылуалмастырғышта жылытып (6) реактордың жоғары жағынан кіргізеді, ал екінші бөлігін температураны реттеу үшін катализаторлардың арасынан енгізеді. Реактордан өткен қоспа 300 градус температурада тағы да екіге бөлінеді. Бір бөлігі (8) жылуалмастырғыштан өтіп синтез газды жылытады, ал екінші бөлігі жоғары қысымды бу өндіретін (9) утилизатор-қазан арқылы өтеді. Бұдан соң екі бөлінген газ қосылып (7) мұздатқышта салқындап жоғары қысымды (10) бөлгішке барады. Бұл жерде спирт конденсаты циркуляциялық газдан бөлінеді. Циркуляциялық газ (2) компрессорда 2 МПа дейін қысылып қайтадан циклдің басына қайтарылып синтезге түседі. (11) дрюссельде шикі метанолдың қысымы атмосфералыққа дейін түсіп (12) жинағыш арқылы ректификацияға барады. Конденсат негізінен шикі метанол (13) ректификациялық колоннаға барып, оның жоғары жағынан (5) реакция бойынша диметилэфирі бөлінеді де, төменгі жағынан кубтық сұйық (14) колоннаға барады. Бұдан жоғары жағынан метанол, төменгі жағынан (І) реакция бойынша түзілетін жоғары спирт бөлінеді.

Бұл сызбанұсқаның артықшылығы таза метанол алынып және жанама реакцияларда бөлінетін өнімдерді де бөліп алады. Метанолдың жалпы шығымы 95% тазалығы 99,95%.

34. Вискоза талшығын өндірудің принципиалды-технологиялық сызба-нұсқасы.

1-сурет. Вискозды талшықты формаға келтірудің технологиялық сызбанұсқасы

1-вискозаөткізгіш; 2-иіру насосы; 3-шамды фильтр; 4-червяк; 5-тұндырғыш ванна; 6-фильера; 7-иіру дискісі; 8-воронка; 9- формалы талшық(жіп); 10-центрифугалы ыдыс(кружка); 11- центрифугалы электроқозғалтқыш.

Фильтрленген және дегаздалған иірілген ерітінді (вискоза), жалпы вискозаөткізгіштен(1) иіру насосымен (2) сорып алынады, шамды фильтр (3) арқылы соңына дейін тазартылады және червяк (4) трубасы арқылы фильераға (6) беріледі, содан соң тұндырғыш ваннаға жүктеледі. Фильерадан шыққан вискоза буыны ваннада жайылады, пайда болған талшық иіру дискісімен (7) бекітіледі және воронка (8) арқылы өтіп, 6000-9000 айн./мин айналып тұрған центрифугалы ыдысқа (10) келіп түседі. Ортадан тепкіш күш арқылы жіп ішкі ыдыс қабырғасына жіберіледі және «кулич» пайда болады. Иіру дискісінен воронканын төменгі бөлігіне дейін талшықтың оратылуы және комплексті жіптің пайда болу процесі жүреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]