Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-40.docx
Скачиваний:
121
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
43.21 Кб
Скачать

39.Сана және бейсаналылық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.

Cана –ойлаудың ең жоғарғы формасы. Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі.Қоғамның даму тарихында оның өзіндік ерекшелігі, белсенділігі бар. Сол шығармашылық белсенділігі арқылы сана қоғамға, болмысқа әсер етеді, оны өзгертуге мүмкіндік береді. Сана – адамдардың еңбегімен тығыз байланысты. Еңбек – адамның табиғатқа қатынасы. Ол тек жай ғана процесс емес, адамды өзгертетін процесс. Еңбек өзінің даму жолында адамдардың қабілетіне байланысты оның өзін де дамытады, сонда ғана еңбектің мәні, адамдық негізі айқындалады.Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына

барша танымдық процестер енді: түйсік,қабылдау, ес, ойлау, қиял. 1) Санада субъекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық əлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика əрекетінің бағытын өзінебұруға қабілетті.

2)Сана – мақсат болжастыру əрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-əрекетінің сипаты мен тəсілдерін алдын–ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады.

Осыдан, сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп-салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау,іс-əрекеттің орындалу жолын айқындау т.б.

3)Сана құрылымында əрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды. Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес жəне мəңгі өмір сүретін, ешқашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жаңды ұшып жүретін шыбынға балаған. Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген.

Ғылыми мəліметтерге сүйнер болсақ, сана дегеніміз – барлық материяның жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін дəлелдеді. Сана адам миына байланысты пайдаболады, ал ми оның мекені. Сана адам миықызметінің желісі. Бірақ ми түрлі жанжануарларда да бар. Ал сана тек адам миыныңғана жемісі.Сана бір жағынан жинақталған білім,екінші жаынан таным процесі.

Бейсаналық - саясатқа енжарлық; қоғамдық-саяси өмірге қатысудан бас тарту. 1.Адам мінез-құлқындағы сананың қатысуынсыз, ойламай, дағдыға айналған қасиет арқылы әрекет жасау; 2. Фрейд концепциясындағы психикалық энергияны білдіретін ұғым. Бейсаналық адам мен жануарлар арасындағы ұксастықты, туыстықты аңғартады Арт-терапияның дамуына едәуір әсер еткен. З. Фрейдтің бейсаналық туралы ілімі, персональді және әмбебаптық символдар туралы ілімі болып табылады. Фрейд тұлға проблемаларын зерттеумен шұғылданды және неврозды емдеудің ерекше әдісін ойлап тапты. Фрейд теориясы мен практикасында санасыз күй мәселелері ерекше орын алды. Адам саналы түрде қабылдамайтын процестерге деген қызығушылық Фрейдтің бойында оның дәрігерлік қызметінің бастапқы кезеңінде пайда болды. Фрейд өзінің санасыздық күйі теориясын жасадыФрейд психологияға келгенде бұл ілім сана туралы ғалым деп саналды. Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене отырып санасыздық күйкүштерін зерттей бастады. З.Фрейдтің бұл жердегі батыл қадамы санасыздық күйі психикасының түрі қалтарыстарын зерттеуде болды. Адамның жан дүниесінің құпияларына барар жолды ол сана психологиясынан да, физиологиясынан да емес санасыздық күйі психологиясынан іздей бастады. Емдеу процесінде санадан жасырын ойлар мен сезім күйлерін тану қажет болды. Бастапқыда ең басты және жалғыз қару гипноз болатын. З.Фрейдтің шеберлігі Брейрге қарағанда жеткіліксіз еді. Гипнозға қанағаттанбаған ол басқа құралдарды іздестіре бастады. Фрейд тапқан жаңа терапиялық құрал «еркін ассоциация» деп аталатын ассоциация түрлері еді. Олар көптеген жылдар бдойы психоанализдің негізі болып келді. «Ассоциациялар» ұғымы – психология ғылымындағы көне ұғымдардың бірі. Бұл термин Платон мен Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Ассоциациялардың құрылу заңдылығын ғасырлар бойы психологияда ең басты нәрсе еді. Мысалы адам бір затқа қарай отырып оның иесін есіне алады. Өйткені бұрынырақта олар бір мезгілде қабылданса олардың мидағы іздері арасында өзара байланыс, яғни ассоциация пайда болған. З.Фрейд ассоциацияларды санасыз түрдегі іс-әрекеттерді зерттеуге жол табу үшін қолданған. Бұл үшін ассоциациялар еркін болуы тиіс. Яғни сананың қабылауынан тыс болады. Психоанализдің басты үрдісі осылай туған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]