Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-40.docx
Скачиваний:
121
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
43.21 Кб
Скачать

32. Абай философиясындағы негізгі идеяларының мәнін ашып көрсетіңіз.

Қазақ ағартушылығанда, қазақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы (1845-1904) болды. Оның шығармашылық мұрасы өлең , дастан, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай- қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Құдай- өз заңдары б/ша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Дінбасылары насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақыл мен танымды қарсы қойды. А. Қ. Өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі ,халқына деген қамқорлығымен әлемге танылды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол , күрделі .Оны біржақты бағалау , бір бояумен көрсету мүмкін емес. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, 43-қара сөзінде адам «... көзбен көріп,құлақпен естіп,қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады»-дейді.Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық тұжырымдар бейнесін көруге болады. Фил/яның негізгі мәселесі Абай шығармаларында кеңінен талқыланады деуге болады.Ақынның эстетикалық ж/е этикалық мәселелер жөніндегі ой-пікірлері сол кездегі қоғамдық ойдың үлкен белгісі болып табылады. Абай шығармашылығындағы негізгі тақырып моральдық проблемалар десек қателеспейміз. Қоғам өмірін түсінуде Абайдың көзқарасы , әрине, идеалистік тұрғыда болды. Ол кезде қазақ халқының әлеум. даму деңгейі төмен болуы себебінен қоғамның обьективтік заңдылықтарын дәл анықтау өте қиын еді. Орыстың алдыңғы қатарлы демократтарымен таныс болып, пікірлескен Абай реформалық талпыныстарының жүзеге аспайтынына бірте-бірте көзі жетеді.Қазақ елінде бай,кедей болып бөлінген таптардың арасындағы тартысты Абай айқын көреді. Аянбай еңбек ету арқасында ғана адам дұрыс тұрмыс құра алады, ағайын-туысқа шапағаты тиіп,құрметке бөленеді деп тұжырымдайды.Абайша, сену үшін алдымен түсіну қажет. Абай адам мәселесінің оның қайшылыққа толы қоғамдық болмысы аясында қарастырады.Осыдан келіп, адамның әлеуметтік белсенділігі, шығармашылық мүмкіндігінің шексіздігі туралы идея туады. Ал адам – өз тағдырының қожасы ж/е құрушысы . Адам тіршілігінің бірегейлігі ,жердегі тіршілігінің құндылығы, әр адам жанының қайталанбас сонылығы идеялары- Абай тұжырымдамасындағы негізгі идеялар. Өз шығармаларында ол адамға мейірбандық көрсету,сұлулыққа ұмтылу-жоғары имандылық қасиетінің белгісі , көрінісі деп айтудан жалықпайды.Адамдардың әртүрлілігі жайлы айта келіп, Абай әр адамның өмірінде өз орнын табуының маңыздылығын атап көрсетеді.Адамның өз орнын, өзін табуына жол сілтеу, бағыт беру- ағартушының , бұхараны тәрбиелеушінің бірінші міндеті осы деп біледі.Осыдан келіп «Адам бол!» деген Абай этикасының негізгі принципінің мағынасы мен мәні ашыла түседі.Әр адам өзінің шығармашылық мүмкінділігін іске асырып, өзін жетілдіре алады ж/е жетілдіруі тиіс.

Абай-ұлы гуманист. Абстрактілі, утопиялық сарынды гуманист. Ол құдай идеясын адамнан жоғары сырт күш деп қабылдайды. Абай адам мәселесін этикалық , қоғамдық саяси, т.б. аспектілерде ғана қарастырып қоймай , толық фил/лық дәрежеде ұғынуға ұмтылғанын атап өтуіміз қажет . Өз халқын шын пейілмен сүйген Абайға ұлтшылдық,шовинизм,діни төзімсіздік жат. Ол өз халқын бір орында тұрып қалмауға,тұйықталмауға,рухани байлықтарын әр халықтың, соның ішінде орыс халқының жетістіктерімен байытуға шақырады.Абайдың өмірі, шығармалары терең адамгершілік мағынаға ие ж/е ағартушылық –тәрбиелік мәні жағынан баға жетпес құнды дүние.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]