Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.24 Mб
Скачать

35. Термиялық крекингтің принципиалды-технологиялық сызба-нұсқасы.

1-сурет. Термиялық крекингтің принципиалды технологиялық сызбанұсқасы

1-жеңіл крекинг пеші (трубалы пеш); 2-ауыр(терең) крекинг пеші(трубалы пеш); 3-реакциялық камера; 4-буландырғыш; 5, 6-ректификациялық колонна; 7-конденсатор; 8-газбөлгіш.

Мазуттың термиялық крекинг процесінің сызбанұсқасы 1-суретте көрсетілген. Шикізат ең алдымен ректификациялық колоннаға (5) беріледі, ол жерде шикізат крекинг өнімінің ауыр фракциясымен араласады және де трубалы пешке (1) келіп түседі, бұл пеште 470-480 градус температурада крекинг процесі жүреді. Осы крекинг процесінде пайда болған сұйық қоспа реакциялық камераға (3) келіп түседі, бұл крекинг процесінің аяқталуының 500 градус температурада және 0,2-0,25 МПа қысымда өтуі үшін. Осыдан кейін буландырғышта (4) ауыр крекинг өнімінің бөлінуі жүреді, ал булы өнім екі ректификациялық колоннаға (5,6) өтеді. Колоннаның (6) төменгі бөлігінен солярлы фракция (газойль) бөлініп алынады, яғни ол трубалы пешке (2) келіп түсетін, бұл жерде 510-530 градус температурада крекингіленеді, содан кейін реакциялық камераға (3) келіп түседі және бұдан кейін цикл қайта қайталанып отырады. Мазуттың термиялық крекинг процесінің нәтижесінде (35-45%) бензин, (10-15%) крекинг-газ,

(50-55%) крекинг-қалдық алынады.

36. Катализатордың қозғалатын қабаты бар каталитикалық крекингтің принципиалды-технологиялық сызбанұсқасын жасаңыз.

Өндірісте катализатор қабатының орналасу жағдайына байланыста каталитикалық крекинг негізгі 3 типке бөлінеді:

  • Катализатордың стационарлы қабатының периодты жүзеге асырылуы арқылы болтын крекинг;

  • Қозғалмалы қабатты катализатор қатысындағы каталитикалық крекинг;

  • Қайнайтын қабатты катализатор қатысындағы каталитикалық крекинг.

1-сурет. Қозғалмалы қабаттың катализатор қатысндағы каталитикалық крекингтің принципиалды- технологиялық сызбанұсқасы

1-жылуалмастырғыш; 2-пеш; пеш; 3-реактор «КС»; 4-ректификациялық колонна; 5-тоңазытқыш-конденсатор; 6-сепаратор; 7-қаныққан булы колонна; 8-тоңазытқыш; 9-шламайырғыш; 10-араластыру буыны; 11-регенератор; 12-қазандық -утилизатор; 13-электрофильтр.

1-суретте қозғалмалы қабаттың катализатор қатысындағы каталитикалық крекингтің принципиалды- технологиялық сызбанұсқасы көрсетілген. Катализатор 1-А/ 1-M қатысында. Крекингіленетін шикізат жылуалмастырғыш(1) арқылы пешке (2) беріледі. Қыздырылған шикізат рециркулятпен (ауыр фракция бөлігі) араластырылады және катализаторөткізгіш арқылы крекинг реакторына(3) келіп түседі. Реактордың төменгі қаныққан булы аймағына сулы бу жіберіледі, бұл катализаторды үрлеу үшін қолданылады. Реакция өнімдерінің буы және сулы бу 450 градус температурада рактордың (3) жоғарғы бөлігінен төменгі бөлігіне, ректификациялық колоннаға (4) келіп түседі.

Бензин буы және сулы бу колоннаның (4) жоғарғы бөлігінен іріктеліп алынады, содан соң тоңазытқыш- конденсатор (5) арқылы өтіп, сепараторға (6) келіп түседі, бұл жерде сулы қабат, бензин қабаты және газ бөлінеді.

Дизельді отын және ауыр фракция қаныққан булы колонна (7) арқылы өтеді, жылуалмастырғышта (1) және тоңазытқышта (8) суытылады, содан соң өнім ретінде жіберіледі. Ауыр фракция бөлігі рециркулят түрінде шикізатпен араластырылып реакторға (3) беріледі, ал қалған бөлігі колоннаның (4) төменгі бөлігіне жіберіледі. Крекингтің ауыр сұйық өнімдерінің қоспасы және катализатор шаңы колоннаның (4) төменгі бөлігінен шламайырғышқа (9) келіп түседі, ал ароматты көмірсутекпен байытылған декантат қондырғыдан алынады.

Бұл процесте катализатор қайнап жатқан бөліктен реактордың қаныққан булы аймағына түседі және катализаторөткізгіш арқылы ауамен араластырғыш буынына (10) жіберіледі. Бұдан ауамен араласқан катализатор регенераторға (11) ауыстырылады, бұл жерде қозғалмалы қабат пайда болады. Қозғалмалы қабат пайда болған кезде диффузия процесі жүреді.Катализатордың ауамен араласуы нәтижесінде дффузия процесі жүреді, катализатор өте активті болады және кокстың өртелуі жүреді. Катализатордың активтілігі кокстың өртелуімен жүзеге асырылады, 550-600 градус температурада ауа қатысында. Коксты өртегенде пайда болған газ қазандық- утилизатор (12) арқылы өтеді, катализатор шаңын ұстап қалатын электрофильтр (13) атмосфераға жіберіледі. Регенерацияланған катализатор регенератордың (11) төменгі бөлігі арқылы шикізатпен бірге және рециркулятпен реакторға (3) қайта келеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]