Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-40.docx
Скачиваний:
121
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
43.21 Кб
Скачать

31.Абай мен Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын салыстырыңыз.

Қазақ халқының философиялық – қоғамдық ой пікірлерін зерттеу ХХ ғасырдың басынан қолға алынды. Бірақ бұл зерттеулерде сыңаржақ көзқарас басым. Ол кезде қоғамдық ойдың қалыптасуын таптық тұрғыдан қарастырды. Бұл бағыт, әрине, ғылымның объективті дамуына кері әсерін тигізді. Барлық даналықты батыс ойшылдарынан, басқадан іздеген кезде ұлттық философиялық ой - пікірлердің тарихына көз жіберуге үстемдік еткен тоталитарлық жүйе мүмкіндік бермеді.

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.

Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.

Алдымен, Абай өз поэзиясында 1889 жылдан өмірінің соңына дейін түп иені танып білу жолында жүрек культін көтере жырлау арқылы толық адам ілімінің негізін салуға батыл қадам жасауға ұмтылды. Бұл ұмтылысты Шәкәрім дәстүрлі жалғастыра дамыту арқылы XІX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басындағы әдебиетте философиялық лириканы классикалық биік деңгейге көтере білді. Ұстазы хакім Абай мен шәкірті Шәкәрім ақиқатты танып білуге жантану ілімі арқылы бару жолын ұстанды. Әсіресе, бұл өте күрделі, шешуі қиын, салмағы зіл батпан мәселені Шәкәрім XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ояну дәуірінде мүлде тереңдей зерттеп, соны таным, тың ойлар желісін тартты. Әрі оны философиялық лирика табиғатына сай молынан қамтып, зерлеп, зерттеп терең мән бере қарады.

Анығына келсек, Абай мен Шәкәрімдегі философиялық лириканың өзекті тақырыбына айналып отырған аса күрделі де ұғынуы қиын ғарыштық танымдағы жантану ілімі туралы мәселе таза ақыл қуатымен танып жырланған өзіндік қайталанбас терең сыры бар тылсым құбылысқа айналды. XІX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында ағайынды ой алыбы Абай мен Шәкәрімнің ғарыштық тылсым сырға толы жантану ілімін философиялық лирика жанрының өзекті тақырыбына айналдырып, соны ой, тың таныммен жырлау деңгейіне сол тұстағы батыс пен шығыс ақындарының қолы жете бермеуі де көп нәрсенің сырын аңғартса керек-ті. Қазақ поэзиясындағы философиялық лириканың сапалық деңгейі мен идеялық өрісінің шарықтау шегін танытатын осы бірегей рухани құбылыстың тетігі жантану ілімімен ұштасуында жатса керек-ті. Қазақ философиялық ойының ең басты ерекшелігі – оның шынайы патриотизмі, халқына деген сүйіспеншілігі, оның болашағы, бақыты үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз мүмкіндігінше көрсете білуі. Қазақ философиялық ойының тарихы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Онда халықтық таным процесімен ұлттық ойлау жүйесі көрініс тапқан. Халықтық сана – қоғамның өсуі, тоталитарлық жүйенің күйреуі, тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, философиялық ойлаудың жаңа түрлері адамзаттың тұтастығы мен ерекшеліктерін бүгінгі заман талабына сай қарастыра отырып, дамытуға мүмкіндік туғызады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]